4-5 I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері



бет3/4
Дата05.06.2017
өлшемі1,11 Mb.
#17839
1   2   3   4

2.3. Кестелік қосу және азайту.

Мұнда : Бір санын қосу (арттыру) және азайту (кеміту) тәсілдері; кесінділер сызу ; қосу кестесін құру ; кестелік қосу және азайту , қосындыны және қалдықты табуға есептер шығару; есептерді шығару тәсілдерін және мәтіндерін салыстыру ; «сонша», «артық» , «кем» , ұғымымен байланысты мәтіндерді салыстыру,, есептер шығыру ; «Қанша артық ?» , «Қанша кем ?» ұғымымен байланысты есептер , яғни айырмалық салыстыру , кері есептер құру ; өзара кері есептер (артық , кем , қанша артық? қанша кем?) . Санды өрнек және әріпті өрнек , олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтау ; 9 санын қосу және азайту тәсілдері; 10 санын азайту , әріп бар қосынды және оның мәнін табу ; сұрағы жоқ тапсырма мен есепті салыстыру және т.б. мәселелерді оқытып - үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар қарастырылады . Олардың қатарына: «Жыл он екі ай», «Математикалық домино» , «Ақсуйек» , « Құлпынай жинау» , «Лото», «Сацырауқұлақтар», «Доп қагу» , «Шырша безендіру», «Үндемес» , «Хан талапай» , «Орамал тастамаң» , «He өзгерді?», «Плюс па , әлде минус па?» , «Жазуды толықтыр» , «Жауабы бірдей мысалдарды man» , «Мысалды ойлап man» , «Бір тусті дөңгелек нешеу?» , «Поезд щрастыр» , «Санды ойлап man» , «Баспалдақ» , «Математикальщ эстафета» , т.б. ойындар бар .



«Поезд құрастырамыз».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды 2,3,4 сандарын қосу және азайту тәсілдерін үйрету.

Ойын мазмұны . Мұғалім тақтаның алдына 5 қыз баланы шақырады. Олар 5 вагоннан поезд құрастырады . Яғни бір – біріне тіркесіп , оң қолдарын алдыңғы оқушының иығына салып тұрады . Содан кейін тағы да 1 вагон бала және тағы 1 қыз келіп тіркеседі .

Мұғалім тақтаға мынадай мысал жазады :



5+2=7

5+1+1


Оқушылар 2-ні қосу амалын бірнеше рет қайталайды . Содан кейін

екі вагон бір - біреуден ажыратылады . Оқушылар



5-2=3

5-1-1


2-ні азайтудың амалын қайталап шығады .

Осыған ұқсас 3 және 4 сандарды қосу және азайтудың тәсілдерін көрсетуге болады . Мысалы , тақта алдына 6 ер баланы шақырады , олар 6 вагоннан поезд құрастырады . Оларға 3 вагон біреулеп қыз , бала , қыз тіркеседі . Бұл тәсіл тақтаға жазылып , оқушылар айтып шығады . 6+3=9 6+1+1+1

Бүдан соң поезд құрастыру үшін басқашалап көрсетуге болады , яғни 6 вагонға бірінші екі вагонды құрастырып , немесе тіркестіріп, содан соң тағы да 1 вагонды тіркестіруге болады . Бұл жағдайды да тақтаға жазып , оқушыларға түсіндіруге де болады . 6+3=9 6+2+1

Осыған ұқсас қосу мен азайтудың басқа жағдайларын құрастыруға болады.



«Үндемес».

Дидактикалық мақсаты . Сандарға 1-ді қосу және олардан 1-ді азайту амалдарын оқушыларға үйрету .

Оқыту құралдары . 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар.









Ойын мазмұны . Тақтаға 1-ді қосу және 1-ді азайтуға берілген плакаттар ілінеді.

Мұғалім балаларға берілген плакаттарқағы сандарға 1-ді қосып және 1-ді алу керектігін түсіндіреді . Мұғалім үндемей сандарды көрсетеді.



«Жеміс теру».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды математикалық мысалдарды тез , дұрыс шығаруға үйретумен қатар , түрлі жемістермен таныстыру.

Оқыту құралдары . Қиылып алынған түрлі жемістердің суреттері, мысалдар.

Ойын мазмұны . Магниттік тақтаға екінші бетіне әртүрлі мысалдар жазылған бірнеше жемістердің суреттерін жапсырып қою керек . Мұнан кейін оқушыларға: «Қәне балалар , кім қандай жемісті жақсы көреді ?» - деп сұрайды . Сол кезде оқушылар қолдарын көтеріп кезегімен жақсы көретін жемістерін алады , артына

жазылған мысалды ауызша шығарып беруі тиіс . Мәселен , мынадай мысалдар жазылуы мүмкін .

4+2, 3+7, 5+1+1, 8-2, 6-1, 2+1+1, 10-1-2, 9-2

Егер оқушы мысалды дұрыс шығарса , онда ол өзінің жақсы көретін жемісін алып, орнына барып отырады .



«Доп қағу».

Дидактикалық мақсаты . Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып , амалдарды тез ауызша орындауға жаттықтыру.

Оқыту құцуралдары . Доп .

Ойын мазмұны . Оқушылар ойынғада ерекшк қызығушылық танытады . Сол арқылы мысалдарды тез орындауға жаттығады . Мұғалім 7 санын қалайып алуға болады , - дейді де қолындағы жеңіл допты бір оқушыға лақтырады .

Оқушы : допты ала салып 4+3 деп мұғалімге кейін қайтарады . Мұғалім : - Тағы қандай алуға болады ? Оқушылар : 5+2, 6+1 т.с.с. деп жауап береді.



Содан кейін ойын «8 санын» қалай шығарып алуға болады» 5 санын 2-ге арттыр , 4-пен 7 санының қайсысы көп? 5-пен 7 санының қайсысы көп ? деген түрінде жалғастырылады . Әр сабаққа байланысты ойын тапсырмалары мен шарттарында өзгерістер болып отырады.

«Диспетчер және контролерлер» .

Дидактикалық мақсаты . 10 көлеміндегі сандардың құрамын бекіту.

Оқыту құралдары . Геометриялық фигуралар және 10 жеңіл машинаның суреті.

Ойын мазмұны . Мұғалім магниттік тақтаға сабаққа дейін тік бұрыштардың көмегімен автовокзал бір - бірінен ара қашықтағы алыс тау жақын тұратын аялдаманың құрылысын жасап қояды . Бір оқушы тақтаның алдында диспетчердің қызметін атқарады . Ол машиналарды бір - бірлеп аялдамадан автовокзалға жіберіп тұрады, яғни бір төртбұрыштың ішінен екінші төртбұрышқа ауыстырып отырады . Ал қалған оқушылар контралер , яғни бақылаушы қызметін атқарып отырады . Олар есеп жүргізеді, яғни қанша машинаны автовокзалға жіберді және жіберілгеннен кейінгі әрбір машинаның саны қанша қалғанын айтып отырады . Жіберілген және қалған машинаның санын оқушылар үмытып қалмау үшін , алдарындағы цифрларды былай құрастырып отырады.

10

0

і

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

0

«Дөңгелек мысалдар көру».

Дидактикалық мақсаты . Дөңгелек мысалдар құру арқылы бірінші мысалдың жауабы келесі мысалдың бірінші компоненті болатынына есептер шығару арқылы машықтандыру және өрнектерді тез құруға үйрету .

Ойын мазмұны . Мұғалім тақтаға мысал жазады да , мысалдың жауабы келесі келесі мысалдың бірінші компоненті болатынын түсіндіреді . Ал балалар мысалды шығарып , жауабы келесі мысалдың бірінші компоненті болатынын түсіндіреді . Ойын осылайша жалғастырыла береді. Мысалы , 7-5=2 , 2+6=8 , 8+2=10 , 10-8=2 , 2+5=7 ,7+2=9 Балалар берілген ереже бойынша тізбек құрады .

«Ордан өту».

Дидактикалық мақсаты . Берілген мысалдар дұрыс және тез шығартуға машықтандыру.

Ойын мазмұны . Ақ қағаздан жасалған карточкаларға мыслдар жазылып .

7+2=, 8+1= , 8-3= , 10-4= , 7-5= , 5+5= ,

6-3= , 2+1+3= , 9-2= , 4+2= , 10-2-1= .

жазуды көрінбейтіндеп етіліп , еденге төңкеріліп қойылады .

Бұлардың әрқайсысы бір - бір «Ор» деп саналады . Балалар «Ордан» соншалықты еппен секіріп отыруы тиіс . Мұғалім бұл ойынды жарыс түрінде өткізеді . Алдымен балалар екі қатарға тұрғызылып , әр қатардан бір - бірден екі бала шақырылады . Олар бірінші «Ордағы» мысалды алып , сыныпқа дауыстап оқып беріп , жауабын айтқан соң , ол оқушы ордан секіріп өтті деп есептеледі . Ойынды келесі оқушы әрі қарай жалғастырады . Қай қатар оқушылары мысалдарды тез шығарып , «ордан» өтіп кетсе, сол қатар жеңген болып есептеледі. Ойын көбейту , бөлу таблицасын меңгертуге де пайдаланылады.

«Самалет қозгалысының багытын анықтау» .

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды жауабы бойынша мысалдар құрастыруға үйрету . Санақ бойынша сандар қатарын есте сақтау және самалет қозғалысының бағытын анықтау .

Оқыту құралдары . Самалеттің суреті және жауабы ғана жазылған бірнеше мысалдар.

Ойын мазмуны . Мұғалім оқушыларға былай дейді: «Үшқыш командир сендерге арнап мынадай тапсырма ойлап тапты. Ол бір қаладан екінші қалаға самолеттің үшуын жоспарлай отырып, әрбір бөлімшенің маршрутын нөмірмен белгілеп отырды Самолет қаланың үстщде кіші саннан үлкен санға қатарымен ұшуы керек . Әрбір қаланың нөмірі мысалдарды бөлшектеу арқылы жазылған да тек қана жауабы бар . Қаланың нөмірін анықтау үшін осы жауап арқылы мысалдар құрастыру керек . Содан соң самолеттің қалай қозғалғанын кішкентай сызықтар арқылы көрсету керек . Ол үшін бормен қаланың үстіне шеңбер жасап №1 деп көрсетіп , әрі қарай үту арқылы №1,3,т.с.с. деп шеңбер жасап отыру керек .

Мұғалім үшқыш - командир қызметін , ал оқушылар үшқыш -курсанттар қызметін атқарады . Ойын тапсырмаға сәйкес этап бойынша орындалады .



  1. Балалар қалаларға нөмір қойып шығып , яғни жауап бойыеша
    мысалдар құрастырады . Осындай мақсатпен әрбір оқушы карточка
    арқылы құрастырған мысалдарын полотнолы қалтаға салып
    отырады.

  2. Оқушылар кіші санын үлкен санға қарай әрбір қаланың
    нөмірін атайды .

  3. Оқушылар кезегімен кішкентай сызықтар арқылы самалеттің
    қозғалу бағытын тақтады көрсетіп отырады .

  4. Тізбек бойынша самолеттің үшқышы қай бағытта қозғалғаньін
    балалар айтып шығады.

Мұғалім ойын жүргізілмей тұрып тақтаға күні бұрын былай жазып қояды .

Ойынды жүргізіп болғаннан кейін тақтаға мынадай жазулар пайда болады .
«Баспалдақ»

Дидактикалық мақсаты . Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және машықтандыру.

Ойын мазмұны . Бұл ойынды оқушылар төмендегідей мысалдарды баспалдақпен шығарып , жеңімпаз оқушылар баспалдақ үстіндегі түрің заттарды алады . Мысалы: жануарлар , доп , орындық , т.с.с.













4-1

6-3



















1+4




8+?




















«Хан талапай».

Дидактикалық мақсаты . Санау дағдыларын бекіту . Артық , кем түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал - эюабдықтар . Асық (саны 20) .

Ойын мазмұны . Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады. Әр қатардан оқушы шақырады . Ойын басқарушы :

Талапай - ау шалапай,

Табылды ойын, алақай ! Асықты алга шатамыз,

Талапайга басамыз , - деп өлең шумағын айтып , асықты шашып жібереді . Оқушылар шашылған асықты жинап алады . Әр оқушы өзінің қолындағы асыған сыныппен қосыла хормен санап шығады . Асықтардың саны анықталған соң , салыстыру жұмысы жүргізіледі.

Кім асықты көп жинады ?



Нешеу ? Қаншасы артық ? (кем?) сияқты сұрақтар қоя отырып , жеңімпаз оқушыны мадақтайды.

«Ақсүйек».

Дидактпикалық мақсаты . Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.

Қажетті құрал - жабдықтар . Белгісіз санды табуға арналған кесте , әріпті өрнектер мен теңдеулер ,

10

7




9




5

4

A

2

3

4

5







8




6







А+5














Ойын мазмұны . Ойынға сынып трлық қатысады . Кстедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр . Кім дұрыс шығарса , сол ақсүйектң табады . Дұрыс шығармаса , көрмей аттап кетеді . Кім «ақсүйекті» көп жинаса , сол үтады . «Ақсүйек» жинаған бала мадақталады . Ойынды осылайша жалғастыра беруге болады .

«Шырша безендіру».

Дидактикалық мақаты . Ауызша қосу , азайту амалдарына есеп шығаруға қатысты оқушылардың білігін қалыптастыру .

Қажетті құрал - жабдықтар . Көрнекті кестедегі шырша суреті . Боялған әртүрлі ойыншықтар үлгісі.

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары тегіс қатысады . Сыртында 10 келеміндегі қосуға , азайтуға арналған өрнектер жазылған боялмаған ойыншық үлгілері таратылады . Оқушылар алдымен үлестеріне тиген ойыншықтарын сәйкес бояумен бояп , өрнек бойынша сәйкес тапсырманы орындап ойыншықты шыршаға іледі. Ойын осылай жалғаса береді. Ойыншықтар ілініп біткенде , піырша безендіру жұмысы аяқталып , дұрыс орындаған оқушылар мадақталады .

2.4. Толық ондықтар. Жүз.

Бұл тақырыпқа байланысты негізінен , мына сияқты мәселелер қарастырылады . Әріпті өрнектің мәнін табу ; шарты бірдей , сұрағы әртүрлі есептерді салыстыру ; шарты мен сұрағы арасындағы сәйкестік болмайтын мәтіндермен жұмыс ; берілген сұрақты шартқа сәйкестендіру ; теңдеу және оны шепіу ; қарапайым теңдеулер құру және оларды шешу тәсілдері ; 1-ге арттыру 1-ге кеміту ; бір таңбалы натурал сандар қатары ; он , ондық , ондықтармен санау ; бір ондықты қосу және азайту ; ондықтар қатары ; ондықтар - екі таңбалы сандар ; дециметр , ұзындықты өлшеу және салыстыру ; ондықтарды қосу және азайту; геометриялық фигураларды құрастыру және бөліктерге бөлу ; көпбұрыштарды еркін өлшеммен сызу ; көпбұрыштардың қабырғаларын өлшеу ; берілген екі санда пайдаланып , бірнеше тапсырма және есептер тұжырымдау ; теңдік және теңсіздіктер құру ; сурет бойынша есептер құру және шығару ; өрнектер құру ; мәндерін табу.



Осы мәселелерді оқытып - үйрету барысында мына сияқты дидактикалық ойындарды пайдалануға болады . «Аукцион» , «Баспалдаң» , «Гулдер , аралар» , «Қосындыны (айырманы) ата», «Сиқырлы mac), «Есте саңта», «Математикальщ домино» , «Қимақ», «Қол согу», «шапалаңтау», «Жубын man» және т.б.

«Тізбек».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды 20 көлеміндегі сандардың нумерациясымен таныстыру.

Оқыту құралдары . Магниттік шеңберлер , яғни геомерриялық фигуралар .

Ойын мазмұны . Ойынға бір мезгілде 3 оқушы қатысады . Бірінші оқушы магниттің тақтаға 2 разрядты таблицаға цифрларды қойып шығып . Ал екінші оқушы сандарды атайды , ал үшіншісі ондық және бірліктен құралған қүрамын атайды .

«Математикалық эстафета».

Дидактикалық мақсаты . 20 көлеміндегі сандардың нумерациясын бекіту.

Оқыту құралдары . 10 дөңгелек және 10 үшбұрыш .

Ойын мазмұны . Мұғалім қатар бойынша сыныпты 3 командаға бөледі де ойын жарысты жүргізеді . Бірінші оқушы бірінші командадан дөңгелек пен үшбұрыштың көмегімен санды илюстрациялап көрсетеді , осы команданың екінші оқушысы цифрмен беогілейді, үшіншісі санның құрамын атайды , төртіншісі карточка арқылы санды көрсетеді . Осыған ұқсас 2 ай және 3-ші ісомандаларда жаттығулар орындайды . Қай команда бірде - бңр қате жібермесе немесе аз қате жіберсе , сол команда жеңіске жетеді.

«Есте сақтау».

Дидактикалық мақсаты . 20 көлеміндегі сандардың нумерациясы туралы білімдерін дағдыландыру.

Ойын мазмұны . Оқушы допты қағып алып , мұғалімнің қолсоғуын тыңдап санап тұру керек . Мұғалім қол соғуын тоқтатқан кезде оқушы допты мұғалімге қайтару арқылы жауап айтады . Ойын осылай кезегімен жалғаса береді . Балалар 20-ға дейін санап болмайынша ойын жалғаса береді . Осыған ұқсас ойын барысын кері ұйымдастыруға болады .

«Дыбыс санау».

Дидактикалық мақсаты . Ондықтар және бірліктерден құралған сандарды атауға дағдыландыру.

Оқыту құралдары . Екі разрядпен берілген таблица .

Ойын мазмұны . Тақтаға екі разрядпен берілген таблица ілінеді.

Ондықтар

Бірліктер







Мұғалім таяқшамен әуелі ондық разрядтары қанша болса сонша рет тақылдатып , одан соң бірлік разрядтарының санына сәйкес санды атап , цифрларды көрсетеді . Мысалы , алғашқы шыққан 1 дыбысқа ондық разрядты , ал одан соң 2 рет тақылдатқан дыбысқа бірліктер разрядтары сәйкес айтылып , балалар 12 санын атап цифрлармен көрсетеді.

«Қол шапалақтау».

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың ондық сандар құрамы жөніндегі білімдерін пысықтау.

Ойын мазмұны . Мұғалім тақта алдына екі оқушыны шақырады . Оң жақтағы оқушы бірліктерді білдіреді , ал сол жақтағы - ондықтарды білдіріп тұрады . Мұғалім екі таңбалы санды атайды : оң жақтағы оқушы бірлік сандар үшін , ал сол жақтағы оқушы ондықтар үшін қол шапалақтайды . Қалған орындарында отырған оқушылар бақылаушының қызметін атқарады . Егер ондық сандар қүрамын оқушылар дұрыс көрсетпесе , онда оқушылар белгі беріп, қатесін дұрыстап отырады.

«Клоун қонақта».

Дидактикалық мақсаты . Ондықтарға арналған мысалдарды дұрыс, тез есептеуге машықтандыру .





Ойын мазмұны . Клоун қонақта ойыны тапқырлықты , байқағыштықты қалыптастыру мақсатында өткізіледі . Мысалы , 1-ден 9-ға дейінгі сандар картонның екі жақ шетіне баған түрінде жазылып , ортасына клоун суреті салынады . Берілген сандардың біреуін алмастырып қойса , екі жақтағы сандардың қасындағысы 20-дан болады . Кім бұрын тапса сол оқушы жеңіске жетеді.

«Үндемес».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларды ойын барысында тапқырлыққа , мысалдарды тез , дұрыс есептеуге дағдыландыру .

Ойын мазмұны . Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады . Ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады . Центрге жазылған санның жанына арифметикалық амалдардың бірінің тақтасы қойылады . Ценрдегі жазылған сан ғана тұрақты болып табылады . Ойын тәртібі төмендегідей . Мұғалімнің көрсеткішпен тақтаға контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді , ал балалар центрге жазылған сан мен амалды орындайды .

20 11 6 10




Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады . Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса қолдарын көтереді де белгі береді . Ойынды өзгертуге де болады . Мұғалім санды көрсетеді, оқушылар үндемей кеспе цифрдан нәтижесін көрсетеді.

«Математикалық эстафета».

Дидактикалық мақсаты . Берілген мысалдарды балалардың дұрыс және тез шығаоып , осы сандар бойынша өрнек құрастырып , эстафетаны келесі балаға тапсыру .

Ойын мазмұны . Кластағы парта қатарлары бойынша 3 командаға бөлінеді. Әр команда үшін тақтада мысалдар жазылған . 10+5 10+9 10+7 Бірдей уақытта әр командадан үш оқушы шақырылып отырады . Балалар сандар бойынша өрнек құрастырып , эстафетаны келесі балаға тапсырады .

Мысалы,


10+5=15-тен 15-5= 10+9=19-дан 19-10= 10+7=17-ден 17-10=

өрнектерін құрып , шешуді келесі балаға тапсырады . Ойын осы сандарға байланысты барлық мысалдарды шығарып болғанша жалғаса береді . Осылайша әр команда оқушылары бір – бірімен байланысты төмендегідей мысалдарды құрады .

10+5=15 10+9=19 10+7=17

5+10=15 9+10=19 7+10=17

15=10+5 19=10+9 17=10+7

15=5+10 19=9+10 17=7+10

15-10=5 19-10=9 17-7=10

15-5=10 19-9=10 17-10=7

Тізбек құрудан бұрын орындаған команда жеңіске жетеді.

«Мақсатқа жету».

Дидактикалық мақсаты . Балаларды түрлі мамандық иелерімен таныстыра отырып , 20 көлеміндегі сандарды есептеуге машықтандыру.

Оқыту құралдары . Сырт жағына мысалдар жазылған түрлі заттар.

Ойын мазмұны . Күні бұрын түрлі мамандықты бейнелейтін карточкалардың сыртына өтілген тақырыптарға лайықты есептер жазылады . Ұшқыш болғысы келген оқушы самалет суретін алады да , сыртындағы мысалды шығарады .

Мысалдар жазылады . Кез келген фигураның аты аталғанда оқушылар сол фигураның бетін жабады .



«Өрмеле, бірақ қайта тусе біл» .

Дидактикалық мақсаты . Балаларды ірі және үсақ өлшеуіштерді ажырата білуге үйрету.

Ойын мазмұны . Бұл ойынды өлшеуіштер тақырыбын өткенде оқушылардың тез ойлануы және ірі, үсақ өлшеуіштерді ажыратып, естеріне сақтау үшін ұйымдастырылады . Онда оқушылар үсақ өлшеуіштерден ірі өлшеуіштерге дейін айтып шығады . Ірісіне дейін айта алмаса , жоғарылап барып , түсе алмағаны . Ойынды бірнеше рет қайталауға болады .

2.3. Педагогикалық іс - тәжірибе нәтижесі. Біз нені

үйрендік ?

Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс істеудің әдіс - тәсілдерін жете меңгеріп , бұлдіршендердің көңіл -күйіндегі өзгерістерді жете байқап , бір жұмыс түрінен екіншісіне тез ауысып оқуға қызығуын арттыруы керек . Сабақты тартымды , қызықты ойын түрінде жүргізу жас үландардың білімге ынта -ықыласын арттырады . Көңілі көтеріңкі бала , өзі істеген әрекеттерді сенімділікпен орындайды , шаттық сезімге бөленеді . Ойын балалардың іс - әрекетке шапшаң икемделуін дамытып , оларды тапқырлыққа баулиды . Осындай әдістерді қамтыған мемлекеттік іс - тәжірибе кезінде өткен өзімнің бірнеше үлгі сабақ жоспарларымды және «біз нені үйрендік?» тақырыбында ұйымдастырған жұмыстарымды ұсынбақпын .

Математикалық жарыс «Кім жүйрік».

Оқу - тәрбие мәселесін тиімді шешуде әрбір сыныпта орындалатын жұмыстың мақсатын , түрі мен әдіс - тәсілдерін кеңінен ойланып, түрлендіруіміз шарт .

Сыныптан тыс жұмыстың тиімді әрі оқушыны қызықтыратын бір түрі - математикалық жарыс. Математикалық жарыс баланың ой-өрісін дамытып, өткен бағдарламаларын материалдарды естерінде берік сақтауына, белгілі бір тақырып бойынша ойларын тез тұжырымдап, жинақтап айтуына, дұрыс сөйлеуге машықтандырудың тигізер әсері көп .

Оны ұйымдастыру барысында сұрақтары алдын-ала іріктеліп орындалатын жұмыстар көрсетіліп, жоспарланады . Жарыс жүргізуде балалар 2 командаға бөлінеді . Біздің сыныбымызда «Жүлдыз» , «Жалын» аталатын екі команда бар .

2004 -2005 оқу жылы аяғында «Біз нені үйрендік?» тарауы бойынша сыныбымызда «Кім жүйрік?» атты математикалық жарыс өткіздік . Осы өткізілген кейбір жарыстардың құрылысы мен өтілуіне , балалардың ойынға қатысуына тоқталайын .

Викторинаның сұрақтар мысалдарды шығаруды, санауды,сандарды оқуды және жазуды салыстыруды, қосуды жәнеазайтуды есептерді шығаруды қаншалықты иеңгергендіктерін,яғни оқушылардың ойланымпаздығын, байқампаздығын арттыру мақсатында өткізіледі.


Мысалдар шыгару.
1. 7-D = 8 -П =

6-П = 9 -П =

П- 6 = П- 4 =

П- 7 = □ - 8 =

9-4 + 5 = 16-6-9 =

3 + 7 + 8= 13-3-6 =

10-6+1 = 2 + 6 + 9 =

10-9-1 = 8-3 + 7 =

3 + 3+3= 4 + 4 + 4 =

Қосуға арналған өлең - есептер

1. Асан, Айша екеуі
Қос қуыршақ,
Бір құлыншақ,
Екі ойыншық,
Құстай ұшып

Үйден шықты ... Жауабы : Жетеуі.

2. Талдан ұштпы топ торгай
Емес бірақ көп торгай .
Алдында оның - бастаушы
Артында төртеу — қостаушы
Онын жүйрік болса егер

Торгай үшеу есепкер . Жауабы : 5 торгай .

III. Математикалық жұмбақтар шешу.

Математикалық жұмбақтар жауабында немесе айтылуында математикалық ұйымдар , символдар , терминдер болады . Мұнда жұмбаққа қойылатын талаптар да сақталады .
1. Түгел айтпасац небарын
Төрт құлақ ma бір қарын Қазан

2. Жуз төрт түйме,

Он бір ине . Есеп шот .

3. Екі семсер айқасқан ,

Оқта - текте шайқасқан . Есеп шот .

4. Төрт қол ұстап , беріп тур,

Қырық аяқ теуіп , керіп тұр . Футбол .

Ойын «Көңілді санау».

Ойын ережесі. Бұл математикалық жарысқа жатады . Сондықтан екі команда нумерация бойынша қырағылығын сынасады . Қай команда тапсырманы тез орындаса , сол команда жеңімпаз атанады . Жеңімпаз команда үлкен жалаушамен , ал жеңілгендер кіші жалаушамен аталады . Тақтада суреттегідей толтырылған , сол сияқты бас таблицалар күні бұрын сызылып қойылады.

Кестеде тор көздеріне 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылған «Екі команда капитандары бастап сыныпқа қарап тұрады . Сандарды крестпен сызып , ретімен бос таблицаға қайта толтырып , әрбір оқушы екі - екі саннан жазуы тиіс . «Кірісіңдер!» сөзі жарыстың басталғанын көрсетеді.

9

11

8

12

2

7

10

13

6

3

14

5

16

15

4




8

11

9




10

7

2

12

14

3

6

13

4

15

16

5

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет