Психологиялық ықпал әдістеріне жетекшілік жасау стилі, жеке үлгі, позитивті қатынастар, ынталандыру, уақытша қызмет алмастыру жатады, сонымен қатар жеке қабылдау, әңгімелесу, психофизилогиялық зерттеу, бақылау сияқты тәсілдер де пайдаланылады.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдануда мынадай талаптар сақталуы
тиіс:
- зерттеу мақсаты нақты және анық болуы керек;
- зерттеу жұмысының бағдарламасы жасалып, міндеттері мен болжамы
көрсетілуі тиіс;
- зерттеудің субъектісі мен объектісі айқын белгіленуі тиіс;
- зерттеудің негізгі және қосымша әдістері алдын ала іріктелуі тиіс;
- зерттеушілер мен зерттелушілер арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу,т.б.
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару әдістері пайда бола бастады. Оқу-тәрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау әдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп әкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тәжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, әр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Тапсырма
Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары
Білім беру мекемесін басқарудағы құзіреттілік ыңғай
Достарыңызбен бөлісу: |