5. континенттердің ҚҰрылымдық элементтері



бет7/12
Дата14.02.2023
өлшемі151,5 Kb.
#168748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8-9 лек

аспайды. Бел-белестер əдетте авлокогендердің өстік бөлігінде
немесе оның жақтауларында ұшырасады. Мұнайшы геологтар
бел-белестерді кейде «жергілікті көтерілімдер» («локальные
поднятия») деп атайды.
Антеклизалар мен синеклизалар ауқымындағы шөгінді
тысты құрайтын қатқабаттар көбінесе азын-аулақ дəрежеде
ғана деформацияға ұшыраған (нашар қатпарланған) қабаттар
жиынтығынан тұрады. Бұл қатқабаттардың қатпарлану дəрежесі
(жекелеген қабаттардың еңістену бұрышы) əдетте бірнеше
градустан аспайды, тек қана «тұз тектоникасы» деп аталатын
процеске ұшыраған аймақтардағы аталған көрсеткіш ондаған
градусқа жетуі мүмкін. Шөгінді тысқа тиесілі қатпарлық
бүйірлік қысым (боковое сжатие) есебінен де, сол шөгінді
тыстың «астында жатқан» кристалдық іргетасқа тиесілі
кешендердің əртүрлі жыртылыстар, яғни терең жарылымдар
арқылы қозғалыстарға ұшырауы нəтижесінде де қалыптасуы
мүмкін.
Платформалардың кристалдық іргетасы бұрынғы
орогендердің (тау жүйелерінің) «тамырлары», яғни таудың
денудацияға ұшырап аласарып қалған «қалдықтары» екендігі
түсінікті. Қарқынды қатпарланған, жыртылған, интрузия
шоғырларын көптеп кіріктіретін осы кристалдық іргетас өзінің
платформалық даму сатысында тербелмелі тектоникалық
қозғалыстарға мүлдем ұшырамаған жағдайда немесе негізінен
жоғары көтерілген жағдайда сол іргетас кешендері жер бетінде
ашыла отырып, байырғы қалқандар қалыптасады. Ал егер
бұрынғы таулардың «тамырлары» төмен қарай ойысқан
жағдайда байырғы тақталар жəне осы тақталарға қарасты
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
144
төмен дəрежелі тектоникалық құрылымдар – антеклизалар,
синеклизалар, авлокогендер жəне бел-белестер қалыптасатын
болады.
Алайда болашақ платформаның орогендік даму сатысы
толығымен аяқталып, оның шын мəніндегі тақталарды
қалыптастыратын нақты платформалық даму сатысы
басталғанға дейінгі аралықта біршама уақыт өтеді. Олай болса,
платформа дамуының «тақта қалыптасқанға дейінгі тарихын»
бөлек қарастыру орынды. Осы тұрғыдан алғанда,
платформалардың даму тарихын екі сатыға жіктеуге болады,
олар платформаның «кратондану сатысы» жəне «авлокогендік
сатысы». Платформаның толығымен тұрақтану сатысын
«тақталық сатысы» деп аталады.
Платформа дамуының «кратондану сатысы» көне
платформаларда негізінен алғашқы рифейге сəйкес келеді. Бұл
кезде көне платформалардың кристалдық іргетасы өзінің
қарқынды қатпарлануын тоқтатып, бірте-бірте тұрақтана
бастайды. Көне платформалардың басым бөлігі бұл кезде баяу
ғана жоғары көтерілген, мұның салдарынан олар жер бетінде
ашылған, яғни шөгінді тыс қабаты шектеулі дəрежеде ғана
көрініс берген. Алайда бұл кезең негізінен қышқыл құрамды,
сілтілік дəрежесі де жоғары эффузиялық жəне эксполозиялық
магмалық əрекеттің кеңінен етек алуымен, сол сияқты көне
таужыныстардың калийлік метасоматозға ұшырауымен
сипатталады. Екінші сөзбен айтқанда, көне платформалардың
бұл алғашқы даму сатысы жер қойнауларынан көтерілген жылу
жəне флюид ағымдарының жоғары дəрежесімен сипатталады.
Платформа дамуының «авлакогендік сатысы» көптеген
көне платформаларда ортаңғы жəне жоғарғы рифей кезеңдеріне
сəйкес келеді, кейде бұл саты – венд кезеңін де қамтиды. Бұл
кезең алып тұлғалы Пангея материгінің быт-шыт боп жарыла
бастаған сəтіне, сөйтіп əрбір көне платформаның дербестеле
бастаған сəтіне сəйкес келеді. Мұның өзі көне платформалардың
кристалдық іргетасының ауқымында əртүрлі созылу
деформацияларының көрініс беруіне, осылайша созылу
нəтижесінде алуан түрлі жыртылыстардың кеңінен етек
Геотектоника жəне геодинамика
145
алуына жағдай жасаған. Бір-біріне бойлас созылған
жыртылыстар (терең жарылымдар) аралығындағы созылу
өңірлерінде авлокогендер көптеп қалыптасқан. Авлокогендер,
яғни көне рифтілер континент жағдайында немесе саяз сулы
теңіз жағдайында түзілген сынықты (терригендік)
шөгінділермен «көмілген». Бұлардың арасында кейде
страматолитті карбонаттар мен эвапориттер де ұшырасып
қалады. Авлокогендерді «толтырған» жаралымдар арасында
платобазальттардың жамылғылары да ұшырасуы ықтимал,
бұлар «трапп формациясын» құрайтындығы жоғарыда
айтылды.
Көне платформа дамуының «тақталық сатысы»
авлокогендердің ауқымды-ауқымды ойысымдарға ауысуымен,
сөйтіп платформалардың ауқымды аймақтарының шөгінді тыс
құрылымдық қабатымен жаппай көмкерілуімен сипатталады.
Бұл саты барысында платформа толығымен тұрақтанған
құрылымға айналады, яғни оның ауқымында қарқынды
тектоникалық қозғалыстар болмайды, магмалық жəне
метаморфтық əрекеттер де саябырлайды («трапп формациясы»
ғана көрініс беруі мүмкін). Осылайша тұрақтанған көне
платформаның əртүрлі аймақтары эпейорогендік немесе
тербелмелі тектоникалық қозғалыс салдарынан баяу ғана
төмен ойысуы немесе жоғары көтерілуі мүмкін. Көне
платформалардың ойысқан өңірлерінде байырғы тақталар, ал
жоғары көтерілуге ұшыраған аймақтарында қалқандар
қалыптасатындығы жоғарыда айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет