5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі



бет13/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Алла мықты жаратқан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр. Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз, Таба алмасам, ақылды болар неміз? Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, Жақсылық пен жамандық-болды сегіз.» Атамыз, ақынның ақылы қандай болу керек дегенге де жауап бере отыра қыс-суықтық болып оған ақыл, өлім, нәпсі, сабыр болса, жаз-ыстықтық болып; ләпсі, ұят, мейір, ашу болып, ал күнге ақыл, мейір, ләпсі, түн-қараңғылыққа; ашу, нәпсі, ұят, және тақта зұлымдық, жұпта жақсылық болып бір-бір бірімен үнемі орын алмасып, адам бойында соғысумен болады. Енді осы төрт түрлі қарсылықтан адам баласында пайда болатын дінсіздік қылықтарды Шәкәрім атамыз; «..Туған елім надан жұрт, Жуандық тағы, бір қыл құрт, Жетім ерке болып қырт Мансапқа мінген мен бір мас.» деп Надандық, тәкәпарлық, мақтаншақ, даңғойлық және жындылықтың, әртүрлі дүние қызығына мастықтықтың пайда болатынын және төрті кеселдің де адам бойында оның пайда болу себебі мен, онымен күресу үшін; «Араб, парсы оқымай, Орысшаны тоқымай. Бұтасыз біткен шоқыдай, Ғылымнан едім жалаңаш. Түрікше ғана білуші ем, Сонымды қару көруші ем. Перевод оқып жүруші ем, Орысша, араб аралас. Адасып діншіл алғанын, Пәншілдер ғылым қазғанын, Философ-ойшыл жазғанын Сынауға енді бұрдым бас. Жоғары төрт кеселдер, Өзіңнен болды десеңдер. Дәлелін айт, шешендер...» Адамзатқа бұл төрт кеселдің тағдырға сынаққа берілетін ескерте отыра және осы кеселдерді жеңе алмаудан да, халықтың надандыққа ұшырап, діннің азып, одан жеке адамдардың мастықпен жындануын дін ғалымдары мен философ ойшылдары және ел басқарушыларының адасқанынан дәлелсіз білімнің соңына түсуден пайда болады деп түсіндіреді. Данагөй аталарымыз; «Дінге үш түрлі адамдардан қауіп төнеді: 1) ниеті бұзық ғалымнан, 2) залым патшадан, 3) өзін білерменге санайтын сопыдан, дін ғалымдарынан. Ал хадисте: Алдыңғы екеуі қоғам ісіне байланысты. Залым ғалым да, залым патша да халықтың арасына түрлі ойдан шығарылған заңдар шығарумен іріткі салып, құдайдан келген шындықты, ескертулерді мойындамай бұрмалайды, ел ішіне сонан алуыздық тарайды. Ал-үшіншілері-надан сопы, діншілер ғылымнан хабары жоқ болса да, ешқандай қатысы жоқ істерді дінмен байланыстырып, өздерінің жеке бастарының мүдесі, бедел-абыройлары үшін басқаларға түрлі түсініксіз сөздермен, діни ұғым, жоралғылармен тұзақ құрып, өздеріне берген ақылдарына ғана табындырады. Бастарына сәлде орап, үстеріне түрлі шапан киіп, діннің тонын жамылады да дінді дүниемен бағалап, пайда іздейді. Бұл қауіптің ең зоры»-деп ескерткен екен. Сондықтан да, адам баласы құдайлық хикметті, білімді алумен ғана жоғарғыдағы ескерткен жетеуін түгелдеп қана иман келтірген болып, момын бола алады. Ал тек төрт амалмен яғни шариғат ұстануларымен, сәзжделік жалбарыну құлшылық амалдарымен, алдыңғы үш иман гүлін өсірмей, соңғы төрті меңгергенен тек мұсылман ғана болады деп те ескертіпті. Момын (мүмин) адам баласын ақиреттің де, дүниенің де құлшылығын тең ұстайтын адам баласын айтады. Ал Шәкәрім атамыз сопы болудың көрнісін; «Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар, Берейін атын атап, ұқсаңыздар: Махаббат, ғаділет пен таза жүрек. Бостандық, терең ғылым-міне осылар. Жарамас сөз ұғуға сыртқы құлақ, Іштегі құлағыңмен тыңда шырақ! Бұлар жоқ дүниеде деп ойлама, Қазақта ол бесеуі болмас бірақ... Қазақта ғаділетті ғалым бар ма? Бұл күнде момын жемтік залымдарға... Ақ жүрек таба алмадым елді шарлап, халқым деп жабырқадым күнде зарлап. Ләйлінің қабіріне барғандаймын. Табамын мен де қабір бір күн қармап...» Бұл бес нәрсені табу үшін әуелі үш байлығыңды түгелдеп, сонан кейін ғана ақылдың бостандығы еркіндігі қалыптасып, жүректің көзі болған, іштегі құлағыңа аруағыңа, тылсым үніне құлақ сал оны әулиелердің қабірінен ізде деп астарлап ескертеді.

Құдай үкімдеріне мойынұсынып сиыну туралы.

Енді исламдық шариғат- дін ісі мен, исламға дейін қазақ жұртының табынған Құдай ісінің ерекшелігі бар ма? Бір тәңірге табынудың, «Бір Аллаға» табынудан қандай айырмашылығы бар? Және ислам ғалымдары мен имамдармыз, Інжіл, Тәурат, Зәбур құлшылық істерін неге исламдық шариғаттан бөлек, және күшін жойған деп пәтуа береді? Сонымен, Құдай ісіне мойынсұну дегеніміз исламнан да бұрын түсіріліп, исламдық шариғат, осы білімнің жалғасы және қазақ салт-дәстүрлі діні, Ғиса пайғамбарымызға берілген намаз амалдарын да толық қами алатынын, Абай атамыздың иман гүлін өсірудің, үш сүюдің және үш байлықтың да негіздері болатынын оқырмандар өздері салыстырып көрсін, деген ниетпен, Інжілден: «Сонымен ер адамдардың әр жерде (киелі орындарда, мешітерде, зираттарда) адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын. Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын. Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық. Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойын ұсынып, тәлім алсын. Олардың Құдайдың ілімі жайлы тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргүзуіне жол берілмесін. Олар тыныштықта болсын. Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды. Ал егер әйелдер сенім, сүйіспеншілік, қасиеттілік және сыпайлықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда ғана күнәнің ықпалынан аман сақталады. (Басқа жағдайда күнәнің ықпалынан құтылу қиын.) Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар! Иемізбен байланыста сендердің осылай істегендерің жөн, өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек-әйелдің «басы». Әйелдер қауымы күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын. Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар! Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру-күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкімде өз тәнін жек көрмейді, қайта оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз. «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады»,-деп жазылған. Әрқайсысың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметеуге міндетті. Ата-аналар, баларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар! Қайдағы біреу пәлсапасымен пайдасыз іліммен сендерді өзіне баурап алмасын, байқаңдар! Адамдар ойлап шығырған аңызға негіздеген ондай ілім Мәсіх туралы емес, әлемдегі тұрпайы рухани күштер туралы үйретеді. Сондықтан ешкім сендерді белгілі тағамдар мен сусындарды ішкендерің, немесе бір мерекені, жаңа туған айды не діни демалыс күнін сақтамағандарың (жұма намазы) үшін айыптамасын! Ондай парыздармен ілімдер адам ойынан шыққан. Олар кісінің өз бетімен құлшылық етіп, кіші пейілділік танытып, тәнін қатаң тәртіппен ұстауын талап етулеріне бола дана болып көрінеді. Алайда олар адамды ізгілікке жетелемей, оның күнәкар болмысының құмарлықтарын қанағатандыруына жол береді. Осындайлардың ақыл-ойларын өз күнәкар болмыстары билейді, ал беделділері (имамдары) себепсіз кеуделері көтеріп, қауымның Басы Иса Мәсіх туралы ілімді ұстанбайды. Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен (Раббымызбен) байланысып, нұрсыңдар; ендеше нұрдың адамдары болып әрекет етіңдер! Ал нұрдағы өмірдің өнімі-нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдайға не ұнайтынын біліп алып, түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер! Мұндайлардың жасырын істейтіндерін айтудың өзі ұят. Ал түнекке нұр шашылса, ондағылардың бәрі анық көрінеді. Бар нәрсені әшкерелейтін Нұр. Сонымен парасатсыз емес, парасатты өмір сүруге ерекше ден қойыңдар. Жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы. Сондықтан ақымақ болмай, Құдайдың еркін біліп алыңдар. Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Зәбур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер! Ал өзара буындармен, сңірлермен нығайып, тұрасқан тәндік дененің өсуін бастың басқаратыны сияқты, бүкіл қауымның Құдайдың қалағынындай рухани өсуін де Мәсіх басқарады. «Егер біреу қауым басқарушысы (мәдениет басшылары, имам, сауаттандыру ордалары, керуен, дін басшысылары) болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл-дәл айтылған шынайы сөз. Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал, есті, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы, не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс. Ол отбасына жақсы басшылық етіп, баларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт. Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады? Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе мақтаныштан кеудесін көтеріп, шайтан іспеті Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін қауымнан сыртқы жұртың да оған жақсы куәлік берулері керек. (Жоғары басшылықтың пәрменімен тағайындалмауы керек. Халықтың талабы ескерілсін) Сол сияқты қауым қызметшілері де (мәдени, діни қызметкерлер) байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдікпен пайда құмарлақтардан аулақ жүрулері қажет. Олар бізге сенім туралы ашылған құпия ілімді (хикметті істерді, уахи-бата, аманаттарды) таза ар-ұждандарымен ұстануға тиіс. Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып, балалары мен отбастарына жақсы басшылық етулері керек. Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде (Құдай патшалық істерінде) үлкен батылдыққа (сабырға,аруаққа) ие болады. Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, еркше құрмет пен қамқорлыққа лайық. Себебі Киелі жазбаларда былый делінген: «Астық басқан өгіздің аузын жаппа!» Және: «Жұмысшы еңбек ақысын алуға лайық». Қауым жетекшілерін айыптағанда ең аз дегенде екі-үш куәгер болмаса, оған құлақ аспа. Басқаларды да сақтандыру үшіән күнә жасаушыларға бәрінің алдында сөгіс бер. Қауымнан тыс адамдармен парасатты қарым-қатынас жасап, тиімді сәттерді пайдаланыңдар! Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдір. Құдай, Иса Мәсіх және таңдаулы періштелер алдарында саған мықтап ескертемін: осы нұсқауларды алаламай орында, еш нәрсені де бір жақтылықпен істеме! Адамдардың үстеріне қолыңды қойып, батаңды беруде (аруақ батасын жеткізуде) асығыстық жасама, әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың. Өзіңді пәк таза ұста. Кейбіреулеріңнің күнәлары көзге айқын көрініп, оларды тікелей айыптауға бастап әкеледі. Ал басқалардікі кейінірек әшкереленеді. Сол сияқты, игі істер де айқын көрінеді, ал білінбейтіндері де жасырын қала алмайды. Құдайдың есімі мен біздің ілімізге жұрттың тіл тигізбеулері үшін, құлдықта жүрген барлық қызметшілер қожайындарын құрмет атаулыға лайық деп есептелсін! Қожайындары сенуші болса, қызметшілері соларға рухани бауырласым деп тиісті құрмет көрсетпей жүрмесі, керісінше оларға одан да жақсы қызмет етуге тиіс. Себебі соның пайдасын көретіндер-сүйікті бауырластары ғой. Осы нұсқауларды қауымға үйретіп, ескерте бер! Ал сен, Құдайдың адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділетті, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім, сүйіспеншілік, төзімділік пен ілтипатқа ұмтыла бер. Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан. Тәңір сені осыған шақырды, өзің де көптеген куәлардың (аруақтың) алдында Ізгі хабарды мойындадың... Берілген нұсқауларды Иса Мәсіхтің (көктен) қайта келіп, ұлылықпен көрінетін күніне дейін мүлтіксіз, таза орында! Әрдайым Құдайға сиынып, рухани сергек те шыдамды болып, шүкірлік ете беріңдер! Құдайға мойынсұнып, терең қастерлеп, Оған ұнамайтын атаулыдан қатты жиркеніңдер! Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асуларына түрткі болушы-Құдай. Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай істеңдер! Осылай қазіргі қыңыр, азғын ұрпақтардың арасында еш кінәратсыз таза, Құдайдың мінсіз рухани балары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап, адамдарға шынайы өмірді жеткізетін Құдай сөзін ұсыныңдар. Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілердің, дүниені билеп-төстеушілеріне-көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақты» бәрін асыныңдар, сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар. Сонымен шындықпен «белді бекем буып», әділеті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар! «Аяқ киімдеріңді де киіп», татуласу туралы Ізгі хабарды (Құранның хикметті аяттарын, батаны,уахиды) таратуға дайын болыңдар! Бұларға қоса сенімдеріңді «қалақан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп», қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»! Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінәжат ете (намаз оқу, жалбарыну) беріңдер! Өзінің белгілеген кезінде Мәсіхті салтанатпен көрсететін Құдай-мадақталған, бірден-бір қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі, мәңгіліктің жалғыз Иесі! Ол ешкім жақындай алмайтын нұрда тұрады, ешбір адам баласы Оны көрген де көре де алмайды. Қадір-құрмет пен билік мәңгі Оныкі. Аумин!»

Бауырластар үшін мінәжат ету. Дұға жасап тілек тілеу.

Сенім мен иман ерекшелігі.

Сенімді болу мен, иманды болудың айырмашылығы қандай? Әрбір тілін кәлимаға келтіріп, жаратқанның құдіретін, кітаптарын, пайғамбарларын мойындап, намазын, құлшылығын орындағандар исламда мұсылман ал дінде сенім келтіргендер, сабырлықты меңгергендер болып саналады да, иман келтірудің Құдай ісімен дарындылықтарды меңгерумен байланысты екенін, Інжілдік насихаттан; «Бауырластар, Құдайға сендер үшін әрдайым шүкірлік етіп, үнемі алғыс айтуға тиіспіз. Бұл әділ де, өйткені бәріңнің сенімдерің мен өз ара сүйіспеншіліктерің артып келе жатыр. Сондықтан біз бастарыңнан өтіп жатқан әр түрлі қудалау мен қиыншылықтар кезіндегі шыдамдылықтарың мен сенімдеріңді Тәңірдің өзге қауымдарына айтып мақтанып жүреміз. Бұның бәрі Құдайдың барлық адамдарды әділ соттайтынын көрсетеді. Ол Өзінің Патшалығы үшін азап шеккен сендерді оған кіруге лайықтысыңдар деп есептейді. Сендерді қинағандарды құдай қинамақ, ал қиыншылық көріп жүрген сендерге бізбен бірге тыныштық бермек. Құдайдың әділдігі осындай... Ол өз ұлылығына байлығына сәйкес, Киелі Рухының арқасында, жан дүниелеріңді, Өзінің құдіретімен нығайта көрсін. Мәсіх, сенімдер арқылы жүректеріңе орнығып, рухани өмірлерің Оның сүйіспеншілігіне тамыр жайып, негізделсін. Осылай сендер Мәсіхтің сүйіспеншілігінің қаншалықты кең де көз жеткісіз, терең және биік екенін, Құдайдың бүкіл халқымен бірге түсіне алып, адам санасы жетпейтін,(иман) осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін! Ал Тәңіріміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағанан немес ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады. Оның даңқы қауымда Иса Мәсіх арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік арта берсін!» Бұл өсиетпен, дін ғалымдарымыздың иман келтіру деп, иман қуатын жүрекке зейнетеп алуды, адам санасы жетпейтін құдайлық болмыс, мейрім екенін, яғни адамзаттың бір-бірінен деген махаббатпен іс қылуға жетелейтін хикметті құпия білімді ескертеді. Сондықтан тек сенім қуатын жетілдіруге ғана негізделген құлшылықтармен, дінді тек парыздармен шектеп, құдайдан келетін хабарларды, уахи-баталарды теріске шығарып, үкімдеушілерге: «Сол адамдар (дінді мазақтаған) мәңгі бақи Иеміздің (Раббымыздың) алдын көрмей, Оның салтанатты ұлық құдіретінен аласталып, шексіз қасірет шегетін болады. Сол күні Иеміз келеді де, Өзіне бағышталған адамдардың жасаған игіліктері үшін зор мақтанышқа бөленіп, Өзіне сенген олардың бәрін қайран қалдырады. Сендер де солардың ішінде боласыңдар, өйткені біз әкелген ізгі хабарға (аруақтар батасына) сендіңдер.» «Сондықтан біз әрдайым сендер үшін былай деп мінәжат етеміз: Құдай сендерді құтқарылуға шақырған соң соған лайықты өмір сүрулеріңе, ізгі ниеттеріңді жүзеге асыруларыңа, сеніммен бастаған істеріңді Құдайдың көмегімен аяқтауларыңа қабілет бергей... Иеміз (Раббымыз) сүйген қымбатты бауырластар, сендер үшін Құдайға алғыс айтуға міндеттіміз. Себебі Ол сендерді Киелі Рухының арқасында Өзіне бағышталып, таза жүріп, шындыққа (уахи-бата, аян) сеніп, құтқаруларың үшін әуелі бастан таңдап алған еді. Біздің сендерге уағыздаған Ізгі хабарымыз арқылы Құдай сендерді Иса Масихтің салтанатты ұлылығынан үлестеріңді алуға шақырады. Сондықтан бауырластар, сенімдеріңе берік, табанды болып, біздің ауызша және жазбаша (киелі кітаптар, хадистер) үйреткен уағызымыздан таймаңдар. Лайым бізді сүйетін, рақымын төгіп, мәңгілік жұбаныш пен үзілмес үміт берген Құдай әкеміз (Рабымыз) жүректеріңді жігерлендіріп, сендерге іс жүзінде де, сөз жүзінде де ізгілік жасауға күш бергей.» Енді інжіл жапзбалары да сенімен иман келтіру ерекшелгін ашалап көрсеткенін байқауға болады. Яғни: «сеніммен бастаған істеріңді Құдайдың көмегімен аяқтауларыңа қабілет бергей.». Адам баласының сенімі сынақтармен шыңдалып, жетілу барысында сабыр қуаты болып нәтижеленеді. Иман қуаты, сана қуаты болып, тек құдайдан келетін көмектің яғни иман қуатының ғана әрбір ғибадаттың, құлшылықтың нәтижесін Құдайдың көмегімен, достары болған әулилер арқылы көруге болатынын ескертеді. Бұл дұға тілектерден, інжіл жазбалары арқылы көрсетілген тарихи оқиғалардың, қазіргі қазақ елінде де көктен түскен Ғиса пайғамбарымыздың аруағы бастаған, Алла жолындағы рухани соғыстың, діни надандықпен күрестің, ел, дін басқарушыларынан келген қарсылықтардың, оқиғалардың сол қалпында қайталануымен, елшілер батасының да ата-жолында халықты әулиелер батасымен рухани тазаруға, күнәнің өлуіне шақырып жүргендерге арналған 2000-жылдық шежіренің тереңінен жеткен, ізгі тілек деп түсінгеніңіз абзал оқырман! Құран аяттарында да, барлық тарихи оқиғаларды және аталарымыздың; «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген нахылын аятта; «Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларында айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.» (25-50) Міне бата мен жаңбырдың мемлекеттер арасында кезекті айналып, яғни жаңбырмен, бұлтпен бірге бата-уахи үгітің де келуіне, өліктердің тіріліп, сөйлеуіне адамдардың көбі болған, исламдық масхаб дін ұстанушыларының қарсы болатынын ашықтай ескертеді. Сонымен бірге қазақ елінде осындай көктен келетін уахиларды, хабарларды тыңдауға жапай халықтың жүрек көздерін ашуға Ақ ұл арқылы жіберілген мұғжизаны, «жын-шайтаннан» деген дінші қауымға, аятта; «Егер қаласақ, әр кентке бір ескертуші жіберер едік.» (25-51) деген үкімен «Қазақты, Құдайдың нұры түсіп, қалауы да мүмкін емес, тек Ханафи масһабы ғана құдай қалауы болып, тура жол қылған» деген пәтуалары Аллаға, аяттарына ортақ қосу екенін ашық ескертіп, тұтас үммет түгіл, әрбір қалаға да елші жібере алтынын ескертеді.

Дін байлығы және Құдай патшалығы туралы ғибрат.

Ерте заманда кәпірлердің, мұсылман мемлекетіне, әлсін-әлсін қауіп-қатер туғызып тұрған кезінде, кәпір елінің бір патшасы, еліндегі адамдарды қол астына бағындырудың жаңа айласын ойластырып, еліндегі өзін Ислам дініндемін деген адамдарға мынандай жарлық жазыпты.

-«Егерде кімде-кім менің берген сұрауларыма дұрыс жауап берсе, онда менің өзімен бірге елім де мұсылман болады. Егер де дұрыс жауап бере алмаса, онда ол менің дініме кіріп мемлекетімнің мүшесі болады. Оған келіспесе құлым болады»- деп жар салдырады. Әрине елдің ішінде патшаның берген сұрақтарына жауап беремін деген небір оқымысты адамдар дұрыс шешімін таба алмай сол елдің дініне кіріп кетеді.

Арада бірнеше жылдар өтіп, ақылды патшаның сұрақтарына жауап беремін-ау дейтіндер сирей бастайды. Талай ғұлама, оқымысты адамдар жеңіліп, патшаның рухани тұтқыны болады. Көп оқымысты адамдарды соғыссыз қол астына бағындырған патшаға бір күні жас жігіт келіп хабарласыпты. Құдайдан безген патшаның бірінші сұрағы келгендерге: -«Құдай бар ма?»-деп бастайды екен. Бұл сұраққа алдыңғы келгендер «бар» -деп жауап қайтарады екен. Ал енді бала болса, сұраққа жауап берудің орнына, патшаның өзіне сауал тастапты.

-Құрметті патша ием, сұрағыңызға жауап беремін, әуелі Сіз маған мынаны айтыңызшы; - Кеудеңізде жаныңыз бар ма? Сонда патша; -«Бар, бар неге жоқ болсын, мен тірі адаммын ғой»-дейді сасып қалып. Қалай десек те; «патшада қырық кісінің ақылы ақылы бар»- демей ме, ол азғана ойланып, ал егер де жаным жоқ десем бұл жүгермек;

-Қане маған қылыш әкеліңдер, жаны жоқ патшаның денесін екіге бөліп тастайын» - десе не демекпін деген оймен- «жаным бар»-деп айта салады.

-Оны қайдан білдіңіз?- дейді бала екінші рет сұрақ қойып;

- «Оны жүрегіммен ақыл – санаммен сездім» - дейді патша. Сонда бала патшаға:

- Онда сіз елге жар салмай – ақ жүрегіңізбен, ақыл – санаңызбен, Құдайдың бар екендігін сезінуіңіз керек еді» - депті. Патша балаға тағы сұрақ қойып;

- Жарайды бар дейік, онда Құдайдың мекені қайда?, соны айтшы»-дейді.

- Әуелі менің алдымда бір қазан сүт алдырыңыз – дейді бала саспастан. Бала тілегі дереу орындалады. Патшаға қарап бала тағы дак:- Хан ием, мына қазандағы сүттің ішінде май бар ма? – дейді.

- «Бар» - деді патша ойланбастан.

- Жақсы, патша дегеніңізге құлдық, - бар делік, сол май осы сүттің қай жерінде, ортасында ма, жоғарысында ма, не төменінде ме, не болмаса бүйірінде ме?» - деп сұрайды. Патша ашуланып; - Мен оны қайдан білейін, әйтеуір май бар екені анық» - депті. Сол кезде бала жігіт: Тақсыр, сіз Құдайдың мекенін сұрадыңыз, міне көрінбес құдіреттің бізге қай жерде екенін білмесек те оның бар екендігіне көзіңізді жеткізген боларсыз»-депті.

Жұдырықтай баладан жеңіле салғанын патша өзіне ылайық көрмесе де тағы бір сұрақ беруге ыңғайланады. Оған бала жігіт; - Патша ием, осы сұрағыңа жауап бермеймін – депті. Мұны естігенде патша қуанып;

- Онда менен жеңілгенің, маған енді тұтқын боласың – дейді. Бала саспай; - Сіз асықпаңыз, осы үшінші сұрағыңа жауап алғыңыз келсе, сіз тақтан түсіп менің орныма отырыңыз. Мен жоғарыға шығып сіздің таққа жайғасайын. Содан кейін сұрағыңды қоя беріңіз» - депті. Патша келіседі. Қалай қылғанда баланы жеңемін деген ниетпен;

- Айтшы енді, сіздің Құдайыңыз тап қазір не ойлап тұр» - деп сұрақ қояды. Сонда бала; - Сіз соны да білмей тұрсыз ба, жаңа мен алдыңызға келгенде менсінбеп едіңіз, енді тағыңыздан түсіп маған орныңызды бердіңіз, білгіңіз келсе Құдай осыны ойлап тұр» -депті.



Патша баланың тапқырлығына тәнті болып, бүкіл елімен Ислам дінін қабылдапты. Сөзден қадір кетсе, елден де, елге еге ұлықтардыңда,қадірі жоғалады Құдай алдында. Адам баласының жүрегі үнемі туған жер, кіндік қан тамған және киелі жерлерден бөлінген шуақтан нәр алып тұрмаса өледі де, ал ондай пенде міндетті түрде астарлы сөзді түсінбейтін, мәңгүт кәпірге айналады. Қазақтың тақта отырған әкімдері де, жаратушының салт дәстүр қылып бекітіп берген, дініне ұлықсат қағаз беруге үкім шығарып, Алланың қасиетті кітабындағы үкімдерді түзетуге тырысып, халықты адам ойлап тапқан заңға шоқындырып, әлемде болмаған дін қағидасын іске асыруға тырысып жатыр. Заң жүзінде салауатты өмір сүруге қарарлар шығарып, шет мемлекеттерден қалыспаймыз деп тырысып жатырмыз. Тек шет мемлекеттерден айырмашылығымыз да олар ақша бөліп ынталандырады, ал бізде ынталыларға салық салып, қағаз алуын талап етеді. Бұған кінәлі дін ғұламаларымыздың, Құраннан адамзатқа берілген несібе

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет