4-5 I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері


ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану



бет2/4
Дата05.06.2017
өлшемі1,11 Mb.
#17839
1   2   3   4

ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды.

Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін 1-сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа гңгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған .


  1. Қарапайым түсінтер.

  2. 10 көлеміндегі сандар.

  3. Кестелік қосу және азайту.

  4. Толық ондықтар. Жуз.

  5. Біз нені үйрендік ?.

Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады.

Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді.

Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды .

Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады.



Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.

Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.

Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.

Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім 1-сыныпты оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрады.

Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда 1 - сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап кетсек .

Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге , 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.

Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұның түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.



  • Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?

  • Құстарды .

  • Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы.

  • Үйрек , тауық , қаз , қораз , күркетауық .

Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім.

  • Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?

  • Барлығы бесеу.

  • Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы
    суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер.
    Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті
    орындарын белгілеттім.

  • Үйрек нешінші орында ?

  • Бірінші.

  • Тауық ше?

  • Екінші.

  • Қораз ше?

  • Үшінші.

- Қазше?

- Төртінші.



  • Күркетауық ше?

  • Бесінші.

Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды.

Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .

Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік үштастыруға қолайлы . Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақ басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін.

Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне үялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң , ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып , логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына , логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар . Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда : «Қай қолымда?» «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.

«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде
математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкінділік
береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе ойына
сақтау қабілеті төмен балалар үшін қолданған жөн.
Мысалы : бір дегенім білеу —.

екі дегенім егеу

үш дегенім үскі

төрт дегенім төсек

бес дегенім бесік

алты дегенім асық

жеті дегенім желке

сегіз дегенім серке

тоғыз дегенім торқа

он дегенім оймақ

он бір қара жұмбақ

Бұл ойынның оқушыға әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.

Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - ата бабамыздың бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз . Енді әр бағдарламалық тақырыптар бойынша ойын түрлерін қарастырайық .


2.1. Қарапайым түсініктер.

«Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар .

Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында «нешінші?» сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.

Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.

Олардың қатарына : «Түс және пішін», «Қанша?», «Сәулетші», «Біз нешеуміз?» , «Таныс фигураларды ата» , «Жеміс жинау» , «Жылдам ойлан» , «Жалгасып man» , «Телефон» , «Дукен» , «Ойыншықтар» , «Байқагыш бала» , «Жыл он екі ай» , «Аяңта», «Қатесін man», «Сиқырлы сандар», «Тізбек» , «He байцадың?» , «Қателеспе!» , «Багдаршам» , «Сиңырлы қоржын» , «Ойнайық та, ойлайьщ» , «Ханым , дат» , «Эстафета» , «Багыт» , «Кім қай партада отыр?» , «Қай уаңыт, сагат нешеу?», «Жеті кун» , «Көңілді санамақтар» т.б. -ойындары бар .

«Жеміс жинау».

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері.

Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады . Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады .

Мысалы : «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?

Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Поезд құрастыру».

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру .

Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.

«Кім жылдам ?»

Дидактикалық мақсаты . Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын», «кейін», «әуелі», «алдымен», «сонан кейін».

Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар.

Ойын мазмұны . Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.

Мысалы : Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.

Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Нені қайда қою керек ?»

(Заттардың кеңістіктегі орны)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар. Жылжымалы сөрелер.

Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына - көк шаршыны (квадрат), ал сол жағына - жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.

Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? - деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.



«Нені қайда қою керек

(Салыстыруға)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар . Түрлі геометриялық фигуралар. Магнитті тақта.

Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта орналастыруы керек .

Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын .

Тапсырма орындалғаннан кейін , заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады .

«Көру диктанты».

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың көз зердесін , есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар. Геометриялық фигуралар.

Ойын мазмұны. Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық фигуралар туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық фигуралардан сурет құрастырылады . Балаларға мұқият қарап, есте сақтауларына уақыт беріледі . Енді құрастырылған суретті жасырып , жауып қояды .

Енді оқушылардан не бейнеленгені, қандай фигураларды құрағандығы жөнінде сұралады . Осыдан кейін еске түсіре отырып, өздері қайтадан салады . Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып , еске түсіріледі.

Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала марапатталады.

«Көршілерін ата».

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал - эюабдықтар. Әртүрлі заттық суреттер.

Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады. Олардың әрқайсысының оң жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады. Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы сол жақтағы, алдындағы, артындағы көршілері анықталады. Осыған ұқсас жұмысты заттың суреттерімен де орындауға болады

«He жасырдың?».

Дидактикалық мақсаты . Заттың белгілері (түрі , түсі , пішіні , өлшемі) туралы түсініктерді тиянақтау .

Қажетті құрал - жабдықтар . Геометриялық фигуралар , жылжымалы сөре.

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мәселен : сөреге қызыл (үлкен) , сары (үлкен) , жасыл (кіші) , көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады . Қызыл үлкен дөңгелек , сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында , ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында , ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелектің арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн . Енді оқушылар көздерін жүмады , сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады . Сол фигураның орнын , түр - түсін оқушылар анықтап және айтып береді . Әрі қарай оны өз орнына қойып , тағы басқа біреуін жасырып , ойынды жалғастыруға болады .

«Бағдаршам».

Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы , жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.

Қажетті құрал - жабдықтар . Әр түсті (қызыл , жасыл , сары) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер).

Ойын мазмұны . Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп , әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды . Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі.

Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені) , «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді . Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады .

Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде - оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді . «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды . «Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады . Осы қимылды бірнеше рет қайталап , ойынды жалғастыруға болады .

«He байқадың ?»

Дидактикалық мақсаты . Заттарды санауға, түр-түсін анықтай, ажырата білуге дағдыландыру. Көз зердесін қалыптастыру.

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға түрлі - түсті қарындашты , фломастерді пайдаланады . Қарындаштарды көрсете отырып , олардың түрін -түсін анықтатады .


  • Мынау қандай қарындаш (фломастер) ?

  • Нешеу ?

Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды , кейін дұрыстап барлық оқушы хормен санап шығады . Бір сәт оқушылар көздерін жүмады . Мұғалім не өзгергенін сұрайды .

  • Қараңдар , не өзгерді ?

  • Қарындаштар бесеу , біреуі жоқ .

  • Қандай қарындаш жоқ ?

Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау арқылы ойын жалғасады .

«Жылдам ойлан !»

Дидактикалық мақсаты . Оқушылар есептеп шығару барысында жиі кездесетін қарсы мағыналы (антонимді) сөздермен таныстырып жаттықтыру : биік - аласа , жоғары - төмен , қалың - жүқа , ұзын -қысқа.

Қажетті құрал - жабдықтар . Сөздер жазылған карточкалар .

Ойын мазмұны . Ойынға барлық оқушылар қатысады . Ойынды сынып бөлмесінде , спорт залында , ашық алаңда өткізуге болады . Балалар қол ұстасып қатар құрады . Мұғалім :

- Қазір біз қақпадан өтеміз ! Егер мен қақпа «биік» десем , сендер осылай жүре бересіңдер , қақпа «аласа» десем , еңкейесіңдер .

Кімде - кім уақытында еңкеймесе , ойыннан шығады . Бұл ойынды бірнеше рет қайталауға болады . Мұғалім:


  • «Қыран жоғары көтерілді» десем, қолдарыңды жоғары
    көтеріп , құс қанатының қимылын жасайсыңдар .

  • «Ұшақ қонуға төмендеп келеді» десем, аяқтарыңды бүгіп,
    қолдарыңды жандарына созып отырасыңдар .

Мұғалім :

- Біз орманға келдік. Орманда ағаш түрлері көп екен. Егер мен


сендерге осы ағаштар ішіндегі ең «ұзыны» қарағай десем, үш
қадам алға қарай секіресіңдер .

Ал ең «қысқасы» шырша десем , орындарыңда екі рет секіресіңдер .



Бұл ойындарды осы тәртіппен бірнеше сабақ бойы балаларды

сергіту сәтінде қайталауға болады .

Ескерту : Бұл ойынды, сондай - ақ , дөңгелек жайында түсінік

беру кезінде де пайдалануға болады .



«Ханым, дат!»

Дидактикалық мақсаты . Санауға дағдыларын дамыту .

Қажетті құрал - жабдықтар . Асықтар .

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мұғалім әр қатардан бір оқушыдан тақтаға шақырып , асық береді. Оқушылар асықтарын иіріп тастайды . Кімнің асығы алшы болып түссе «хан» , тәйкі түссе - «уәзір» сайланады , ал шік түскен асық иелері айыпкер «ұры» саналады .

Енді «уәзір» , «ұрыны» қолынан ұстап «ханға» апарады . Ұры барғысы келмей қарсыласады . Ал , уәзір болса , ұрының жылқының иесін қүрметтемегеніне ашуланып «дат» деп ханға сөз салады.

Ол : «О менің зор мәртебелі ханым , мына күнәһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырысқанда ұстап алдым , оған үлкен жаза қолдануға тұрады» дейді. Ашуланған «хан» ұрыға жаза береді.

Жаза түрлері әр түрлі болуы мүмкін (санау , санамақ оқыту , айтқызу , т.б. ) . Сан қүрамын атату . Жаза түріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады . Ойын осылайша жалғаса береді.



«Багыт».

Дидактикалық мақсаты. Оқушылар кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.

Қажетті құрал - жабдықтар . Конверттерге салынған тапсырмалар.

Ойын мазмұны . Мұғалім бүгінгі сабақтың әр кезеңін жұмбақтап , конверттерге салып жасырып қояды . Енді осы кезеңдердің тапсырмаларын анықтау керек.

Тақтаға бір оқушы шақырылып , конверттің жатқан жерін табу үшін бағытты нұсқау беріледі.

Мысалы : Алға қарай үш адым атта , оңға бір қадам жүр . Солға бұрылып , шкафқа дейін жүр . Шкафтың жоғарғы сөресінің оң жағындағы бірінші қораптың астындағы конвертті алып оқы . Оның ішіедегі сабақтың , ойынның немесе басқа тапсырманың аты болуы мүмкін . Ойынды осылайша бағытты өзгерте отырып жалғастыруға болады .

«Ойлан, ңандай ойыншықтарды жасырдым ?»

Дидактикалық мақсаты . Логикалық ойлауға үйрету , заттарды алмастыру ұғымын қалыптастыру түрі , формасы , тұрған орнына қарап және заттарды салыстыру арқылы «үлкен» , «кіші» , «қанша болса сонша» , «тең» қатыстарын үғындыру , бнрілген мысалдарды өздігінше орындауға төселдіру.

Ойынның жабдығы . Үлкен және кіші суреттер немесе ойыншықтар , қуыршақ , машина т.б.

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы полотноға немесе бәріне көрінетіндей орынға ойыншықтарды қояды да , естеріңде сақтаңдар деп ескертеді. Мысалы екі үлкен және екі кішкене қуыршақ немесе әр түсті екі бірдей машина оқушыларға көздеріңді жүмыңдар деп , тез бір қуыршақты жасырып қояды. Көздеріңді ашыңдар , кәне , мен қандай ойыншықты жасырдым , айтыңдар ?

Балалар жасырылған ойыншықтың атын , түсін , үлкен немесе кіші екенін айту керек .



Ойынға дұрыс жасап берген бала келесі ойында ойыншықтарды жасырып , балаларға сұрақ береді . Келесі ойындарда ойыншықтармен бірге басқа да түрлі түсті суреттер , немесе ясидектер пайдалануға болады . Ойын соңында жауап берген балалар дәріптеледі.

«Ою - Өрнек құрастыру».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларға қарапайым сандарды үйрету , заттың түсіне , формасына және құрылысына қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын жабдығы . 10 фигураның жиынтығы . Олар : 2 қызыл дөңгелек , 2 сары және 2 жасыл үшбұрыш , 2 қызыл және 2 көк квадрат.

Ойын мазмұны . Мұғалім бір оқушыға магнитті тақтаға өрнек құрастыруды , ал басқа оқушылар партаның үстіне құрастырады . Осы мақсатпен мынадай тапсырма беріледі : магниттік тақтаның ортасына 1 парта үстінде немесе 1 парақ қағаздың бетіне қызыл дөңгелекті орналастыру , дөңгелектің жоғарғы және төменгі жағына 2 сары үшбұрырышты , оң және сол жағына 2 жасыл үшбұрышты орналастыру . Енді осы өрнекке байланысты мұғалім оқушыларға басқаша өрнек құрастыруды үйғарады : дөңгелек ортасында , 2 қызыл квадратты жоғары және төменгі жағына , ал 2 көк квадратты оң және сол жағына орналастыру керек . Содан соң оқушылардан фигуралардың санын , түсін сұрайотырып , өрнектегі фигураларды санату керек.

«Керісінше».

Дидактикалық мақсаты . Балаларға «үлкен» , «кіші» , «жуан» , «жіңішке» , «кең» , «тар» ұғымдарын қалыптастыру , тіл байлығын дамыту.

Ойын мазмұны . Мұғалім балаға допты лақтырып , бір сөзді айтады, ал бала топты қағып алып , айтылғанға кері сөзбен жауап беріп допты қайтадан мұғалімге лақтырады .

«Гараж құрастыру».

Дидактикалық мақсаты . «Бұрын» , «кейін» , «алдымен» , «сонан соң» , «оңға» , «солға» , «арасында» , «жанында» деген түсініктер бойынша оқушылардың білімін тиянақтай түсу .

Оқыту құралдары . Жеңіл , ауыр машиналар мен автобустардың иллюстрациялық суреттері. .

Ойын мазмұны . Мұғалім немесе оқушылардың бірі магниттік тақтаға жолақ сызықтардың көмегімен гараж құрастырады , қалған балалар өздерінің жұмыс орнында гараж құрастыруға кіріседі . Гараждың сол жақ бөлігіне жеңіл машинаны , ал автобусты жеңіл және ауыр машиналардың арасына орналастырады . Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар гараждағы машиналардың орнын анықтайды және түсіне , көлеміне қарап оларды салыстырады .

«Екі қолымда ңанша?».

Дидактикалық мақсаты . Балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын , «оң жақ» , «сол жақ» ұғымдарын қалыптастыру

Оқыту құралдары . Түрлі заттар суреттері, тиындық макеттер, моншақтар, түймелер.

Ойын мазмұны . Бір оқушы тақтаға шығып :

Екі қолымда барлығы 6 моншақ бар . Сол жақ қолымда 3 моншақ бар деп қолын ашып балаларға көрсетеді де , ал оң жақ қолымда қанша моншақ бар ? - дейді.



«He өзгерді». 1 - түрі.

Дидактикалық мақсаты . Балалардың көру мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Оқыту құралдары . Алманың , сәбіздің иллюстрациялық суреттері.

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы полотноның бірінші қатарына бір алма суретін іледі . Ал екінші қатарына көп сәбіздің суреттерін іліп , одан соң бірнеше баладан сұрап салыстырады . Енді мұғалім керісінше бірінші қатарға көп сәбіз суретін , ал екінші қатарға бір алма суретін іледі. Осыдан соң балалардан не өзгерді ? - деп сұрайды .

«Пішіні ұқсас заттарды man».

Дидактикалық мақаты . Түрлі заттарды пішініне қарай ажырата білуге және сабақта алған білімін тиянақтауға көмектесу .

Оқыту құралдары . Пішіні ұқсас әртүрлі заттарды және түрлі пішінді бейнелейтін карточкаларды үстел үстіне қояды . Сұрақ балаларға жалпы беріледі . Мысалы , мұғалім : «Кімде домалақ зат бар» деп сұрайды . Балалар қажетті затты өз суреттері немесе ойыншықтары ішінен тауып , мұғалімге көрсетеді. Егер жауап бере алмаса келесі баладан сұралады . Ойын соңында жауап берген балалар аталады.

«He өзгерді». 2-ші түрі.

Дидактикалық мақсаты . «Үлкен - кіші» , «көп - аз» сияқты ұғымдарды қалыптастыруға , көргенін есте сақтауға көмектесу .

Оқыту құралдары . Алма , шие , жапырақтың иллюстрациялық суреттері.

Ойын мазмұны . Ойын шарты бойынша оқушылар тақтаға ілінген заттарды бір қарап алып , көздерін жүмады . Осы кезде мұғалім сол заттардың ішінен біреуін тез алады да «көздерінді ашындар , не өзгерді ?» дейді . Оқушылар «үлкен жапырақ жоқ» деп жауап береді . Ойын әрі қарай жалғастырылады . Мұнда ескертетін бір жайт : алғашқыда заттардың саны біртіндеп азайтып немесе біртіндеп арттылып отырады . Мұндай ойындар үлкен - кіші, көп -аз ұғымдарын қалыптастыруға , көргендерін есте сақтап қалуға зор ықпалын тигізеді.

«Қай уақыт, сағат неше ?»

Дидактикалық мақсаты . Уақыт туралы түсініктерін дамыту .

Қажетті құал - жабдықтар . Сағат моделі.

Ойын мазмұны . Мұғалім топтағы оқушыларға арналған күн тәртібі туралы суреттер іледі . (Оқушы үйқыдан тұрып жатқан , тамақ ішіп отырған және т.б.) . Мұғалім суреттерді көрсете отырып, бұл қай уақыт ? Оқушы сағат нешеде түрды ? Сабақ нешеде басталады ? - деген және т.б. сұрақтар қоя отырып , оқушылардың уақыт жөніндегі білгендерін тиянақтай түседі . Сабақтың басталу уақытын , т.б. кезеңдерді де осылайша орындатуға болады.

Бұл ойын қандай уақыт мөлшерінде не бітіруге болады және уақытты босқа жібермеу , орынды пайдалануды да көздейді.



«Қаршақыз сыйлығы».

Дидактикалық мақсаты. Санның реттік қатарын есте сақтау . Санау дағдыларын бекіту.

Қажетті құрал - жабдықтар. Шырша суреті . Шырша ойыншықтарының сыртында қажетті сөзге , сөйлемге байланысты жазады.

Опын мазмұны . Сандар жазылған ойыншық үлгілері оқушыларға таратылады , Ойыншықтың бір бетінде сандар , келесі бетінде әріп жазылған . Қолдарында карточкасы бар оқушылар тақтаға шақырылады . Олар (01... 10) сан ретімен can түзеп тұрады .

Сынып оқушылары құралған сан тізбектерін өсу және кему ретімен қайталап шығады . Ал келесі бетіндегі әріпті (буынды) жеке оқушылар дауыстап оқиды . Сонда «Қаршақыздың» құттықтау сөзі шығады.

Ойыншықты санай отырып , әріптерді сәйкестендіре оқып , шыршаға іледі. Сонда : «Мерекеңмен», «Жаңа жыл құтты болсын» - сөздерін оқуы мүмкін . Ойынды мұғалім қалауынша өткізуге болады.

2.2. Он көлеміндегі сандар.

«Он көлеміндегі сандар» тақырыбына арналған ойындар .



Мұнда дидактикалық ойындардың екінші тобын құрайтын : 10 -ға дейінгі сандардың атауы , реті және жазылуы ; сандарды салыстыру ; санның сәйкес таңбасы ретінде цифр жайында түсінік беру ; көпбұрыш элементтерінің атауын санауға негіздей отырып енгізу (төбесі , бұрышы , қабырғасы) ; әр санның құрамының барлық жағдайларын шығарып алу , санды өрнек және теңдік пен теңсіздік түсініктерін еңгізу , теңдіктер құру , оны оқу , өрнектерді салыстыру ; 10 саны , оның жазылуы . Бір таңбалы және екі таңбалы сандар жайында түсінік беру ; кесіндінің қосындысы мен айырмасымен алғаш таныстыру , қосу және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу ; санды санауға сүйене отырып , қосу және азайту амалдарын орындау арқылы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде шығарып алудың негізгі үш көзімен таныстыру ; затқа санды , оған цифрды сәйкестендіру сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында қолданылатын ойындар қарастырылады.

Олардың қатарында : «Қызықты санау» , «Көршісін man» , «Келесі санды man» , «Құрамын man» , « Білемін» , « Менің орным қайда?» , «Сан ретін man», «Құстарға қамқорлық» , «Тізбек» , «Есте сақта» , «Қимақ» , «Математикальщ телефон», «Жалгастыр» , «Сыңарын man» , «Артьщ па?», «Кем бе?» , «Сонша ма?» , «Жете ме?» , «Көру диктанты» , «Жалгастыра санау», «Көршілерін man», т.б. ойындар бар .

«Қол шапалақтау».

Дидактикалық мақсаты . Суреттер мен цифрлар арасындағы сандардың үйлесімдіктерін орнықтыру.

Оқыту құралдары . 1 - ден 10 - ға дейінгі суреттерді сектор бойынша көрсету , оқушыларға суреттерді санатып , қанша болса сонша рет қол шапалақтауды үйғарды . Сонымен бірге оқушылар көрсетілген суреттің санына сәйкес цифрларды қолдарына алып , мұғалімге көрсетеді . Мұғалім сол санды тақтаға іледі . Мүнан соң осы ойынның барысында мұғалім екі бірдей сектордағы суреттерді көрсетіп , оқушыға суреттердің санын салыстыруды үйғарады . Оқушылар осы кезде қайсы суреттің көп , қайсы суреттің аз екенін айтады.

«Поезд».

Дидактикалық мақсаты . Балаларға «бір» және «көп» түсінігін қалыптастыру.

Оқыту құралдары . Мұғалім флоеграфқа жануарлардың суреттерімен бірге бір шыршаның суретін жапсырады , мұғалімнің үстелінің үстінде бір үйшік пен ойыншықтар жатады, ал оқушылардың бірінің партасының үстінде көп түрлі - түсті қарындаштар мен бір қаламсап жатады .

Ойын мазмұны . Жүргізуші - паровоз , қалғандары оқушылардың вагоншылары болады . Паровоз жүреді де , әр бір станцияға келіп тоқтайды . Мысалы , тақтаның алдына , мұғалімнің үстеліне , оқушының партасына . Сол кезде оқушылар заттардың аттарын атайды , яғни қандай зат немесе суреттер , ойыншықтар , оқушы қандай құралдар көп , қандайлары біреу екенін айтып шығады . Заттарды салыстыру арқылы қандай заттар көп немесе аз екенін оқушылар көз жеткізеді.

«Поезд құрастырамыз».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды кез келген санды ретіне қарай оның тікелей алдында келетін санға 1 - ді қосу арқылы және тікелей одан кейін келетін саннан 1 - ді азайту арқылы шығарып алу жолдарымен таныстыру.

Ойын мазмұны . Мұғалім тақта алдына оқушыларды кезегімен шақырады . Әрбір оқушы вагонның қызметін атқара отырып , өз қатарын атайды . Мысалы , бірінші шақырылған оқушы былай дейді : «Мен бірінші вагонмын . Екінші оқушы екінші вагонның қызметін орындай отырып , бірінші вагонға келіп тіркеседі . Сол қолын алдындағы оқушының иығына салады да , реттік нөмірін атайды , қалған оқушылар мысал құрастырады . «Бірді бірге қосқанда екі болады» . Содан соң үшінші вагон тіркеседі . Оқушылар мұғалімнің басшылығымен қосу амалына мысал құрастырады . «Екіге бірді қосқанда үш». Сол сияқты онға дейін жалғастырылады . Содан соң вагондар оқушылар бір - бірлеп ажыратылады , ал класс әрі қарай мысалдар құрастыруды жалғастырады : «Үш біреусіз - екі . Екі біреусіз - бір т.с.с». Оқушылар бұл ойында сандардың реттік және сандық мағыналарын тиянақтай түседі.
«Сандардың реттік қатарына ңарап орналастыруына

көмектесу».

1 – турі.

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың сандардың реттік мағынасының түсінігін қалыптастыру.

Оқыту құралдары . 0 - ден 9 - ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар .

Ойын мазмұны . Мұғалім флогеграфқа 0 - ден 9 - ға дейінгі цифрлар жазылған карточкаларды орналастырады , бірақ бұл сандар араласып тұруы керек . Мұғалі оқушыларға бұралып : «Балалар біздің сандарымыз адасып кетіпті , сондықтан да оларды өз орындарын тауып тұруына көмектесіңдер» . Балалар сандарды оңға дейін реттік қатарымен қойып шығады : 1,1,2,3..-10 . Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды . Балалар 10 цифрын құрастыру үшін қанша цифр қажет болады ? - екі цифр . Олар 1 және 0 саны .

«Сандардың реттік қатарына ңарай орналастыруына көмектесу».

2 - турі.

Дидактикалық мақсаты . Реттік сан түсінігін қалыптастыру .

Оқыту құралдары . 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған карточкалар .

Ойын мазмұны . Мұғалім оқушыларға ондық көлеміндегі жазылған сандарды таратып береді . Содан соң мұғалім бөліп береді . «Сандар реттік қатарларыңмен тұрыңдар! . Балалар кіші саннан бастап реттік қатарларын тауып тұрады .

«Бір немесе екі».

Дидактикалық мақсаты . 1 және 2 сандарын ажырата білуте машықтандыру.

Оқыту құралдары . Суреттер , фигуралар , заттар .

Ойын мазмұны . Мұғалім оқушыларға бір немесе екі сурет , фигура, заттарды көрсетеді , керісінше , мұғалім көрсеткен бір немесе екі цифрларына байланысты балалардан таяқшалар немесе суреттер көрсетілуі талап етіледі.

«Қандай сандар жетіспейді».

Дидактикалық мақсаты . Балаларды тез ойлап , шапшаң жауап беруге қалыптастыру.

Оцыту цүралдары . Кеспе цифрлар .

Ойын мазмұны . Мұғалім кеспе цифрларды балаларға көрсетеді . Мысалы , 1,6 . Ал балалар 1 мен 6-ның арасындағы сандарды атап шығады .
«Көрші санды ата».

Дидактикалық мақсаты . Натурал сандар қатарын есте сақтауға қалыптастыру.

Оқыту құралдары . Карточкадағы жазылған сандар .

Ойын мазмұны . Мұғалім бірнеше карточкаға жазылған сандарды балаларға көрсетіп, көрші сандарын атауды талап етеді. Мысалы , 2,4,8,5,7,9 т.с.с. Бұл ойынды балалар сандарды ұмытып қалмау үшін жиі қайталап отырған жөн .

«Қол шапалақтау». 2-түрі.

Дидактикалық мақсаты . Балалардың есту мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру .

Ойын мазмұны . Мұғалім қанша рет қол шапалақтаса , бала сол санның цифрын көрсетуі керек . Мысалы , мұғалім 6 рет шапалақтаса , балалар алдындағы цифрлардан 6 цифрын көрсетеді.

«Өз орныңды man».

Дидактикалық мақсаты . 1 - ден 10 - ға дейінгі натурал сандар қатарының орнын білуге жаттықтырады .

Оқыту құралдары . 1 - ден 10 - ға дейінгі кеспе цифрлар .

Ойын мазмұны . Мұғалім бірнеше баланы тақтаға шығарып , қолдарына кеспе цифрлар жапсырылған карточка береді . Осыдан соң мұғалім балалардан қолдарындағы сандарға байланысты өз орындарын тауып тұруды талап етеді . «Мен - біриін» деп бір цифрын ұстаған бала бірінші тұрады . Мұғалім балаларға сұрақ қояды . Бір санынан кейін қандай сан тұрады ? Екі цифрын ұстаған бала «Мен екімін» деп екі цифрын ұстап , бір цифрын ұстаған баланың қасына келіп тұрады . Ал қалған балалар да өздерінің цифрларына байланысты осылайша өз орындарын тауып түруы тиіс. Бұл ойынды 10 - ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады .

«Керекті цифрын қой».

Дидактикалық мақсаты . Балалар сандарды үмытпау үшін , жаттықтыру және ойлау қабілетін арттыру .

Оқыту құралдары . Түймелер түрлі геометриялық фигуралар .

Ойын мазмұны . Мұғалім бірдей бес қорапқа әртүрлі зат салып қоюы керек . Мысалы , түймелер , түрлі геометриялық фигуралар , қорапқа салынған заттың саны әртүрлі болуы керек . Балалар қорапты ашып , ішіндегі затты санай отырып , қанша болса , сол санның кеспе цифрын көрсетеді.

«Бірде - бір».

Дидактикалық мақсаты . Сандардың бірліктерден құралатынына балалардың көздерін жеткізу.

Ойын мазмұны . Тақта алдында 10 оқушы шығып , қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп , бір қадам алға шығып тұрады , бір қосу екі деп , екінші бала бірінші баланың жанына келіп тұрады . Екі қосу бір үш деп , екінші баланың қатарына тұрады , қалған

«Буратинаның жұмбақтарып man».

Дидактикалық мақсаты . Заттарды түріне қарап ажыратуға және дөңгелектен , квадраттан , үшбұрыштан әртүрлі суреттер құрастыруға үйретеді . балалар да ойынды осылайша жалғастыра береді.

Оқыту құралдары . Дөңгелектер , квадраттар және үшбұрыштар .

Ойын мазмұны . Мұғалім күні бұрын магниттік тақтаға дөңгелек, квадрат және үшбұрыш сияқты геометриялық фигуралар жапсырады . Сонан соң оқушыларға былай дейді : «Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан Буратино қонаққа келіп отыр. Буратино өзімен бірге бірнеше жұмбақ ала келіпті» . Мұғалім Буратиноның жұмбақтарын оқушыларға дауыстап оқып береді . Оқушылар жұмбақтың шешуін табады . Дөңгелектеп не салуға болады ? Мына алма , қарбыз , доп т.б. Квадраттан не салуға болады ? Портфель , жәшік , печенье . Үшбұрыштан не салуға болады ? шыршаны , қайықты т.б. Жақсы жауап берген балаларға арнап геометриялық фигуралардан бір - бірден ұсынуға болады .

«Ойлан man».

Ойынның мақсаты . 0 санын ажырата білуге үйрету .

Оқыту құралдары . Буратиноның макеті, шие бұтақтың суреті.

Ойын мазмұны . Мұғалім күні бұрын қалталы полотноға бір бұтақта тұрған үш шиенің суретін іліп қояды . Содан соң балаларға сұрақ қояды.

-Балалар бұтақта қанша шие бар екен ?

-Үшеу.

Осы кезде Буратино бізге қонаққа келе жатып бұтақтағы шиелерге көзі түсіп кетеді. Содан бұтаққа жақындап келіп , шиенің біреуін үзіп алады . Кәне , балалар , айтыңдаршы , бұтақта қанша шие қалды.



Оқушылар мысалдар құра бастайды , яғни «Үш біреусіз - екі» деп айтып , тақтаға 3-1-2 түрінде жазып көрсетеді . Дәл осы кезде Буратино екінші шиені жүлып алады . Ал енді қаншасы қалды ? деп мұғалім тағы балалардан сұрайды . Балалар «Екі біреусіз - бір» деп тақтаға 2-1-1 түрінде жазып көрсетеді.

Енді Буратино әрі - бері ойланып тұрып , қалған бір шиені де жүлып алады . Енді қаншасы қалды ? - деп мұғалім тағы да сұрайды . Сонда балалар бұтақта шие қалған жоқ деп жауап береді. Олай болса балалар шиенің қалмағанын білу үшін Буратино бізге ноль деп аталатын санды алып келген екен . Ноль санын символика түрінде былай белгілейміз деп «0» цифрымен таныстыра отырып , 0 саны әр уақытта 1 санының алдында түратын мұғалім оқушыларға түсіндіреді.



12 3 4
«Жалгастыр».



Дидактикалық мақсаты . Сан мен цифр арасындағы сәйкестікті анықтау . Дұрыс сануға дағдыландыру .

Қажетті құрал - жабдықтар . Қалталы үяшық, санау материалдары , цифрлар жазылған карточкалар .

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы үяшыққа біртіндеп санау материалдарын салады . Оқушылар орындарында отырып дауыстап санап , сәйкес цифрларды көрсетіп отырады . Оқушылардың есте сақтауын дамыту мақсатында тақтаға да жаздырып отырған дұрыс .
«Менің орным кайда?».

Дидактикалық мақсаты . Сандар қатары туралы түсініктерін бекіту, цифрлардың жазылуы , оны дұрыс орындауға дағдыландыру.

Қажетті құрал - жабдықтар . 0-ден 10-ға дейінгі кеспе цифрлар.

Ойын мазмұны . 0-ден 10-ға дейінгі кеспе цифрлар таратылып беріледі.

Мұғалім «өз орнынды тап» , - деп хабарлағанда , қолдарында кеспе цифрлары бар оқушылар сәйкес орынға тұрып , сандар тізбегін құрайды . Қалған оқушылар дұрыстығын тексереді . Егер дұрыс тұрса жасыл , қате болса қызыл текше көрсетеді. Барлық сандар дұрыс орналасып болған соң мұғалім әр цифрдың орнын нақты сұрақтар арқылы анықтайды . «2» неліктен бұл жерде тұрсың ?

Менің 1-ден 1 бірлігім артық , 3-ден бір бірлігім кем . Сондықтан 1-ден кейін , 3-ке дейін тұрамын , немесе менің орным -1 мен 3-тің арасы .

0-дің орны қайда ?

0-дің орны сан тізбегінің басында , себебі 1-ден кем және т.с.с. жауаптар беріледі. Осылайша әр цифрдың орны анықталып , ойын жалғасады.

«Келесі санда ата. Көршісін man !».

Дидактикалық мақсаты . Сандар тізбегін тиянақтау , бекіту .

Қажетті құрал - жабдықтар . Кеспе цифрлар .

Ойын мазмұны . Оқытушы ойынды кез келген санды атаудан бастайды . Мысалы : «2» , жалғастыр ; оқушы «3» санын , т.с.с. атайды . Сұрақты түрлендіре отырып , сандар тізбегінің орындарын тиянақтау керек болады . Санды атап , келесі бір бірлікке , екі, үш бірлікке артық (кем) санды ата , деген тапсырмалар беру арқылы көрші сандарды атайды . 0-ден бастап 10-ға дейін санау , кему ретімен санау жұмыстары жүргізіледі.

«Сан ретін man».

Дидактикалық мақсаты . Санның ретін есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар . 10X10 см өлшемімен дайындалған карточканың бет жағында сан және буын жазылады .

Ойын мазмұны . Дайындалған карточкалар магнитті тақтаға шашырап орналастырылады . Мұғалім сандар ретін қайталатады . Оқушылар сан тізбегін жаза отырып , келесі жолға , сан ретіне
«Құстарга қамқорлық».

Дидактикалық мақсаты . Ауызша дұрыс есептеулер жүргізуге дайындықты жүзеге асыру . Экалогиялық тәрбие беру . Адамгершілікке баулу.

Қажетті құрал - жабдықтар . Құстар , ағаш , және жемсауыт суреттері. Мысал жазылған карточкалар .

Ойын мазмұны . Ойынды жыл мезгіліне лайықтап , пысықтау сабағына қолдануға болады . Ағаш бұтағына тапсырма жазылған карточкалар орналасқан . Әр карточка бекітілген бұтақта құстар отыр . Тақтаның келесі ыңғайлы жеріне жемсауыт ілінеді . Оқушы карточкадағы мысалды дұрыс орындаса , құсын жемсауытқа қалдырады . Карточкадағы тапсырма толық орындалып бітсе , барлық құстар жемсауытқа қонады . Мысалды дұрыс орындаған оқушы құстардың нағыз қамқоршысы ретінде марапатталады .


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет