5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет28/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Бақылау сұрақтары:
1.Мысал ұғымы
2. Бастауыш сыныптарда мысалды жанр ретінде оқытудың жолдары
Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991


25-26 дәрістер. «Әдебиеттік оқу» сабақтарында озық технология түрлерін сабақ үрдісінде қолдану


Жоспар:
1. Әдебиеттік оқыту сабақтарын өткізу технологиялары
2. Озық технологияның артықшылықтары
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін қазіргі жаңа жағдайға бейімдеп, озық технологияларды пайдаланып оқыту қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Әдебиеттік оқу сабақтарында көркем шығармаларды оқыту барысында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді нәтиже беретіндігі нақты тәжірибеден, мұғалімдер практикасынан анық байқалады. Алайда көркем шығармаларды жаңа технологияға негіздеп оқытуға арналған нақты әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқаулар өте аз. Сондықтан да осы әдістемелік кешенде қазіргі оқыту талаптарына сай интерактивті әдістерді қолданған бірнеше сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
Оқытудың интерактивті әдістері оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарды берумен шектеліп қана қоймайды, оқушылардың ішкі мүмкіндігін ескере отырып,танымдық қасиеттерін дамтыуға бағытталады.
«Әдебиеттік оқу» көркем шығармаларды оқытуда интерактивті әдіс – тәсілдер төмендегідей сипатта ұйымдастырылады:

  • Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект.

  • Оқушының жеке басына деген ізгілік қарым – қатынас орнатылады.

  • Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым – қатынас жүзеге асырылады.

Интерактивті жолмен оқыту тәсілдерін оқушының оқу – танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңге сай ұйымдастыруға болады:

  1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі (мотивациялық даярлық әдістері қолданылады) – 8-10 минут.

  2. Операциялық-орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер қолданылады) – 15-20 минут.

  3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (өзіндік бақылау-өзін-өзі бағалау әдістері) – 5-8 минут.

Мотивациялық-бағалау кезеңінде оқу міндеттері қойылып, айқындалады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Операциялық-орындаушылық кезеңде жаңа тақырып оқушының тарапынан теориялық тұрғыдан танылады.
Рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қорытындыланады. Оқушылар бір-бірін және өзін бағалайды.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет