5 туризмнің теориялық аспектілері қОҒамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде


Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері



бет16/18
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#59545
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы

3.2.Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері

Туристік ағымдарды болжаумен қатар, туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсерін анықтау өте жоғары мәнділікке ие болып отыр, елдің экономикасына туризмнің әсерлері қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Қысқамерзімді әсер негізінен тек қана туристік секторда дамитынын көрсетеді. Егер де экономикаға көпқырлы ұзақмерзімді әсерлері туралы айтатын болсақ, онда бұл әсердің маңызды аспектілері туралы айту қажет, туризмнің жалпы жұмыспен қамтылу мен белгілі бір аймақтар мен салалардың дамуына; қонақ үй индучтриясына, жол салу, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, саяжайлар, аттракциондар, экскурсиялық бюролар мен т.с.с. әсерін көрсетеміз.


Ұлттық экономикаға туризмнің тигізетін әсерлерін оқып-үйрену үшін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Неғұрлым тиімдісі болып арнайы мультипликаторларды құру болып табылады. Нақты уақытта мультипликаторлардың үш әртүрлі типтерін бөліп көрсетуге болады:
1. Кіріс мультипликаторы, оған туристік шығыстардың әсер етуінің үш аспектісін енгізеді:
- тікелей әсер ету, яғни туристік индустрияда өндіруге жұмсалған шығындардың тікелей табыстарды қамтамасыз етуі;
- жанама әсерлері туризм үшін тауарларды жеткізуші-ұйымдарда байқалады, өйткені олардың кірістері туризммен байланысты басқа салалар жағынан сұраныстың өсуі есебінен көтеріледі;
- ынталандырушы әсері елдің немесе аймақтың экономикасында туристердің шығыстары қосымша табыстар жасайды және осы қосымша табыс көтерілген тұтынуға алып келуі нәтижесінде пайда болады.
2. Өнім шығару мультипликаторы туристік шығыстардың жалпы өсімінің нәтижесі арқылы жоғарылаған тауар айналымын бейнелейді.
3. Жұмыспен қамту мультипликаторы алдындағыларына қарағандағы айырмашылығы туристік шығыстардың жоғарылауы жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне алып келуі мүмкіндігін көрсетеді. Жұмыспен қамту мультипликаторын тікелей жұмыспен қамтудың туристік шығыстардың қосымша жоғарылауымен шақырылған жанамаға қатынасы арқылы қарастыруға болады.
Олардың алдындағы тұрған тапсырма – мультипликаторлық эффект қандай болатынын көрсету үшін инвестициялық салымның қажетті сомасын анықтау. Жоғары дамыған туристік индустрияны жасау үшін үлкен материалдық және қаржылық салымдар қажет. Көптеген дамушы елдерге осы мәселені шешу үшін шетелдік капитал қызметіне жүгінуге алып келеді. Шетелдік тәжірибені есепке ала отырып шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықтың біз үшін неғұрлым жағымды нұсқасын таңдап алуға болады.шетелдік инвестицияларды тартумен қатар мемлекеттік әсер етудің келесідей құралдарын қолдану қажет, яғни туристік орталықтарды салу кезінде жергілікті жұмыс күштерін қолдану, туристік орталықтарды жабдықтау үшін жергілікті материалдарды қолдану, туристерді тамақтандыру үшін жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін шығыстау сияқты.
Жоғарыда атап кеткен параметерлерді есепке ала отырып, туризм экономикасына шетелдік инсвестициялардың қалай әсер ететінін анықтауға болады. Шетелдік инвестицияларды қолдану кезінде сервис сапасын жоғарлату үшін шетелдік тауарларды сатып алумен байланысты валютаның шығуы қандай мөлшерде кететінін есептеу қажет. Әлемдік баланстың есептеуі бойынша туристер үшін импортқа 15-тен 55%-ға дейін жергілікті емес ресурстармен туристік индустрияны қамтамасыз ету мен экономиканы дамытуға байланысты түскен түсімдер кетеді.
Бірқатар басқа салалардан туристік индустрияның айырмашылығы жоғары капитал салымдылығымен ерекшеленеді және сондықтанда оның дамуы үшін үлкен көлемде қаражат керек. Сондықтанда Қазақстанның туризм индустриясына салынған қаражаттар қандай көбейтінді эффект беретінін есептеу мақсатты пішімделге.
«Туристік мультипликатордың» әрекеті шетелдік туристерден алынған ақшалай қаражаттарды дұрыс қолдану арқылы көрінеді. Бұл қаражаттар туризмге тартылған көппішімді қызмет түрлерінің салдарынан экономиканың басқа салаларына қарағанда тез айналымға түсуі мүмкін, олар көптеген аралас салаларды қамтиды – құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, көлік, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары және т.с.с., және осының арқасында экономикалық белсенділіктің жоғарылауына мүмкіндік береді.
Туризмге деген халықтың қажеттіліктерін анықтау үшін, ең алдымен, жеке адамның нақты тұтынушылық тәртібіне әсер ететін факторлардың жиынтығын анықтау қажет. Егер де негізгі факторлар анықталынса, онда екінші тапсырма тұтынушылық тәртіптерінің (стиль, мінезі) пішімін бір уақытта анықтаумен жиынтық тұтынушылық топтарды бөлу болып табылады. Осы тапсырмаларды шешу көмегімен ағымдағы (репрезентатитвті) сұранысты анықтау әдіснамасын жасауға болады.
Туристік қызметтерді тұтынушыларды сегменттеу көпфакторлы сегменттеу әдісі бойынша іске асырылған, топтарға тұтынушыларды бөлу кезінде негізгі белгілері ретінде келесідей факторлар қолданылды: жасы, жанұялық жағдайы, әлеуметтік статусы, тұтынушылардың квалификациялық деңгейі. Осы кезде туризм сферасындағы қызметтер бойынша тұтынушылардың тәртібі мінезіне талдау жасалды. Туризм сферасында тұтынушылық приортеттер әрбір бөлінген тұтынушылық сегмент үшін анықталды.
Шоп-туризмдегі үлес салмақтың төмендеуіне қарамастан, салыстырмалы ақыл-ой еңбегіндегі адамдар материалдық мәселелерін шешу үшін сауда-саттық бизнесімен айналысуға мәжбүр. Осыған орай, бұл жағдайдағы туристік фирмалардың негізгі тапсырмасы – қызметтер ассортиментін кеңейту, яғни қызметтерді дифференциациялау, әсіресе, егер де фирмалар шоп-туризмге мамандалса, онда республикаға халықтық тұтыну тауарларын жеткізудің басқа әдістері мен құралдарына көшу нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне алып келеді, ал ол шоп-туризмнің құрып кетуіне алып келеді.
Әлеуметті-экономикалық топтар рангісінің көтерілуіне қарай элитарлы туризм үлес салмағының жоғарылау тенденциясы байқалады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл топ үшін туризмнің экстреналды және экзотикалық түрлерін дамыту мақсатты болып отыр.
Барлық сапарлардың құрылымда үлкен үлес салмақ спортты-ойын-сауықтық туризмнің үлесіне келеді, саяхат кезінде туристердің тәртібінде белсенді уақыт өткізу приоритетімен түсіндіруге болады.
Толығымен туристік қозғалыс, тұратын ел шекарасының ішінде, сондай-ақ шетелдік сапарлармен байланысты, адамдардың әлеуметті-экономкалық және демографиялық статусымен корреляцияланады, статустық өсуіне қарай көтеріледі (шоп-туризмнен басқасы).
Әрбір әлеуметті-кәсіби топтардың ішінде туристік қызметтерге төлемқабілетті сұраныс айырмасы мен туристік тұтыну мінезіндегі айырма негізінен жанұядағы табыссыз мүшелерінің санымен және сомалық жанұялық табысқа байланысты, адам басына шаққандағы табыстардың деңгейімен шартталған.
Сонымен бірге, әрбір топта респонденттер бар екенін айтып кеткен жөн, өйткені олар негізінен ұйымдастырылмаған өзіндік әрекеттегі демалысты қалайды, ол өте арзан және қол жеткізерлігімен түсіндіріледі.
Туристік тұтынуды оқып-үйрену мен туризмді дамытуды болжау Қазақстанда жағымсыз аспектілерді минимумға дейін жеткізуге және жағымды аспектілерін күшейтуді көрсетеді.
Толығымен, экономикалық және маркетингтік аспектілер туристік саланың дамуын анықтайды және тұтынушыларға бағытталған мүлдем жаңа туристік өнімді жасауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Оны қалыптастыру макро-, және микродеңгейлерде туристік қызметті активизациялау көмегімен мүмкін болады.
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүргізу, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы ай налдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шетел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өзіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.
Туризм саласының болашағын айқындайтын ұсыныстар әзірленіп жатыр. Алдымен туристік саланың құқықтық – нормативтік базасы мен мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруіміз керек. Бұл туризмді экономиканың кірісті саласы мен бәсекеге қабілетті индустриясы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет