5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған


Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды. Борандай



бет21/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
(Абай)

***
Ал десең, аясына алады Алтай,


Көргенде көңілге күй салады Алтай.
Сұлудай торғын келген бұлт жамылып,
Арқаға әлденеше қарады Алтай.
(И, Байзақов)
***
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін!
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
(Жамбыл)

Етістіктің түбіріне жалғанып өтініш, тілек мағынасын білдіретін: -шы, -ші жұрнағы да екпін қабылдамайды.


... Адам деген өседі ғой. Мен көпе-көрнеу жарықтан өсе бастадым. Өлеңдерім класс, мектеп қабырға газеттерінде тоқтаусыз жарияланатын болып алды. Тіпті мен өзім ұсынғанды қойып, олар өздері жалынып сұрайтын дәрежеге жеттім.
«Май туралы бір өлең жазып бере қойшы», - дейді. «Неше шумақ болсын?». Төрт шумақ. «Жарайды». Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. «Тәртіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы». «Класта қалғып отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүйкеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан аяқ жағымсыз болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір баланы сипаттап ал». Мінеки, осы секілді заказдар отряд, класс қабырға газетерінен қарша борап түсетін болады. (Б. Соқпақбаев)



«Лениншіл жас» газетінен келген тілші орталық радиоторабынан берілген хабарға арнап, пионерлерден интервью алды...


Базар шартақ құрып болды да:
– Мына сары ала қауындарды қаққа тілші, - деп, қауындарды домалата бастады.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге енген әрбір атаулардың оқылуы мен жазылуында, өзге тілге араласуында өзіндік ерекшелігі бар. Терминдік атаулар орыс тілі арқылы кезең-кезеңмен еніп келеді.
Қазан революциясына дейін көршілес халықтармен қарым-қатынас жасау арқылы тілімізге енген көптеген сөздер болды. Тілімізді байытты, әсіресе орыс тілінен енген сөздер еді. Алайда сол дәуірде енген әрбір сөз ауызша енгендіктен болар, қазақ тілінің дыбыс заңдылығына бағындырылып айтылды, солай қалыптасып кетті. Біз ондай сөздерді сол кезде қалай қалыптасып кетсе солай сөйлеп, орфоэпиясымен фонетикалық принципке сүйене отырып жаза береміз. Мысалы: кәмпит, жәшік, бөтелке, сиса, сәтен, керует, т.б. орфоэпия заңдылығымен сөйленіп, жазылып кеткендіктен өз тіліміздегі сөздер сияқты екпін қазақ тілінің заңдылығына бағынып түседі.
Ал советтік замандағы ғылым, білім, өнер, техника саласына байланысты енген терминдік сөздерге орыс тілінде екпін сөздің қай буынында тұрса, қазақ тіліне араластырып сөйлегенде сол бұрынғы қалпында қалады. Орыс тіліндегі сөздерге түсетін екпін сөз мағынасын өзгертеді. Екпін әр буынға сөз мағынасына қарай ауысып отырады. Мысалы мына сөздердегі екпін сөздің басқы, ортаңғы, соңғы буындарына түскен.
Мысалы: творог немесе творог, левешление немесе левешление т.б. сөз мағынасы өзгереді. Сондықтан қазақ тілінде жазылған текстерде орыс тілінен енген термин сөздер кездескенде ескеріп отыруымыз сауаттылыққа өте қажет. Қазақ тілінің екпіні тұрақты екпінге жатқанмен үнемі өзгермейді деуге болмайды. Сөздердің, сөз тіркестерінің айтылу әуеніне, психологиялық көңіл күй де әсер етеді. Ондай екпіні ауысып түсетін сөздер айрықша дауыс ырғағымен айтылатын есептік сан есімдерде, мағыналық жағынан ерекше айтылған сұрау есімдерінде, бұйрық мағынасында жеке айтылған етістіктерде т.б. жылжып соңғы буыннан алдыңғы буынға ауысып кететіндері болады.

Қайда жүрсем, туған жерім,


Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдымда тұрармысың!
(Б. Тәжібаев)

Тыңда, Қастек, Қаскелең!


Тыңда, дала, Жамбылды.
(Жамбыл)

Әдеби тілдің орфоэпиясымен сөйлеудің басты ережелерінің бірі, осы сөз екпінін дұрыс қоя білуге де байланысты екен. Сөзге екпін қоюды тереңірек зерттеп, қойылған екпіннің дұрыстығын сөздікке қарап, тексеріп отыруға дағдылану тексімен жұмыс істеу кезінде баса назар аударуды керек етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет