3 І тарау. Дарындылық туралы шетел және кеңес психологтарының ғылыми теориялық ой – пікірлері



бет4/12
Дата17.10.2023
өлшемі399 Kb.
#186228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дарынды балармен жұмыс
Абдигали Ұлдана “Бизнес жоспар”, силл КондКүйФ, 842838, Философия реферат
1.3.Дарындылық түрлері
Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан – жақты. Бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні, бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе, енді бірі мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқайды. Мұны сезіну мен ақылмен түсіну екі түрлі іс. Өзін дұрыс бағалай білу үшін басқа адамдармен де тығыз байланыста болып, ортақшылығының аз ғана екенін мойындау керек. Баланың таным процестері қабылдауымен тәжірибесіне байланысты.
Сондықтан тек сөзіне ғана қарап, талантты деу дұрыс бола бермейді. Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты неге күйге келіп, нені істей алмайтынын біледі. Ал қоршаған ортадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды.Әрі ол өзін қоршаған адамдардың, ата – анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады. Ата – ана үшін өз баласының әрекетін бақылап, бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Ең қиыны бағалау мен мейірімін реттеу. Дарынды бала тәрбиелейтін ата – ана өзінің мінезін бағалағаны жөн. Шектен тыс әсірелеу, талантты балаға кері әсер етеді.
Баланың өзін - өзі бағалап, кім екенін түсінуі ата- ананың бағалауына байланысты. «Әке балаға сыншы» деп халық бекер айтпаған. Ата – ананың «мен баламнан нені көремін, несін қадірлеймін, ұнатамын, оны балама қалай білдіремін?» деген сұрақтарға өзінен жауап іздегені абзал. Сонда ғана ата – ана оның көп қырлы талантын дәл әрі толығырақ ашуға көмектеседі. Отбасында дарынды бала тапсырмаларды басқаларға қарағанда шапшаң, нәтижелі істейді.Сондықтан оларға түрлі затты әр адам әр түрлі деңгейде меңгеретінін түсіндіру керек. Оның бұл салада қабілетінің басым екенін айту мен бірге мейірімділік пен сүйіспеншілік, төзімділік пен басқа адамға көмектесу керектігін бойына сіңірген абзал. Ақылды, дарынды бала көбіне құрдастарына нұсқау бергенді ұнатады. Әйтпесе ол зерігеді. Мұндайда ең тиімді әдіс балаға шешімі күрделірек тапсырма беріп, оның уақытын тиімді пайдалануға жағдайды қалыптастыру.
Дарынды балалармен жұмыс істеуде психолог мамандардың атқаратын орны бір бөлек. Жек адамның қалыптасу заңдылығын білу мұғалім үшін объективті түрде педагогикалық мақсаттар қоюға және де оқу – тәрбие жұмыстарын нәтижелі түрде жүргізуге өз жәрдемін тигізеді. Дарынды оқушыны зерттеу үшін психологиялық тұрғыда бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болады. Оның құрылымындағы ең басты бөлік – оның бағыты. (Өмірлік позициясы, сенімі, талғамы, қызығуы). Екінші бөлік – жеке адамның танымдық – психикалық қасиеттері (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял). Үшінші бөлік – адамның сезімі және серігі. Төртінші бөлік – жеке адамның темпераменті (мінез – құлқының табиғи ерекшелігі). Бесінші бөлік – жеке адамның мінезі (психикалық сипаты). Алтыншы бөлік – жеке адамның қабілеті (іс - әрекет мүмкіншілігі).
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.
Дарындылық - адам бойындағы қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейде дамуы, iс-әрекет барысында ерекше жетiстiкке жетуi.
“Дарындылық” ұғымы “сый” (“дар”) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғы шарттарын білдіреді.
Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс - әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.
Дарындылық төмендегі ұғымдармен байланысты:
Шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекше-ленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабiлетiліктiң, бiлiм мен біліктіліктің, түрткінің болуы.
Талант – қабiлеттiлiктiң жоғары деңгейi.Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен ерекшеленетін еңбектерінің болумен сипатталады.
Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар , шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғарғы деңгейi.
Қабiлеттiлiк – адамның өз бейiмдiлiгi арқылы, шығармашылықпен жұмыс iстеу арқылы қалыптасқан қасиет.
Дарынды балабұл, iс-әрекет барысында асқан талантымен, ерекше қабiлетiмен танылған, жоғары жетiстiкке жетуге талпынушы.
Белгiлi психолог Н.С.Лейтес дарынды баланың негiзгi қасиеттерi мыналар деп атап көрсетедi:

  • ұқыптылық, жинақтылық, зейiннiң тұрақтылығы, еңбек ету қабiлетiнiң жоғарылығы;

  • ақыл-ой, логикалық ойлауының тездiгi, кез-келген жағдайды талдап салыстыра бiлуi;

  • барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуi;

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған.
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған. Батыс хан патшалығында жалпы дарындыларды іріктеп тәрбиелейтін әдістемелік “Тоңцзыкэ” деп аталатын арнайы ереже болған және ол арнайы бөлімнің қызметін атқарған.
Әлем және қазақ тарихынан біз, Моцарт, Рафаэль, Пушкин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов сынды дарынды адамдар өткенін білеміз. Қазіргі кезеңде де талай талант иелерінің қасиеттері туралы материалдарда жарыққа шығып жатыр.
Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін дарынды балалардың қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше. Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап дарын иелерінің қабілеттерін ашу ұстаздардың бірден – бір міндеті болып саналады. Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты. Сондықтан да ұстаз талантты тауып, танып, таныта білуі керек.
Сынып жетекшісі баланы тәрбиелеп ғана қоймай, оның жеке қасиетін ашушы, танушы, танытушы тұлға болып саналады.
Дарындылық белгiлерi - дарынды бала бойындағы ерекшелiк, ол шынайы iс-әрекет пен бақылаудың бағалау жолдарымен пайда болатын iс-қимыл.
Балалар дарындылығын шешуде бiр-бiрiмен тығыз байланысқан үш параметрге назар аударылады: таным қасиетiнiң дамуы, психикалық дамуы, дене қабiлетiнiң дамуы.
Дарынды баланың ерекше белгiсi:

  • ешкiмге ұқсамайтын өзгешелiгi;

  • танымдық қызығушылық қабілеті жоғарылығы;

  • есте сақтау зейін, елестету ой-өрісінің жоғары болуы;

  • ойлау қабiлетiнiң дәлдiгi;

  • шешiмдер қабылдаудағы ерекшелiгi;

Оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты мынадай топқа бөлінеді:
Орта – жетілуі мен дамуы, тәрбие қызығушылығы, қабілеті әр түрлі жеке пәндерден жетістікке жетеді. Психологиялық кедергілерге байланысты өз қабілеттерін көрсете алмайды. (спортта,өнерде) эксперимент негізінде 50% сәйкес келуі мүмкін.
Дарынды – бұл топтағы балалар ой-өрістік және арнайы қабілеттерімен дараланады. Ақпарат құралдарымен жақсы жұмыс істей алады. Ғылым мен мәдениетінің дамуын жақсы біліп, туындап отырған мәселені түсінеді, өз қабілетін дамытып, жоғары білім алуға талпынады, өзінің болашақ біліктілігін белгілі бір қызмет саласына жұмсауға тырысады. Алайда мұндай оқушылардың қүндылықтарының арасында жек мүдделер артық тұрады. Дарындылық деңгей көрсеткіші 80-90% сәйкес келеді. Мұғалімнің жетекшілігімен аудандықтан республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуға ұмтылады.
Аса дарынды - бұл балалар үшін мектеп оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді. Өз бастамалары бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Мұғалім мен ата-ананың бақылауы мен бағалауын қажетсінбеді өз бойында өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады. Осы дарындылық көрсеткіштері 90-100% сәйкес келуі мүмкін. Оларға бәсекелестік пен көшбасшылық сияқты қасиеттер тән, сондықтан түрлі байқауларда жүлделі орынға ие болады

Дарынды балада кездесетiн қиындықтар





  • өзi қатарлас балалардың шешуi қиын ойындарды игере алмауынан жалығу;

  • өзiнен интеллектiсi төмен балаларға шыдамдылық танытпауынан;

  • өз дәрежесiнен артық философиялық ой толғау;

  • дене қызметi, интеллектуалдық және әлеуметтiк дамудың сәйкес келмеуi;

  • өз уақытынан ерте iшкi қажеттiлiкке ұмтылудан;

  • дарынды балалар алдарына жоғары, жету мүмкiн емес, бұрын-соңды кездеспеген мақсаттар қоюы;

  • жетiстiгiне қанағаттанбаудан, өзiн-өзi төмен бағалаудан;

  • барлық жағынан биiкке ұмтылушылық;

  • мектепке үйренбеу, оқу жоспарының бала қабiлетiне сәйкес келмеуiнен;

  • дарынды балаларға қарап үлкендердiң көп талап қоюы және оның, айналасындағы басқа балаларға керi әсерiн тигiзуi;

Жоғарыда аталған кретилерді басшылыққа ала отырып, интернат тәрбиеленушілерінің өзіндік ерекшелігіне байланысты өзімнің тәрбие саласындағы жеке, жетекшілік жұмыс жүйемді құрдым.
Оқушылардың дарындылығын ашудағы мақсатым – бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет