Шынында да, жігіттер,
Мүнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, -
деп аяқталған корытынды пікірі - негізгі идеясы бірлікке, ынтымаққа күрылған мысалдың өзегі, акынның мысал жанрын дамытуда косқан үлесі, көркем сөздід адам жанына әсер ететін куатты күші деп бағалауымызға болады. Атал- ған мысалды бүгінгі күні үлтаралық қатынастар өршіп, қақтығысулар көбейіп отырған кезде халықты бірлікке, жер аумағы түтастығын сақтауда ынтымаққа, ауызбірлікке шақырған ақын өсиеті ретінде окыту оның тәрбиелік мәнін өсіріп, өміршеңдігін нықтай түсері сөзсіз.
И. А. Крыловтың кырықтан аса мысалын қазақша тәр- жімалап, мысал жанрын дамытуға үлес қосқан жазушы- ларымыздың бірі - Спандияр Көбеев, Ол 1910 жылы аудармаларын «Үлгілі тәржіма» деген атпен жеке кітап етіп бастырып шығарады. Балалар әдебиетінің қалыптасып, дамуына атсалысқан акынның мысалдарында оның ағар- тушылық идеялары айқын көрініс тапқан. Оқульщта кел- тірілген «Түлкі мен қырғауыл» мысалының негізгі ойы ки- ыннан қиыстырып жол таба алуға, тапқырлыққа қүрылған. Оқушыларға мысалды карасөзбен жазуға болатыны дәлел ретінде үсынылады. Мысалдағы түлкі мен кырғауыл іс-әре- кеттері арқылы жазушының балаларға айтпағы - кандай қиын жағдайға кез болмасын, одан шығар жол іздеу, тап- кыр шешім қарастыру. Бүл мысалды оқытудың да казір- гідей біліммен қатар ерекше біліктілікті қажет етіп отырған кезеңде маңызы жоғары болмақ деген ниеттеміз.
Мысал жанры туралы айтқанымызда, қазақ сатирасы- ның қалыптасуына атсалыскан көрнекті сықақшы Сәбит Дөнентаевқа соқпай кету мүмкін емес. Қазақ әдебиетіндегі сатиралық сюжетті өлеңдердің кемелденуі Сәбит есімімен тікелей байлаиысты. Оның оқулықтарда келтірілген «Ауыр- ған арыстан», «Көзі тоймаған ит» мысалдары, біріншіден, олардың қызықты сюжетке күрылып, окиғасы бала түсінігіне жеңіл болса, екіншіден, акын тілінің көркемдігі, оның «сүлтаным», «қасекең», «түлкі байғүс» немесе «бейбақ», «батыр» деп тауып айтылған шакпа, қағытпа тілі, осы ке- йіпкерлердің іс-әрекетін шешуде, ажуалауда сатиралық уытын ерекше арттырып түр. Бүл мысалдар балаларды өсек, өтірік, жағымпаздық, тойымсыздык, қанағатсыздық, т.б. жат қылықтардан аулақ болуға шақырады.
Мысал жанрының өсіп-өркендеуіне үлес коскан калам- герлердің бірі - ақын, жазушы, публицист, сыншы, сатирик Асқар Тоқмағамбетов. Оның бастауыш оку пәнінің маз- мүнына бүрыннан еніп, өз орнын тапқан «Бидай мен Қаң- бак» атты мысалын білмейтін оқушы жоқ болар, сірә. Ақын күнделікті түрмыста кездесетін лас, салак адамдар мен өсіресе балалар арасында көбірек кездесетін денсаулықтан гөрі сәнге ерекше көңіл бөліп кететін көрсекызарлықты мысық, шыбын жөне күлақ пен тымақ кейпінде мыскыл- дап ажуалайды. Мысалдардағы ой мен пікір, тәлім мен тәрбие астарлы мағынада айтылған. Өткір тілді сықакшы- ны Мүхтар Әуезов кезінде «қырғи тілді Асқар» деп бекер атамаған.
Мысал жанрын зерттеуші профессор Т. Қожакеев Ас- кар Тоқмағамбетов мысалдарының ерекшелігі оның үйқас- қа зор мән беруі екенддгін айтады. Сатирикте, әсіресе, етістік үйқастар көп қолданылады. Бүл етістіктер «түлкі дедім», «күлкі дедім» деп басталып, «жаңылыппын», «қағыныппын», т.б. болып, мысалдардағы сатиралық образды, ой-пікірді бір шегеден кейін екінші, үшінші,... бесінші,... жетінші шеге- мен қаққандай нықтап жатады. Бір үнді, бір әуезді киысты үйқастары мысалдарды жатык та әсерлі етеді.
2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» окулығында берілген мысалдарды сызба түрінде көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |