Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері – қызметкерлердің саналылықдеңгейін көтеру, ұжымды және жеке тұлғаны қалыптастыру, моральдықынталандыру және өзара жарыс формаларын жетілдіру арқылы басқарылушыжүйеге әсер ету тәсілдері.
Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері еңбек ұжымында қалыптасатыннақты факторларды пайдалануға негізделіп, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық процестерді басқаруға бағытталады.Әлеуметтік-психологиялық басқару әдістері әлеуметтік әсер ету жәнепсихологиялық әсер ету әдістері болып екіге бөлінеді.
Әлеуметтік әсер ету әдістеріне сендіру, тәрбиелеу, моральдық ынталандыру,әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұжымда қалыптасқандәстүрлер, сондай-ақ сауалнама, интервъю, бақылау, эксперимент, экспертиза сияқты эмпирикалық әдістер жатады.
Психологиялық әсер ету әдістеріне жетекшілік жасау стилі, жеке үлгі,позитивті қатынастар, ынталандыру, уақытша қызмет алмастыру жатады,сонымен қатар жеке қабылдау, әңгімелесу, психофизилогиялық зерттеу,бақылау сияқты тәсілдер де пайдаланылады.
Олардың міндеттері:
ұжымды және оның әрбір мүшесін дербес тұлғалық ерекшеліктеріне жәнеәлеуметтік-психологиялық жағдайларына сай іріктеу, қалыптастыру;
басқаруды ұжымның, топтардың және тұлғалардың ерекшеліктерін ескереотырып жүзеге асыру;
қызметкерлердің жұмысын әлеуметтік-психологиялық факторларға әсер етуарқылы ынталандыру;
қоғамды, ұйымдық, ұжымдық қатынастарды дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |