5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет20/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Бақылау сұрақтары:
1. Орфоэпияның ерекшеліктері мен өзіндік сапалары
2.Дұрыс сөйлеу тәртібі
Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991


21-22 дәрістер. Екпін қоя білу
Жоспар:
1.Екпін ұғымы
2.Екпін қою ерекшеліктері
Күнделікті сөйлеу мен көркем шығарманы, кез келген текстілерді оқуда, сөйлеп айтуда сөздердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін қоя білуге де байланысты. Өйткені, сөйлеу барысында сөздерді айтудағы бөлшектеніп шығатын ауа толқыны бірқалыпты айтылмай, сөз ішіндегі бір буын өзгелерге қарағанда күштірек немесе көтеріңкі айтылады. Осы көтеріңкі айтылатын буынды екпін түскен буын немесе екпін деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдердегі екпін дауыс құйылысының қарқынымен айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді. Қазақ тілінің екпіні де осыған жатады. Дем екпіні тұрақты, тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін қазақ тілі мен басқа тұқымдас тілдерде кездеседі.
Екпіннің тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді, бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Яғни, кейбір дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде бір-біріне ықпал етуі, түсіп қалуы, сөзге қосылып айтылуы жатады. Одан сөз мағынасы өзгеріп кетпейді.
Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түсіп отыратындықтан тұрақты екпінге жатады дедік. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жататындықтан түбірге қосымша қосылған сайын соңғы қосымшаға ауысып отырады.
Мысалы: бала-балалар, балаларға.
Алайда қазақ тіліндегі барлық қосымшалар екпінді бірдей қабылдай бермейді. Екпін қабылдамайтын қосымшалар да бар. Оны, әсәресе айту мен оқу кезінде дұрыс ажырата білген дұрыс.
1. Екпін қабылдамайтын қосымшаларға жік жалғауы жатады: -мын, -мін, -сың, -сің:

ТӨСТЕГІ ЖАҢҒЫРЫҚТАР


(Жетібай жұмысшыларына)


Мен қара төспін, қайғыдан бақыт жасаған,


Шатырлап жатқан найзағайлы аспа – босағам.
Мен жарық Жермін жаңғырықтарға үн қосқан,
Төбемді көрсе түн қашқан.
Омырауымнан жарқылдап ағып жатады
Құйрықты жұлдыз тынбастан.
Тартып ап таңнан шуақты,
Жер төсін жылытам жұмысшы табы сияқты!
Түрендер болып көтерген тоңып тыңдардың.
Мен сірі Төспін – сызылып аққан сымдармын.
(Т. Айбергенов)

Жік жалғауы көбіне зат есімге жалғанады. Зат есімнің үлгісімен есімдер тобындағы сөздерге де жалғасады. Алайда жік жалғауы кез келген есім сөздерге жалғана бермей, тек адамды білдіретін, адамды теңеуге, теңестіруге болатын сөздерге жалғанады. Поэтикалық тілде көркемдік тәсіл ретінде қолданылады. Жоғарыдағы өлеңдегі төспін, жермін, сымдармындеген зат есімдер көркемдегіш тәсіл ретінде қолданылып, екпін жік жалғауының алдындағы қосымшаға түсіп тұр.


– Иәі сен қай баласың?
– Асқардың баласымын, Маратпын.
Етістіктер шаққа, райға, жаққа қарай жіктеледі. Жік жалғауының екпін қабылдамайтынын, одан сөз мағынасының өзгермей, сөйлем мағынасына нұқсан келмейтіні етістіктің жік жалғауынан анығырақ байқалады. Әсіресе сөйлеу тілі мен поэтикалық шығармаларда екпін түспейтін жік жалғауы қысқартылып айтылады, бұл орфоэпиялық заңдылыққа жатады.

Мысалы өлең текстерінде:



Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам?
(С. Торайғыров)

Ақ шашты атадан қорқам,


Өзім де солай болам-ау деп,
Мүрделі жотадан қорқам,
Мен де сонда қалам-ау деп,
Кім есіркер қартайсақ
«балам-ау» деп
(Т. Молдағалиев)



***

Адамның бүкіл айыбын


Арқалап алып,
Азабын өзім көрер ем,
Жамандық басқан денемен,
Жандырып жатқан,
Тоңдырып жатқан тамұққа
Жамандығыммен төнер ем.
Бүкіл дүние жамандықтарын
Артыңдар маған көтерем!

(М. Мақатаев)


Күнделікті сөйлеу тілінде:


– Алма, мына кытабыңды бере тұршы?
– Әзір бере алмайым, бітіргенім жоқ.
– Кітапханаға қашан өткізесің?
– Қашан оқып болсам, содан соң өткізем.
Сөйтіп жіктік жалғауларының қысқарып, сусып отыруы екпін түспеуіне байланысты екен. Кез келген тексті, соның ішінде көркем шығармаларды оқу мен сөйлеу барысында орфоэпияның заңдылығын сақтап отыру керек.
2. Етістіктің болымсыздық мағына тудыратын жұрнақтары: -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе екпін қабылдамайды.

Дос жүрегі шар айна,
Сылтауыңа қарай ма,
Бүлдіріп алма қалайда
Кір шалдырма, жарай ма?
Шимайланса шар айна,
Дақ түсірер шырайға.
Абайла бауырым, абайла!
Дос жүрегі бал бұлақ,
Жанарды тартар жалтырап.
Сырлары жатыр сылдырлап,
Түкірме оған сен бірақ.
Кәусарымен қандырар,
Келгеніңде қалжырап,
Абайла, бауырым, абайла!
(Ә. Ахметов)


Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі дегенмен болымсыздық жұрнақ жалғанған етістікпен тұлғалас есім сөздері бар. Ал есім сөздеріміз соңғы буынына екпін түсетінін мына қатардағы сөзден ажыратуға болады.



бөлме
алма
кеспе
жарма
баспа
көрме
шығарма
бөлме
алма
кеспе
жарма
баспа
көрме
шығарма

Олар орталықтан екі бөлме үй алды. Тұтас нәрсені бөлме, бөлшектеніп қалады.


3. Есім сөздеріне жалғанып теңеулік ұғым тудыратын: -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары да екпін қабылдамайды.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет