Жедел жоспарлаудың бірінші кезеңіжоспарлық мәзірді құру болып табылады, ол апта күндері бойынша тағамдардың әр түрлілігін қамтамасыз етуге, бір тағамдардың қайталануын болдырмауға, өндірісті шикізат пен жартылай фабрикаттармен жабдықтауды ұйымдастыруға, тағам даярлау технологиясы үрдісін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспарлық мізірде осы кәсіпорында апта немесе декада күні бойынша даярланатын әрбір тағам ассортименті мен саны көрсетіледі. Жоспарлық мәзірді құру кезінде аспазшылардың біліктілігі, тұтынушылық сұраныс, шикізатпен жабдыұтау мүмкіндігі мен шикізат маусымдылығы, кәсіпорынның техникалық жабдықталуын ескереді.