13. Синтаксистің зерттеу объектісі.
131.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңарына қандай жұрнақтар жалғанады? а) –нікі,-дікі,-тікі
ә) –ше
б) –ған,-ген,-қан,-кен
в) –ғалы,-гелі
г) –дай,-дей,-тай,-тей
132.Етістікті сөз тіркесін тап:
а) жаз келді
ә) қиын сөз
б) оның өнері
в) осы бала
г) әсем қыз
133.Есімді сөз тіркесін тап: а) он бес адам
ә) алып тұр
б) сүрте сал
в) келе бер
г) жазып қой
134.Синтаксис дегеніміз не?
а) Сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылым.
ә) Тілдердің грамматикалық жүйесін зерттейді.
б) Синтетикалық сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілі.
в) Синтетикалық тұлға мен форманың бірлігі.
г) Тәсіл мен байлану амалдары.
135.Синтаксистің зерттеу объектісі: а) сөз тіркесі мен сөйлем
ә) сөздердің грамматикалық мағынасын
б) сөйлем мүшелерін
в) тілдік жүйені
г) сөздердің тіркесімділік қасиетін
136.Қазіргі таңда зерттеу нысанының сипатына қарай синтаксис ілімі қанша салаға бөлініп жүр? а) 4
ә) 3
б) 5
в) 2
г) 6
137.Синтаксистік форма дегеніміз не?
а) синтаксистік тұлғаның тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты
ә) сөйлемнің не оның компонентерінің грамматикалық дербестігі
б) синтаксистік тұлға мен форманың бірлігін айтамыз
в) синтаксистік сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын айтамыз
г) сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері
138.Синтаксистік мағына дегеніміз:
а) синтаксистік форма мен тұлғаның бірлігін айтамыз
ә) сөйлемнің не компонентерінің грамматикалық дербестігі
б) сөз тіркесі мен сөйлемнің грамматикалық мағынасы
в) сөздердің құру тәсілін зерттеу
г) сөздердің тіркесу тәсілі мен байланысу амалдарын зерттейді.
139.Негізгі синтаксистік тұлғаның бірі: а) сөз тіркесі
ә) сөйлем
б) сөйлем мүшесі
в) шылау
г) жалғау
140.Сөз тіркесі дегеніміз не?
а) Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысын тобын айтамыз.
ә) Құрамы екі сөздерден тұратын сөз тіркесін айтамыз.
б) Лексика-грамматикалық топ болып сөз тіркесінің бір сыңары қызыметінде жұмсалатын тіркес. в) Лексика-семантикалық дербес мағына.
г) Күрделі етістіктер тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |