3-тақырып: Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары Дәріс жоспары



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі30,19 Kb.
#119173
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 3


3-тақырып:Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
Дәріс жоспары:

  1. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтары

  2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістері

  3. Мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлігі (мақсаттылық, гуманистік, демократиялық)



Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары. Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидалары болып келесі ұстаным жатады: ол басшылықты, директорды, менеджерді атқаратын қызметіне тағайындау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Мектептегі басшылықтың өзгеруі жəне оның конкурстар арқылы тағайындалуы, мектептегі өмірдің еркіндігінің бастамасы. Мектеп құрылуында ең маңыздысы, оның ақпаратының ашықтылығы жəне қол жетімділігі. Яғни осы мектепте тиімсіз жағдай орын алып жатса жəне одан ұстаз хабардар болса, онда ол бұл мəселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Басшылықтың əрдайым есеп өткізуі, мектеп кеңесінің, ұжымның, ұстаздың, ата ананың белгілі бір мəселеге араласып, өз көз қарасын білдіруі, осы мектепте еркіндіктің бар екенін білдіреді. Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады [6].
Әдіс – іс-әрекет тәсілі, ал басқаруға қатысты – басқару әрекетінің тәсілі,белгілі бір басқару міндетін шешу жолы.
Басқару әдістері – басқару жүйесінің қолда бар еңбек, материалдық-қаржылықжәне өзге де ресурстарды неғұрлым нәтижелі пайдалана отырып, мекемеалдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекет тәсілдері.
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқаруқызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерініңнегізгі топтары төмендегідей:

  • әкімшілік-ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемінбелгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);

  • педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбексаны және сапасына орай, категориялары мен атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақыберу);

  • психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру,алғыстар жариялау) және әсерлендіру (жағымды психологиялық климатқалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, біліммекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);

  • қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды біліммекемесін басқаруға араластыру);

  • қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқаларменқатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі менмәртебесін ұлықтау).

Басқару әдістерін таңдап қолдану:
- нақты жағдайға;
- қабылданатын шешімнің өзгешелігіне;
- басқару процесінің ерекшелігіне;
- жетекшілік стиліне;
- бағынышты адамдардың жеке мінездемелері мен дербес ерекшеліктеріне
байланысты.
2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістері
Еңбек ұжымын басқару үлкен ұйымдастырушылық және өкімдік қызметтіжүзеге асыруды талап етеді, мұндай қызмет әкімшілік-ұйымдастыру әдістеріарқылы жүргізіледі.Әкімшілік-ұйымдастыру әдістері – бұл қызметкерлердің бағыныштылығына,билік жүргізуге, тәртіп сақтауға негізделген ұйымдық және биліктік ықпалқұралдарының жүйесі. Әдістердің бұл тобы кез келген ұжымның өндірістікжұмысында орын алатын күнделікті мәселелерді шешуге бағытталады және іс-әрекет барысына шұғыл әсер ету формасы болып табылады.
Әкімшілік-ұйымдастыру әдістері мәні мен мағынасы:

  • басқарылушы объектіге тікелей ықпал жасайды. Олар басқарылушыобъектінің таяудағы міндеттерін, оларды орындау тәртібі мен мерзімінанықтайды, яғни жақын арадағы еңбек ресурстары мен шарттарын белгілейді;

  • белгілі бір жағдайдың біржақты шешімін береді және басқарылушытарапынан міндетті түрде орындалуға тиіс (орындаушыға іс-әрекет түрін таңдаумүмкіндігін бермейді);

  • өкімдер мен нұсқаулардың міндетті сипатын білдіреді; оларды орындамаутәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып, жазалау шараларын көздейді.

  • Әкімшілік басқару әдістері менеджердің бағыныштыларға қатысты белгілібір нормативтік немесе әкімшілік акт құруы арқылы жүзеге асырылып,мынадай жағдайларға негізделеді:

  • мемлекеттік және аймақтық заңдар жүйесіне;

  • жоғары басқару органдарының нормативтік-директивті, яғни қолданылуыміндетті құжат жүйелеріне;

  • жоспарлар, міндеттер, бағдарламалар жүйесіне;

  • шұғыл басшылық жүйесіне.

Әкімшілік-ұйымдастыру әдістерінің құрылымына?
1) ұйымдық ықпал әдістері
2) әміршілік ықпал әдістері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет