Интернат тәрбиеленушілерінің түрлі сайыстарға қатысуы
Оқу жылы
|
Олимпиада
|
Түрлі шаралар
|
|
Аудандық
|
Облыстық
|
Республикалық
|
Кенгуру
|
Зубренок
|
Русский медвеженок
|
Алтын Руно
|
|
«Хабар»агенттігі ұйымдастырған суретшілер байқауы
|
Ақбота
|
Спорт
|
Қазақ –түрік лицейі
|
Ғылыми жобалар байқауы
|
АКСЕЛС
|
2002-2003
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
1
|
|
2003-2004
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
12
|
4
|
|
2
|
|
2004-2005
|
11
|
3
|
2
|
4
|
1
|
2
|
|
|
|
9
|
2
|
|
2
|
1
|
2005-2006
|
10
|
3
|
1
|
10
|
|
1
|
6
|
|
|
8
|
1
|
|
2
|
2
|
2006-2007
|
6
|
1
|
1
|
11
|
-
|
|
12
|
|
3
|
5
|
2
|
|
6
|
|
Дарын иелері - 20
Туа біткен дарын иелері - 7
Өнер - 2 Білім - 20 Спорт - 2 Шығармашылық - 7
Политехникалық -13
Аса
дарынды - 7
Орта - 3
Дарынды - 10
Тәрбиелеу, оқыту барысында келе пайда болған дарын иелері - 13
Дарынды тұлғаны дамыту жолы
Кіші олимпиадашылар мектебі
Математика - информатика
Химия
Физика
География
Биология
«Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамы
«Өлкетану» үйірмесі
«Шебер қолдар» үйірмесі
«Дебат» клубы
«Жас заңгер» клубы
«Глоуб» экоклубы
«Жас тұлпар» спорт клубы
«Балауса» клубы
Білім орталықтарымен байланыс
Дарын РҒПО
Республикалық «Физика-математика» мектебі
Кіші ғылым Академиясы
Ресейлік «Авангард» сырттай физика-математика мектебі
Қазақ-түрік лицейі
Жоғары оқу орындарымен байланыс
Қорытынды
Қазіргі таңда бәсекеге төтеп беретін жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл тұлға қажет. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында болашақ жастарға ерекше мән беріп, талаптарға сәйкес жан-жақты жетілген, үйлесімді, шығармашыл болуды міндет етеді. Ал, оның негізі – білім ордасы. Оларға тәлім-тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу, оларды ерекше жетілдіру мен жөн көрсету, олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғау.
Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған. «Дарындылық – даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшелену» десек, ақыл,қайрат,жүрек туралы Абайға, оның «Он жетінші қара сөзіне» жүгінеміз.Яғни дарындылық жүрекке қызмет етуі керек.Бұл – жүректің таза болуы төңірегіндегі әңгіме.Жүрек біткен таза, пәк болуы – адами құндылық.Сондықтан жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін,олардың шығармашылық дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен күнге арта түсуде.бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың өз жалғасын одан әрі табатынына сенімім мол.
Психологиялық зерттеулердегі интеллектілі дарындылықты алатын болсақ, онда бұл сұрақ әдеттегідей көп терминнің мәнділігіне және тиісінше, қандай да бір адам соның негізінде «интеллектілі дарынды» ретінде көрінетін әр түрлі белгілердің болуына келіп тіреледі. Осы сәтте интеллектілі мінез-құлықтың әр түрлі зерттеулік бағыттар шеңберінде интеллектілі дарындылық байқалуымен арақатынаста болатын кем дегенде алты типін атап көрсетуге болады:
«жалпы интеллект» дамуының ІQ>135-140 бірлік жоғары деңгейі, көрсеткіші бар тұлғалар; олар интеллектінің психометрлік тестілерінің көмегімен анықталады («ойлампаздар»);
оқу жетістіктерінің көрсеткіші ретінде академиялық табыстылықтың жоғары деңгейі бар тұлғалар; олар белгілік-бағдарлық тестілерді қолдана отырып анықталады («керемет оқушылар»);
туындайтын идеялардың ұшқырлық және оригиналдық ерекшеліктері түріндегі дивергенттің қабілеттер дамуының жоғары деңгейі бар тұлғалар; олар креативтілік тестілер негізіндеанықталады («креативтер»);
іс-әрекеттің белгілі бір нақты түрін орындауда жоғары табыстылығы, пәндік-ерекшелік білімдердің ауқымды көлемі, сондай-ақ тиісті пәндік саладағы жұмыстың едәуір практикалық тәжірибесі бар тұлғалар («біліктілер»);
экстраординарлы интеллектілік жетістіктері бар, нақты, обьективті жаңа, белгілі бір жалпы танылған формаларды қолданыс тапқан тұлғалар («таланттылар»);
адамдардың күнделікті өмірдегі оқиғаларды талдаумен, бағалаумен және болжау айтумен байланысты интеллектілі мүмкіндіктердің жоғары деңгейі бар тұлғалар («даналар»);
Сонымен, интеллектілі дарындылық, бір қарағанда, әрқашан интеллектілік іс-әрекеттің аса жоғары көрсеткіштерінде байқалады.
Оқушының танымдық белсенділігінің қалыптасуы, жоғары деңгейде дамуы оны шығармашылық әрекетке әкеп тірейді. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Сонымен қатар оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Мұндағы өнімді әрекет мақсаты – оқушының оқу үрдісіндегі мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау. Басты міндет – дамып отыратын өмірге, қоршаған ортаға сәйкес келетін көзқарасты, қарым-қатынасты қалыптастыру.
Шығармашылық тұлғаның танымдық қызметін бақылауда әр түрлі деңгейлік тапсырмалардың маңызы зор. Қабілетті оқушылар сабақтан тыс уақытта жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды өз бетімен оқып жетілдіруге негізделіп құрылған оқу бағдарламасымен оқытылады. Сонымен қатар ұстаздың жүйелі түрде бақылауының нәтижесінде оқушыда мынадай қасиеттер қалыптасады
өз жетістігін және кемшілігін білу;
өз жұмысына жан-жақты талдау жасай білу;
жұмыс жасау қабілеті жоғары болу;
табандылық;
ойлылық;
тапқырлық;
«Таланттар аз, оларды сақтап,қорғап ұлт болашағының нағыз күшіне айналдыру керек» деп айтқан В.И.Вернадский
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. «Ұлттық бәсекелестік қабілеті оның білімділігімен өлшенетінін» басты назарда ұстайтын Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында да «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті.
Қорыта келгенде егеменді еліміздің келешегі мен кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Дарындыларды ертерек табу олардың игілігін көру бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі. Олай болатын болса қоғам қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандыратын өмір сүру қағидаларын меңгеруге кең көлемде білім алған, жоғары деңгейде түсіну қабілеті бар дарынды оқушыларды тауып, танып, танытып, тәрбиелеу біздің, педагог – ұстаздардың негізгі міндеті деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |