3 тақырып: «Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері» Жоспары



бет6/7
Дата17.02.2023
өлшемі35,71 Kb.
#169172
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 лекция. гылыми зерттеу негиздери

Стажировкадан өту
Басты және де басқа ірі жоғары квалификациялы ғылыми кадрлары бар жерлерде аталған сала бойынша квалификациялы мамандарды қажет ететін, ЖОО-қызметкерлері жіберілетін, стажер-оқытушылар дайындау бекітіледі. Мұндай кезде стажер-оқытушы міндеті тек бір мақсатқа қолданылады. Стажер-оқытушының ғылыми жетекшісі сол кафедраның меңгерушісі немесе бір профессоры болып табылады. Әрбір стажерге жеке жоспар белгіленеді. Стажировканы аяқтауға бір ай қалғанда олар стажер-оқытушыны педагогикалық жұмысқа ұсыну мүмкіндіктері туралы арнайы комиссияның аттестациясынан өтеді.
3. Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады.
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.
Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады.
Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық - оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражат, зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары оқу орындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген ғылыми-зерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылыми-зерттеу институттары үшін ғылыми-техникалық қызметкерлердің арнайы құрамы бөлінеді.
Кафедраларда, проблемалық лабораторияларда және ғылыми-зерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды.
Шаруашылық келісім-шарт негізінде зерттеулерді орындау үшін кафедралар белгіленген шектен тыс қосымша штат қызметкерлерін тартуға құқылы, яғни оқу-көмекші тұлғалар, аспиранттар мен студенттер.
Кафедралардың салалық министрлікпен байланысы тұрақты болып, ал өткізілген қолданбалы зерттеулер нәтижелі болған жағдайларда салалық минстрлік бөлген ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады. Осылайша, елдің жоғарғы мектебі ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен мамандарды дайындаудан басқа ел үшін маңызы бар зерттеулердің үлкен бөлігін орындайды. ЖОО-да өткізілген зерттеулердің тиімділігі - кешенді ғылыми жұмыстарды орындауға жағымды жағдай туғызатын ғалымдар мен мамандардың қатысуынан байқалады.
Кафедралардағы, ғылыми мекемелердегі, жоғары квалификациялы ғалымдар жетекшілігіндегі ғылыми зерттеу концентрациясы, таңдау мүмкіндігі мен барынша дарынды студентті ЖОО-да қалдыру - халық шаруашылығы саласында жоғарғы ғылыми беделі бар ғылыми мектеп қалыптастыруға жақсы жағдай туғызады.
Зерттеудің мәселелерін қалыптастыру мен қоюдың негізгі принципі, зерттеудің мәселелерін қоюда бұрын жүргізілген зерттеулерді шолу мен талдаудың әсері. Зерттеуде мәселелер мақсатын қою мысалы. ҒЗЖ бағдарламасын әзірлеу.



Жалпы жағдайы
Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасады – бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас мамандарды жаңа заманға сай, жаңа технологиямен таныстыру болып табылады.
Мамандардың білімін жаңа заманға сай жаңа ғылыми, техникалық және мәдени дәрежесін көтеру негізінен ғылыми зерттеу жұмыстарының көмегімен орындалады деуге болады. Ал оларды жүргізуді қадағалап, орындайтын оқытушылар құрамы. Ол үш бағытты ұстанады:
1 Ғылыми және халық шаруашылық тапсырмаларын шешу;
2 Болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру;
3 Оқытушылардың классификациясын арттыру;
Неғұрлым жоғарғы оқу орнының ғылыми дәрежесі жоғары болған сайын солғұрлым оның оқу-әдістемелік базасы мазмұнды және қызығырақ болады.
Қазіргі заманғы өндіріс пен жұмыс ауырлығы сонша, ол ғылыми және зерттеу біліктілігін талап етеді. Сондықтан жас маманға тек фундаменталды білім емес, оған практикалық жұмыс, жаңадан пайда болған ғылыми жаңалықтарды білу, оларды шешіп өзінің квалификациясын жоғарылату керек. Ал бұл қасиеттерге студенттерді жоғарғы оқу орындарында тәрбиелеу керек. Студенттерді тәрбиелеу осы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жүргізіледі.
«Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының» қазіргі мағынасы екі өзара байланысты элементтен тұрады:
1 Зерттеу еңбегінің элементтерін студенттерге оқыту, осы еңбекке баулу;
2 Студенттердің профессорлар мен оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын жеке ғылыми зерттеу жұмысы.
ҚазҰТУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары университеттің даму программасымен және ҚазҰТУ дың ғылыми және ғылыми өндірістік іс әрекеттерімен ұйымдастырылады. ҚазҰТУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары кадрларды және жоғары квалификациялы инженерлерді даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық ғылыми зерттеулерге, арнайы пәндерді тереңірек ұғынуға және студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарына даярлауда үлкен роль атқарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу студенттерге фундаменталды ғылымды, техникалық және әлеуметтік ой қабілетін арттыруды жоғарылатады, жаңа идеяларды өзінше игере білу, жаңа ғылыми жаңалықтарды тез және пайдалылырақ пайдалана білу қабілеттерін арттырады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуы үшін, дипломдық және курстық жұмыстардың жоғарғы дәрежеде болуы үшін және арнайы пәндерді тереңірек ұғынуы үшін ҚазҰТУ да «Курстық және дипломдық жұмыстардың жағдайы жөніндегі конкурс» ұйымдастырылған.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың процедурасы мен механизмі әр пәнге тән шығарылған ғылыми зерттеу жұмыстарымен және институттарымен орындалады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын қорытындылап, оған өз бағасын қою үшін сол институттың проректорының ұсынуымен сол пәнге қатысы бар университеттің белгілі ғалымдарынан комиссия мүшелері құрылады. Әр пәннен қорытынды бойынша ең жақсы студенттер марапатталады.
Жоғарғы оқу орындарының көптеген кафедраларымен оқу ғылыми семинарлары құрылады.
Студент орындалған зерттеу қорытындыларына арнап баяндамамен семинарға шығуы үшін ол семестр бойы дайындалуына мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар жеке үй жұмыстары да беріледі (ғылыми іздеуді талап ететін).
Бастапқы курстарда студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының бір түрі болып рефераттар табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет