№46 жалпы орта білім беретін мектеп



Дата25.12.2016
өлшемі17,66 Kb.
#4837

02.12.15.

  • Садыкова Риза Сериккалиевна
  • Физика пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Оқушылардың «заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі»
  • атты тарауы бойынша білімдері мен біліктіліктерін
  • қалыптастыру және практикалық білімдерін пысықтау.
  • Меншікті булану және балқу жылуының ережелері мен
  • формулалары тәжірибелер орындап, есептер
  • шығарғанда қажет екенін оқушы санасына жеткізу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын, ой-
  • өрістерін есептер шығару арқылы дамыту.
  • Тәрбиелік: Физика пәніне деген қызығушылықтарын,
  • белсенділіктерін арттыру. Ұйымшылдыққа,
  • тапқырлыққа, шапшаңдыққа және адамгершілікке
  • тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі: практикалық сабақ
  • Агрегаттық күйлер дегеніміз не?
  • (заттардың үш күйде болуы: қатты, сұйық және газ)
  • Қандай процесті балқу деп атайды?
  • (заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесін)
  • Қандай процесті қатаю деп атайды?
  • (заттың сұйық күйден қатты күйге
  • айналуын)
  • Меншікті булану жылуының формуласы:
  • r=Q/m
  • Балқу дегеніміз не?
  • (Заттың қатты күйден сұйық күйге
  • айналу процесі балқу деп аталады)
  • Жылу мөлшерінің формуласы қандай?
  • Q=cm(t2-t1)
  • Қандай құбылысты кебу деп атайды?
  • (сұйықтың бетінде жүретін булануды)
  • Конденсация дегеніміз не?
  • (Будың сұйыққа айналуы)
  • Меншікті балқу жылуының формуласы:
  • Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қалай анықтаймыз?

Қай фотосурет суық күні түсірілген?

  • Неліктен бізге температурасы 150 бөлмеде температурасы 200 судағыдан жылырақ?
  • Ауаның жылуөткізгіштігі төмен, сондықтан конвекция және жылуөткізгіштік арқылы дене судағыға қарағанда жылуды аз жоғалтады.

Құбылысты атаңыз

Конденсация

  • Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді: - Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Сонда көп білетін Алдар былай дейді: - Жоқ қателесесіз: одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.
  • Сұрақ: Алдардың берген кеңесі
  • дұрыс па?
  • Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шәйді үйге алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар:
  • -Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр, - деген екен. Сонда асып – сасқан бәйбіше: -Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? – деген екен.
  • Сұрақ : Алдар, шынында да, шайдың қайнағанын
  • қайдан білді?
  • Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді.Бай мен Алдар көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра береді де, Алдар алдына келген шайға бірден бір ас қасық шекер салып, әңгімесін жалғастыра береді. Бай Алдардың аузына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.
  • Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың
  • ба, әлде Алдардың ба?
  • Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысықтың жүні үрпиген, мысыққа қарады да, құлақшынын алып жатып былай деді:
  • - Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен – деді.
  • Сұрақ : Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?

«НЕ БІЛІП КЕЛДІМ...» ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТАРДЫ ҚАЙТАЛАУ. – 3 МИН.

  • Кесте толтырады,салыстыру. Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді сәйкестендіру
  • t
  • Q
  • V
  • m
  • c
  • λ
  • Дж
  • с
  • Дж/кг
  • м3
  • кг
  • уақыт
  • масса
  • Жылу мөлшері
  • меншікті жылу сыйымдылығы
  • көлем

Негізгі білімді еске түсіру

  • Негізгі білімді еске түсіру

Қапшықтағы есептер

  • 10 кг күмісті балқытуға 870Дж энергия кетеді. Меншікті балқу жылуын есепте.
  • Балқу температурасындағы массасы 5кг қалайының, 11кг қорғасынның немесе 1,5кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады?
  • 1
  • 2
  • 3
  • Массасы 3кг оқ дәрі жанғанда 11400кДж энергия бөлінген. Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер?

Қапшықтағы есептер

  • Массасы 1,5кг
  • шойын
  • үтікті 2000С-қа
  • қыздыру
  • үшін қанша жылу
  • жұмсалады?
  • 10 кг суды 1000С-та буға айналдыру үшін 2,3*106Дж энергия жұмсалады. Осы температурадағы судың меншікті булану жылуы қандай?
  • Қайнау температурасындағы 300гр эфирді буландыруға 0,12 МДж энергия жұмсалған. Осы мәндер арқылы эфирдің меншікті булану жылуын анықтаңдар
  • 4
  • 5
  • 6
  • Тест орындайды.
  • 0˚С температурада мұз ериді.Осы кезде энергия:
  • А) Жұтылады  В) Бөлінеді     С) жұтылмайды және бөлінбейді
  • 2. Булану кезінде сұйық суиды,себебі:
  • А) бөлшектер сұйықтан жоғары кинетикалық энергиямен шығады
  • В)сұйықтын массасы азаядыС)сұйықтан ең жеңіл бөлшектре шығады
  • 3.Массасы 1 кг зат толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын шама:
  • А)меншікті булану жылуы   В)меншікті жану жылуы С)меншікті балқу жылуы
  • 4. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға қалай тәуелділігін анықта:
  • А)тәуелді емес В)қысым артқан сайын қайнау температурасы төмендейді
  • С)қысым артқан сайын қайнау температурасы да артады
  • 5. Бөлме температурасы  20 0болса, абсалюттік Кельвин шкаласы бойынша мәні-
  • А.393К В.20 К С.293 К
  • 6.Бұлтта су буы кристалға айналады.Бұл процестің нәтижесінде  ауа:
  • А)суиды  в)қызады С)температурасы өзгермейді
  • 7. Қайнау кезінде сұйық толық буланып болғанша температура
  • А.Анықталмайды. В. Төмендейді . С.* өзгермейді
  • 8. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құралды көрсет.
  • A. Термометр B. Спидометр C. Психрометр
  • 9. Кебуге немесе булануға кері жүретін процесс: A. Қайнау B. Конденсация C. Балқу
  • 10. Шық нүктесінің анықтамасын көрсет:
  • A. бу қаныққан күйге өткендегі, ал салыстырмалы ылғалдылықтың 100 пайызға
  • B. салыстырмалы ылғалдылықтың жоғары температурасы
  • C. тең болған кездегі температурасы
  • Дұрыс жауабы:
  • 1.A
  • 2. A
  • 3.В
  • 4.C
  • 5.C
  • 6.B
  • 7.С
  • 8.С
  • 9.В
  • 10.A
  • Қызықты тәжірибені талдайық

Температура

  • Дененің жылулық дәрежесін сипаттайды
  • 1
  • 2
  • 3
  • Сұрақ: Қай суретте: қатты , сұйық , газ тәрізді дене көрсетілген?
  • Сұрақ: Заттардың қандай агрегаттық
  • күйінде ең жоғары
  • және ең төмен
  • жылуөткізгіштік болады?
  • Физика кабинетіндегі ауа ылғалдылығын қалай анықтаймыз?
  • Психрометр
  • Үйге тапсырма:
  • Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Заттың агрегаттық күйінен алған білімді, Ұмытпай есте сақтайық.
  • 1. Тарау бойынша тестке дайындық,
  • 2. Төмендегі формулаларды пайдалануға арналған есептер құрастыру:
  • 1. Q =rm – қайнау кезінде;
  • 2. Q =rm –конденсация кезінде;
  • 3. m=Q/r.

Каталог: uploads -> doc -> 0a76
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a76 -> «№3 орта мектебі»кмм ағылшын тілі пәні мұғалімі Жолдыбаева С. М «Ең оңайы еліктеу
0a76 -> Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Жазғытұры»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет