5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді



бет12/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді.» (2-45) «Әй мүміндер! Сабыр және намазбен Алладан жәрдем тілеңдер, Күдіксіз Алла тағала сабыр етушілермен бірге.» (2-153) Және сабырлық қуатарды меңгерудің нәтижесі рухани қасиетермен ерекшеленетінін аятта; «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34)Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35) Әрбір аятты зерттегенде, оның сандық мәніне міндетті түрде назар аудару керек. Бұл аяттармен сабырлықты меңгерудің де, намаз оқумен бірге орындалатын 3-түрлі сипатын ескертіп тұрғаны да хақ. Сабырлықты меңгеру құлшылық амалдарынсыз, яғни пайғамбарымыз «Сабырлық тәнде» деген өсиетін негізге алып, 100-түрлі бұлшық еттерді тазарту үшін, ет ауырытып еңбек қылмай, құр намаз оқып, жәрдем тілеудің босқа екенін ескертумен бірге, қасиеттілік, дарындылық, бақсылық істерді меңгеру, жынды тазарту, білекті болып, бірді жыға білудің яғни қазақтың дәстүрлі дін ғұрпымызды, бірлеу дін намаздарымызды масһаб дін ғалымдары мойын ұсынбақ түгіл, осындай насихатын ашық көрсеткен аяттарды да мүлде жоққа шығарады. Мысалға; «Жамандықты жақсылықпен кетіру» ұғымын ғана зертеп көрсек; Намаз оқумен-тек рухыңды ғана тазартуға болады. Ал біреудің, етін өлтіріп, сүйегіне сіңіп алған, рухани зұлымдыққа бастайтын, бой өрістік жамандығын қалай кетіресің? Сол сияқты зекет берумен, ораза ұсатаумен, қажыға барумен, қай ағайын туғаныңның, бауырыңның ғана осындай рухани жамандығын кетіріп, жанына желеу бере аласың ба? Тіптен барлық жаратқаның парыздырына, үкімдеріне иман келтірдің дейік, сонда кім үшін иман келтірдің? Осындай масһаб дін ғалымдарының барлық ұсынып отырған, бес парыздық намаздары тек қара басыңның қамымен, қалай да жанаттық болу үшін жасалатын амалдар болып, сонда біреудің жамандығын қандай жақсылықпен кетіруге болады? Садақа беріп, немесе дүниеңнің жартысын жамандыққа түскен, рухани түрде жаны ауырған, рухы азапталған, соры қайнаған мұсылман бауырыңа бөліп бергеннен, рухы, жаны тазарып, ауруынан жазылып, жолы ашылып, басына бақ қонып, аяқ астынан мүмінге айналып, ақылды иманды болып кетеді ме? Әрине жоқ. Демек, осындай ашық үгіттелген аяттарды теріске алып, жалғанға айналдырушы барлық, масһабшы, тарихатшылар да Аллаға ортақ қосушылар болып саналады. Ал, сабыр амалдары біріншіден; нәпсіге, асқазанға, тән тазалығына, етті ауыртып еңбек етуге және өткендерден, өнеге, үлгі, ғибрат алып өз үмметерінен шыққан, Алла достары сабырлы құлдарына табыну арқылы атқарылатынын бұрмалап, бұрынға дін бастауындағы заман намазына сәйкес келмейтін, құлшылық істеріне табынып, тура жол қылып алған. Сабырды меңгеру, тағдыр сынағына түсу, оны майданға түсіп сыналу, даналықты, қасиеттерді, берілген жоба-хабарларды, аянды меңгеру деп атаған аталарымыз. Аятта;«Әлбетте сендерден жауынгерлермен, сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз.» (47-31) Сабырлықпен бірге болатын, бір жарты амалы жобасыз, сөз майданына түспей, құдайдың заманына қарай белгілеген дін саясатын, түсірген хабарларды меңгермей, тазартушы, масіхші жауынгерлік дарындылықтарын меңгермей, амалға айналдырып орындамай, құр аузын буған өгіздей, өз басын күйттеген сабырлықтың да пайдасы аз екенін ескертеді. Енді сабырлықты меңгеру амалын намаз оқу, ораза, зекет т,б «Фиқһ» және дін ғалымдарының ұсынған намаздарынан бөлек жоғары тұратын амал екенін көрсеткен аятта: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы түрде ынтамен бір беткей (әдет-ғұрпын сақтап) орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін.» (98-5) (103-Иман келтіру, сабырды үгітеу) Сабыр және аян, уахи, батамен берілген хабарларды орындауды ғибадат деп атаған. Шәкәрім атамыз ғибадат жасауды; «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» «Адамдық борышың» деп атап: «Бай, ұлық жуандарды бақты көрмек, Ол мисыз шолақ оймен баға бермек. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Бұл үшеуі біріксе сорды жоймақ. Шын бақ осы деп бұған ақыл қоймақ. Бір адамға мұндай бақ біте қалса, Өзімшіл көп күншілдік көзін оймақ...» «Адамдық борышың,-Халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз өнерсіз, Болады ақыл тұл...Барыңды нәріңді Тірлікте бергейсің, Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт-Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!..» деп ғибадаты өмірдің құлшылығын өсиет еткен. Ал бұл аяттардың сәзждесін түсіндірмек болған дін ғалымының, хазіретінің «Ғибадаттың ұлысы намаз» деген кітабын алып ашып көрсем, ғибадат жасаудың шын бақтың маңызы, тек намаз оқудан ғана пайда болады екен. Сонда намаз оқу ғибадаттың тек бір бөлшегі екенін пайғамбарымыз ескерткен болса, онда ғибадаттан туған намаз оқу амалы, яғни бала әкесінен қалай ұлық болады? Мысалға: «Ғибадат-Ұлы Шебердің мына ғаламдағы жаратылыс туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің, шеберлігінің, білімінің алдында таң қалып, бас шайқап, қайран қалудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмақ...Ғибадат-адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі барлық мұқтаждығы мен қыжалат-керегін(?) Ұлы Жаратушысына білдіруі, Оның алдында қолын жайып мінәжат етуі.» (Имани гүл; 230-бет) Біреудің жамандығын, жүгін бөлісіп көтеру, артық хайыр жасап, Алла жолында соғысу түгіл, енді тек қара бастың қамымен ғана, Құдайдың хикметін жобасын көрмей-ақ, бес сезімге беріліп, таң қалып сәжде жасап, «қыжалатын» керегін бастарын шайқап, қайран қалып, қолыңды жая берсең, мінәжат етумен, зіл-батпан жүгің түсіп, жанаттың төрінен орын аласың, деген жындылық сөздерді құлшылықтың жалауы қылып алғандарына, егер мешіттерге жұмаға бара қалсаңыз «намаздың»+ «ханы» аталып, міндетті түрде, тура жолда келе жатқаныңызға мақтау, мадақ еститініңізге куәлік беруге болады. Бұндай жағдайлар бүкіл ислам ғалымдарына тән, тәкәпарлықты жетілдіруге арналған, құран аяттарын еретегіге айналдырып, дінді бөлшектеген надандықтың белгісі деп біліңіз. Сөз, атау ұғымын аздыруға себептің негізі де; құранда арнаулы сүре мен «Сәзжде» деп ат қойып, санмен белгілеп, 30-аятпен, 30-түрлі намаз орындау амалдарын насихаттап, көрсетіп қойса да, жаратқанның үкімін, сөзін өзгертуге, құлшылықтың «сәзжде» ұғымын намаз оқудың бір амалына айналдыруға теолеог, дін ғалымы деген атақ, марапаттың, төс белгілердің керегі не? Ал, намаз оқуға байланысты 15-ші аятпен және 16-шы аятпен, түнгі нәпіл намаз оқуларын ескертіп, қалған 28-аят намаз орындауға және 28-паралық құран насихатарына тәуелді екенін естен шығармаған да абзал. Егер, масһаб білімі арқылы құранды тәпсірлегіңіз келсе, онда сандық білімнің де, аудармашылық ғалымдықтың да маңызы болмай, тек бұрынғы замандағы дін ғалымдарының кітаптарынан өзіңе ұнағанын көшіріп жазып, ойыңа не келсе солай жоруға, көп білімділіктің, мектеп білімінің де қажеті аз. Сонымен жоғарыдағы масһаб дін ғалымның пәтуасы да; «Мен жеті сүйекпен сәзжде етуге әмір етілдім...» деген пайғамбарымыздың жан ғылымына байланысты айтылған өсиетін, түсінбестікпен бұрмалап, осындай зұлымдыққа түскенін де өздері көрсетіп, және дәлелдеп тұрғаны да дауысыз. Ал негізінен «Жеті сүйек» деген астарлы ұғымен, жанның негізгі зейнетелетін орындарын, адам баласының қолға байланысты аруақтық бейнеленуін ескерткен. Олар; 1-тырнақ, 2-саусақ, 3-алақан,4-білек, 5-қар,6-шынтақ және 7-иық сүйектерін айтады. Бұл сүйектер жанның қуатын қалыптастырушы негізгі сәзжде жасаушы періштелер жүрек, бауыр, көк бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан секілді және жеті ішкі қан айналымын қамтамасыз ететін, ағзалардың зейнетелетін қуат орындары болып табылады. Және ең ұзын толқынды жиілікте, түсі-қызыл болып, қанның нәтижесін көрсетіп, өріспен бейнеленеді. Қазақта; «Үйірімін үш тоғыз» деген, 9-саны тәубелік қуаттармен, малдық, еттік періштеліктернің тазаруын, қуаттарының бірленіп, рухани сүнетелуін (3х9=27; 9-19-29) ескертсе, ал «үш жеті» 21-саны (7-17-27) пайғамбарымыздың жанды сүннетеу шүкірлік намазының, ділді жетілдіру ғылымын көрсетеді. Ал енді дін ғалымдарымыздың муфтиятымыздың ғибадат шүкірлігі туралы негізгі ұстанымы; «Ораза мен намаз секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны болған ғибадаттар алыстағы ауылдағы кейбір сексенге келген қаһарман қариялары ғана оқып, бейне бір Ұлы Құдайға шүкір ету, қартарға ғана тән іс көрінеді. Ілеуде жас жігіт намаз оқи қалса, қаңыраған қара шаңырақта «атынан айрылып, қанатынан қайрылып», тұяқсыз атанып, жақында кемпірі де өліп, жалғыз қалып жабығып, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде қалған қара шалдың қылығын жасап жатқандай, оқыс көріп, үрке қарап, заманауи талапқа теріс келеді деп, бір түнде жын жабысып, есі ауысқан адамдай төмен, кертартпа деп елге жат санап, шетелген бір заманда...»( Ислам Ғалымхалы 37-бет) Дін ғалымыздың,мүмкін жыны қозып, шабыты келгенде, рухы толық тазармаған сөздерден пайда болған шығармашылығы болар; Қазақтың шалдары кемпірі өлгенде, жалғыз қалғанда, шүкір етудің нышаны, ғибадат жасайтынын...осындай сандырақ, былдыр-былық, быды-быды мағынасыз теңеулермен, ал өздері сол қазақтың тәубешіл қара шалдарының барынан, артына қалдырған рухани нәрінен пайда болып, енді араптың нәсілінен және иман білімінен жаратылғандай өзгенің қосын тігіп, түйесінің бұйдасын ұстаған, дін ғалымдары мен оның қолдаушы бүкіл басшыларына Шәкәрім атамыздың сөзімен жауап бере кетсек: «Қай жолдассың, айтшы сен? Адамды аңша атасың. Өз анаңның сүтінен (ділінен) Қанды адал деп татасың. Өмір қылмен байлаулы Өз қамыңды жесеңші. Заманды себеп жайлаулы, Онда нем бар десеңші...Таза емес деп шекпенін, Сыртын көріп сын тақпа. Әркім орар еккенін, Өз ішіңді салмақта...»

Заманның намазы себепке иман келтіру.

Жалпы иман дегеніміз, қандай себептік жаратылыс, қалай және қандай жағдайда келеді, жүрекке зейнетеледі? Иман келген кезде адам баласында қандай өзгеріс болады? Енді, осы мәселе тұрғысында масхаб діни сауатты саналған имамдар тарапынан ертегіге айналып, көптеген жағдайда пендені қияли болмысқа жетелейтін, жауапсыз сауалдардың шешімін іздеп көрсек. Сонымен иман келтіру үшін, әуелі ниетене білу керек. Ниеттің негізі, ұлттық несібеміз, салт-дәстүрімізден, нанымнан басталады. Енді бәрімізде де, осы заманға лайық ақылда, білімде бар, бірақ көбіміз білімнің заман жетістігіне сүйеніп, дін-дәстүрін ескіліктің қалдығы деген наныммен, өткенге, ата-баба салт-дәстүріне толық иланып нанбаймыз, ал кейбіреулеріміз діншілер көрсеткен ізбен жүріп, әйтеуір бес парызымызды орындап, ақиретте жаннатық болатынымызға кәміл сенімдіміз. Ал, енді үшінші біреулеріміз, өткенімізге толықтай нанамыз, бүгінгі ісіміз дұрыс, ізгілік жасап, ақыл, білімізді жетілдіріп, халыққа ізгілік, жақсылық істерге, сауапты амалдармен қызмет жасап жүргенімізбен, діншілер айтқан болашақта «роял» деген жаннатқа кіресің, намаз оқымасаң кәпір қатарында өлуің мүмкін, деген үгітеріне, пәтуа сөздеріне сырттай мойындап, іштей күліп, өзіміздің жүрек қалауымен, тіршілік базарын жүргізіп жатқандарымыз басым көпшілікті құрайды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс құдай біледі, деп әйтеуір жартушы иеміздің бар екендігіне де күмән келтірмейміз. Олай болса, сол білетін құдайымыздың мекені барма, болса қайда? Негізінен құран насихатына жүгінсек; ғибадат яғни намаздардың негізі, Аллаға құлшылық жасау, толық «Бой ұсыну» болып, яғни қазақ халыққа ортақ ұғымда, құдайға мойынсұну деп түсіндіреді. Жоғарыдағы дін ғалымдарымыздың, діни философиялық ойшылдық негізінде келтірген мысалындағы, қаһарман қартарымыздың «шүкірлік етудің шышаны болған ұлы Жаратушыға деген ғибадатарының көрнісін» Шәкәрім атамыз; «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп. Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек, Керегі жоқ бұлардың. Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықты Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың Әлде сайтан, әлде жын. Бірін тасатап, бірін мін. Адам емес, айуансың. Неге тұрсың, сен де шын!?» Олай болса; Құдай дегеніміз шын, рас бар. Бірақ, ондай шын, ешқашан бұзылмайды және бұрында болған, бүгінде бар, ертеңде болатын, негізгі тұтастай барлық әлемді жаратушымыздың бізге көрсетіп тұратын, ғайыптық жартылыс істерін жүргізуші, ғайыптан көместік себебін-хикметті істерін меңгеруші жаратушылық құдіретті қолының, әулиелер меңгерген қасиеттері арқылы хикметті бейнеленуін, Шәкәрім атамыз ескертіп тұр. Демек; Хикмет-ғылым, әулиелер арқылы адамзатқа көрінетін, білнетін, естілетін құпия білім хикметтер-шындық. Бірақ бұл хикметті істерге, яғни құдайға мойынсұну үшін махаббатпен құлшылық, ғибадат, шүкірлік қылу үшін де, таза ақыл мен сабыр қуаты керек дейді атамыз. Таза ақыл болмаса; көрінген, көңілің қалаған сиқыр, алдамшы жылтыр сөздермен, сондай істерді меңгерген пенделердің соңынан ілесіп адасасың, сондықтан таза ақылды әулиелер қасиетіне жалғанып, әуелі жындылығыңды тазартып, бойыңды меңгер, ойыңды түзе деп ескертеді. Баянды мінез-құлық, таза ақыл, сабыр қуатымен жүректі иманмен яғни хикметті білімен, зейнеттеп барып, махаббатпен мінәжат еткенде ғана, құлшылығымыз құдайдың алдында Алланың қалуына ие болады екен. Сабыр мен таза ақыл егіз болып, енді сабырлық қуаттың тән тазалығымен тікелей қатыстылығын естен шығармаған жөн. Сондықтан тәнді арамнан тазартып, етті ауыртып, 40-қа келгенше еңбек етіп, адамзаттың 40-тан кейін ғана ақылы тазара бастайтынын да білген абзал. Олай болса Шәкәрім атамыз ескерткендей, біздердің тәнімізді толық тазартпай, сабырлық қуаттарды меңгеруде тұрмыс тауқыметімен де сыналмай, тек бес парыз орындаумен, «намазхан» аталып, құранды жаттап алып, яғни қазіргі таңдағы исламдық дін ұстанымындағы, осындай себептермен; «иман келтірдім» деп өзіміз тапқан шынымыз, яғни иман деп атап жүргеніміз, бәрібір бірімізді хайуанға, бірімізді сайтанға айналдырып, адамдық бейнемізді бұзып жатса, онда қандай иман келтіру, қандай құдайлық шын? Осындай қызылбастық салтпен, иман келтірдім деген, құр ой жорыған намазхандық әдетімізден, қазақ елінде де тек жындылық қылықтардың туындауымен көрнісін беріп жатқаны да даусыз. Сондықтан, мұндай құбылмалы жындылық мінезден құтылудың басты жолы, тек әулиелік сабырлық пен таза- ақылды тауып барып және кешегі, бүгінгі еретеңгі тағдырымызды тазартып, осы үш шынымызды баянды қылу үшін, тапқан табысымызды шынымызды тексертуге, түзетуге құдайдың құзырына аманатарды қайта ұсынуымыз керек екен. Ол үшінде жер бетінде хикметтермен белгілеп қойған, өзінің достары, сүйікті құлдары, әулие періштелері арқылы атқарылатын, Құдайдың үйінің есіктерін қағып, жалбарынып сұрауды білуіміз керек. Сондықтан да, жаратқанның сүйікті құлдарына табынып, ішімізде болып жатқан, үш кісінің өз ара дауына, араша «қолдау» сұрауға, Құдай патшалығын сипаттарын іздеп көрейік. Құдайға мойынсұну туралы және жаратқаның адам баласына өзіне құлшылық қылуға негізінен үш себепті ашық көрсетіп қойғанына, Мұса пайғамбарымыздың Раббына қойған сұрақтарынан көрінеді: «Мұса пайғамбар; «Ей, Алла Тағала, адамдарға саулық бердің, бірақ ауру бермесең не болар еді?» Құдай тағала былай деп жауап қайырды: «Ей, Мұса, адамдарға саулық беріп, ауру бермесем, мені ешкім де есіне алмас еді.» «Ей, Алла Тағала, бізге тіршілік бердің, өлімді бермесең болмас па еді?» Алла Тағала былай деп жауап қайырды; «Ей, Мұса, тіршілік беріп, өлім бермесем, халық менен қорықпас еді». «Ей, Алла Тағала, адамдар үшін жұмақты жараттың, бірақ тозақты жаратапай-ақ қойсаң болмас па еді?» Алла Тағала айтты; «Ей, Мұса, егер тозақты жаратпасам, ешкім менің рақымымнан үміттенбес еді». Сонымен бірінші иманның себебіне тоқталсақ; Адам баласының бірінші байлығы ден саулық. Ден саулық дегеніміз, тән саулықтан туындайтын яғни сабырлықпен, таза ақылмен амал қылумен, естілікпен, есейгендікпен, адамгершілікпен көрнісін береді. Қазақта теріс қылық жасағанда; «Денің сау ма өзіңнің?» деген сауалмен, ақылының, есінің түзулігін ескертеді.Енді Мұса пайғамбарымызға білдірілген үш түрлі Алланы еске алудың адамзаттық құлшылық намазын аталарымыз; «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, Үшінші байлық он саулық» деп ғибадатың үш түрлі білімін, парасын ескертіп кетіпті. Осы үш түрлі байлықтың негізі болған; 30-пара қуатты меңгерген адам баласының ғана Алла Тағалаға ғибадаты түзу деп атауға болады. Олай болса иман келтірудің бірінші шарты естілікті қалыптастыру, яғни ден саулық. Дені саудың, жаны сау болып, ол үшін де ұлттық салтымыз, дәстүріміз, әдебімізді меңгеру керек. Қызға! «Қырық үйден» Ұлға; «Отыз үйден», тиым салтын меңгеру керек. Екіншіден; өлімге иман келтіруді, қазақта «аруақ заңдылығы» деген қалыптасқан әдет-ғұрпымыз, жерлеу рәсімдерімізбен; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген, Құдайдан қорқу амалының, яғни ұлттық намазымыздың берік қағидасы қалыптасқан. Және өлімнің сыңары ұйқы, ауру деген қағиданы берік ұстанумен, ауырмаудың, дұрыс мәнді ұйықтай білудің, ұйқы кезіндегі көретін түс, аян арқылы да емделу тәсілдерін, білімін жорып, орындаумен бірге өлімге иман келтірумен біртұтас деп білген. Енді осындай екі түрлі тәрбиені меңгергенде ғана ақ жаулық, яғни тұрмыстық салт-дәстүріміз, жетім, жесір қағидалары, ұрпақ тәрбиесі сияқты әдет-ғұрыптық ерекшелігіміз, ақ жаулықтық діл байлығын яғни көктегі қазынамыз рухани егінімізді өсіруге арналған имандылық қағидамыз пайда болады. Сондықтан, ақ жаулық қағидасы ұлтымыздың ар білімі болып, әрбір, ерекек, ұрғашы жынысқа бірдей міндетті орындалатын намазымыз, ерекшелік ғибадатымыз тағы да бар. Ден саулық жан саулықтың күзетшісі болса, ақ жаулық ар-ұжданымыздың күзетшісі болып саналады да; «Өлімнен ұят күшті» деген нақыл қалдырған аталарымыз. Ал енді үшінші байлық- он саулық турасына келсек, бұл енді тозақ, жаннат ақирет тіршілігмен, біздердің сәзжде намаздарымыздың орындау шамасына тәуелді және ұлтық дәстүрлі аруақтық білімізді ескертеді. Бұл үш байлықтың да мекендері және өлшемдері бар. Бұл жайды келесі басылымға қалдыра тұрайық. Осындай тірі адамға бақытты өмір сүруге керекті, үш түрлі адамгершілік қағидаларын өтеу міндетін толық атқара білген пендені ғана, енді Алланың рахымына бөлену үшін намаз оқу, ораза, хаж, зекет сияқты ғибадатын толықтыру арқылы орындайтын қазақтың дәстүрлі дініміз деп атауға болады. Сондықтан да аталарымыз, алдыңғы үш байлығың болмаса; «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме!» деп қатаң аманат еткен. Абай атамыз да бұл жағдайды «Иман гүлі» деп атап; «...Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төрті Қылғанымен татымды бермес жеміс..» деген өсиетпен, дін құлшылығы барлығы 7-амалмен, пайғамбарымыздың ескерткен, жеті сүйекпен сәзжденің діл бақшасын өсірумен ғана құлшылқтың нәтижесі болатынын ескертіпті. Сондықтанда, адамзат баласына жаратушы иеміз тіршілік етуге керекті барлық нығметтерін беріп, және мәңгілік өмір бастауы жанатын жаратып, енді оның тұрғындарын таңдауды сынақ қылып, және адамзат арасында әділеттілікті қамтамасыз үшін, түрлі нығметтерін де, және аздыратын қарсылық себептерін де қоса жаратқан. Сонымен, әрбір жаратылған пендесі, Алла Тағаланың алдында бірдей рахымға жету үшін, құлшылық жасап, бұйырған тіршіліктік, сәзжделік намазымен, әрбір пенденің өзіне лайық істеріне қажетінше жобасын біліп, осы нығметтерін көбейтіп алуға, орындайтын ғибадат-намаздарын араларымыздан ұстаз-үйретуші пайғамбарлар, елшілер, әулие-әмбилерді тағайындап, және әулиелік дәрежелерге жетуге әрбір пендесіне мүмкіндік те беріп қойған. Сондай әулие болып өткен аталарымыздан, бұл жағдай туралы мынандай өсиет-ғибрат қалыпты: « Адам атамызды жаратқанда оған әуелі жаратушымыз ақылды жіберді. Ақыл келіп айтты: «Ей, адам, мені саған жіберді». Адам ата айтты: «Орның қайда болуы керек болса, сонда тұрғын» деп. Ақыл келіп басына кірді. Онан кейін ұят келді. «Ей, адам, мені саған жіберді». Әзірет Адам ата ұятты жылы қарсы алып, былай деді: «Тұратын орның қайда болса сонда жайғас» деді. Ұят келіп көздеріне тұрды. Онан соң мейір келіп адам көңілінде орын тапты. Сабыр келді. Ол адамның қарнында болуға бұйрық алды. Және төрт нәрсе жіберді. Әуелі өлім келді жетіп: «Ей, адам, мені саған жіберді.» деді ол. Адаматамыз оған да: «Өз орныңды тауып орналас» деді. Өлім болса оған: «Менің орным сіздің басыңызда тұр» деді. «Ол жерді ақыл алып тұр ғой, болмайды»,-деді Адам ата. Өлім айтты: «Әр уақытта өлім келгенде, ақыл жайына кетер». Сонан соң ләпсі келді. Ол өз орнының адам көзінде екенін айтты. «Сенің орныңды ұят алып тұр»,-деді Адам ата тосылып. Ләпсі айтты: «Мен келген кезде, ол жерден ұят кетер болар». Үшінші болып ашу келді жетіп: «Ей, адам, мені саған жіберді». «Құп-ақ, орның қай жерде болса, сонда барып тұра ғой»,-деді Адам ата. «Орным сіздің көңіліңізде дүр» деді ашу. «Ол жерді мейір алып тұр ғой». Сонда ашу айтты: «Әр уақытта ашу келген кезде, мейір қашады емес пе?» Осы кезде нәпсі жетті: «Ей, адам, мені саған жіберді». «Тұрар жайың қайда болуы керек болса, сонда бара ғой»,-деді Адам ата. «Менің жайым қарныңызда дүр». Адам атамыз айтты: «Ол жерді сабыр алып тұр ғой». Нәпсі айтты: «Әр уақытта нәпсі келген кезде, сабыр қашар болар». Бұл ғибараттардан әуелі тағдырға иман келтіру деген шариғаттың қарапайым шарттары, яғни «Төртеу түгел болса, төбеден келер» деген аталар нахылы пайда болады. Сондықтан жоғарыдағы 3-түрлі иман гүлін өсіру үшін, енді 4-қуатты жетілдіріп, меңгеру керек. Және оған қарсы 4-түрлі сынақты да қоса жіберіпті. Егер, ақыл болмаса, адам баласының денсаулығы да болмай ауру-өлім күнде қонаққа келер. Ал ұятты бесіктен бастап қалыптастырмаса ол білуге, көруге деген құмарлық, құштарлық, асықтық, ғашықтық деген ләпсі қуатының, арсыздықтың қақпанына түсері даусыз. Мейрімділікті ашуды жеңумен ғана қалыптастырып, сабырлық болса жалпы нәпсіні тәрбиелеп, тәнді тазартумен ғана пайда болмақ. Бұл төрт сөзге, 4-түрлі қуаттарға байланысты тағдырлық жазудың жағдайын, Пайғамбарымыз; «Расында, әрбіреуіңнің жаратылысы анасының жатырында 40-күн бойы тамшы түрінде қалыптасады, сосын дәл сонша (40-күн) уақыт ұйыған қан түрінде болады, сосын дәл сонша (40-күн) уақыт бір тістем ет түрінде болады, сосын Алла бір періштені жіберіп, оған 4-сөзді жазу әмір етеді және оған: «Оның амалын ризығын, өмірін және бақытты не бақытсыз болатынын жаз!» деп айтылды. Содан кейін шаранаға жан үріледі. Солай, сендерден бір кісі жананатқа бір кез қалғанша игі амалдар жасап келіп, сосын тағдыры озып, тозақтықтардың амалын жасайды және тозаққа бір кез қалғанша жаман амалдар жасап келіп, сосын тағдыры озып, жаннаттықтардың амалын жасайды». (1294-өсиет) Міне адам баласына бұйырылған құлшылық ана құрсағынан басталып, осы төрт белгімен жазылып, оған қарсы сырттан келетін; 4-қарсылықтың әсерімен тал бесіктен, жер бесікке кіргенше күресуді тағдырдың жазуы, өзіңнің бақытың үшін рухыңа, жаныңа, тәніңе қызмет жасатуды, Аллаға құлшылық ғибадат жасау дегеніміз ақылға дұрыс болар. Адам баласының тағдырын жазуға келген періштені; «баланың жолдасы»атап, оны кезінде арнаулы көміп қадірлеген. Сол адам баласының інісі болатын, өкпелеген періштенің қайда кеткенін іздеп, намаз оқып шақырып, жер бетін кезіп тауып және жоғарыдағы төртеуімізді түгелдесек, төбеден қайта келері даусыз. Әрбір іс, амал, құлшылығымыз тек құдайдың бұйрығымен болатынын, аталарымыз: «Құдайсыз қурай да сынбайды» -деп ескертіп сыйыну амалын, намаздарымыздың исламдық дініміздің көк тәңіріне сыйынған, Нұх пайғамбарымыздан бастап, жалғасты келе жатқанына аталардан қалаған аманат асыл сөздер куә. Абай атамыз тағдыр жазуын төрт сөзбен және қарсы төрт себептің және пайғамбарымыздың өсиетімен байланыстырып, көптеген аяттардың тәпсірінің жан сырын; «

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет