Толтыру уақыты 10-15 минут.
Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлұматты білмесеңіз,сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз. Баланың осы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз. Ал әзірге ата-ана мектебінде осы көрсеткіш үшін «екі» алдым деп есептей беріңіз.
Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін, басқа да үлкендерден, мысалы әжесімен атасынан өз бағасын беруін сұраңыз.Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады, ол өз кезегінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді.
Жауап парағы
Логикалық тұжырым жасауға бейім, абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.
Қалыптан тыс ойланып, көп жағдайда тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады.
Жаңа білімдерді оңай игереді.
Салған сүретінде ұқсастық жоқ. Сюжет таңдауда ерекшелік танытады.Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.
Музыкалық сабақтарға үлкен қызығушылық танытады.
Әңгімелер мен өлеңдерді құрастырып жазғанды ұнатады.
Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді.
Механизмдер мен машиналарға қызығады.
Құрбылармен қарым-қатынас жасауда бастама танытады.
Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін бала деген әсер қалдырады.
Жіктеп, даралауға үлкен қызығушылық пен асқан қабілет танытады.
Жаңа талпыныстардан қорықпайды, әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.
Естігенін және оқығанын қайталамай-ақ жылдам есте сақтайды, есте сақтауы тнәрсеге көп уақыт жұмсамайды.
Жақсы кино көргенде, музыка тыңдағанда, таңғажайып мүсін, әдемі мүсін көргенде ойлы және ақылды кейіп танытады.
Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.
Сюжет құрудан, дау-дамайды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.
Әртістік ойынға қызығушылық танытады.
Бұзылған құралдарды оңай жөндеп, жаңа ойыншық, құрал жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады.
Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.
Спорт ойындары мен жарыстарына қатысқанды ұнатады.
Өз ойын оңай жеткізеді,сөздік қоры мол.
Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануда шығармашыл (мысалы, ойыншық ретінде үй тұрмысындағы заттарды пайдалана алады).
Өз қатарларынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.
Гүл,сурет,тас,марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім.
Әнді жақсы орындайды.
Әңгіме айтқанда сюжетті жақсы ұстанып, негізгі ойынан адаспайды.
Басқа адамның кейпіне енгенде дауыс ырғағын икемдеп, өзгертеді.
Механизмнің бұзылу себебін анықтауды, сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.
Балалармен және үлкендермен тез тіл табыса алады.
Құрбылары арасындағы түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.
Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.
Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.
Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жыл алға басып озады, яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайық.
Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалды пайдаланғанды ұнатады.
Музыка аспабында ойнауға, билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.
Оқиға туралы сөйлескенде тек қажетті детальдарды, басты сипаттарын ғана ұстанып,қажетсізін қалдырып кетеді.
Драмалық сипаттағы дау-дамайды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.
Механизмдер сызбалары мен нобайын жасауды ұнатады.
Басқа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды тез түсінеді.
Балабақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.
Ақыл- ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді ұнатады.
Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.
Танымы жан-жақты, айқын.
Бос уақытында ата-анасының нұсқауынсыз көркемдік қажеттілікке ие (үйді,киімді әсемдеу және т.б.) суреттерді,мүсіндерді,композицияларды қуана-қуана салады әрі жасайды.
Музыкалық жазбаларды ұнатады.Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.
Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында қолдана біледі.
Сезімдерін ыммен, қозғалыспен жеткізуге бейім.
Жаңадан жасалған машина, механизм,құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды ( біреу оқыса тыңдағанды) ұнатады.
Басқа балалар ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.
Жеңіл қозғалады.Қозғалыс үйлесімділігі жақсы.
Байқампаз,құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.
Өз ойын ұсынып қоймай, басқалардікін де, өзінікін де өңдей алады.
Өз құрбыларын бір немесе екі жыл бұрын кітаптар, мақалалар, ғылыми басылымдарды оқиды.
Өз сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға көп бой ұрады.
Қандайда бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.
Оқиғаны түсінуде маңызды деталльдарды әңгімелеу барысында жеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алмайды), сондай –ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.
Басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын бір нәрсені асыра әңгімелегенде оятуға тырысады.
Ғылыми оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғатады.
Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.
Жорыққа шыққанды,ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.
Символдар,әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.
Өмірлік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.
Қортынды мен жинақтаулар жасай алады.
Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл күйін білдіруге ұмтылады.
Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелегенде жаңа, ерекше өзгертулер қосып,қиялдауға бейім.
Көлемді бейнелеу жасауда саз, ермексаз, қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.
Оңай әсірелеп,эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.
Өз «жобаларын» нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі (ұшу аппараттары,автомашина,кеме модельдері).
Басқа балалар ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда әріптес болғанын қалайды.
Бос уақытын қозғалмалы ойынға (хоккей,баскетбол,футбол және т.б.)
Қызығушылық аясы кең, заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.
Немен айналысса өнімшіл (сурет салу, оқиға құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.
Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқымай (ертегі, детектив және т.б.), ғылыми- танымал басылымдарды (балалар энциклопедиясы мен анықтамалар) оқығанды ұнатады.
Өнер шығармаларына өз бағасын бере алады, сурет,ойыншық,мүсіндерінде өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.
Өзіндік,ерекше әуендер ойлап табады.
Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып, олардың мінезін, сезімдері мен көңіл күйлерін жеткізе алады.
Ойын әсірелеуді ұнатады.
Компьютерді оңай әрі тез үйренеді.
Нандыру қасиетіне ие,өз ойына басқаларды сендіре алу қабілеті бар.
Құрдастарына қарағанда дене бітімі жағынан төзімді.
Достарыңызбен бөлісу: |