Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз
1-дәріс. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсат, міндеттері, мазмұны Жоспары: 1. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсат, міндеттері
2. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұны, әдістемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін модернизациялауға басымдық бағыт беріп, білім мазмұнын жетілдірудің бес бағытын айқындап берді.Сондағы төртінші бағыт тікелей педагогикалық білім берудің базалық стандарттарын жетілдіру, мектеп мұғалімдерінің және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруды көздеуі жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің қайнар көзіне айналып отыр.
Осы бағытты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының жетілдіріп, 2012 жылы 23 тамызда Үкімет тарапынан бекітілуі, өтпелі кезеңнің жаңа мазмұнын айқындауға негіз бола отырғаны еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуінің алғышарты болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының іргетасы бастауыш мектепте қаланатынын, сонымен қатар оқушылардың оқу еңбегіне қажетті оқу іс-әрекетінің білігі мен дағдысын игеруі, оқуға үйрену, санау, теориялық ойлаудың қарапайым элементтерін, сөйлеу мәдениеті мен тәртібін, салауатты өмір салтын, жеке бас гигиенасын, отандық және әлемдік мәдениетті түсінуін қамтамасыз ететін білім мазмұны мектептің әдебиет пәнін меңгертуге база жасаудың негізі болып табылады.
Стандарт бойынша бастауыш білім мазмұнын айқындауда жаңа ұстанымдар басшылыққа алынып отыр.Алдымен жаңа стандарт әлеуметтік сұраныстан туындап отырғандықтан, ол қоғамның, мемлекеттің және ірбір отбасының талабын қанағаттандыру үшін, осы үштік жүйенің талаптарын біріктірген білім мазмұныны меңгерту мен жүзеге асыру шарттары оқушыларды тұлғалық және жүйелі-әрекеттік, пәндік нәтижелерге жетуді көздейді.
Жаңа бағдарлама аясындағы 2-сынып бойынша бастауыш білім мазмұнын тіл және әдебиет саласы негізінде асырауды көздеп, аталған сала бойынша белгіленген деңгейге сәйкес 2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламсында берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған білім мазмұны оқулықта беріліп отыр.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі негізінен оқу дағдысын қалыптастырумен қатар, оқушылардың өздігінен оқуға деген қызығушылығын арттырап, оның тұлғалық дамуындағы рөлін түсінуге, балалардың оқу аясын кеңейтуге бағытталады.Мұнда басты назар оқушылардың саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң, дұрыс оқуына аударылады.
Әдебиеттегі оқу пәнінің оқулығы бағдарламадағы білім мазмұнын білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен пәндік нәтижелер негізіндегі білім мазмұнына сәйкес құрастырылады. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлғасының, адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық – құндылық қатынасының, оқу үдерісіне оң ынта-ықыласының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен біліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.Білім алушылардың дайындық деңгейі ұш аспект бойынша бағаланып, олар тұлғалық нәтижелер және пәндік нәтижелермен айқындалып, әрқайсысының атқаратын өзіндік функциясы дәлелденген.
Тұлғалық нәтиже – таным мен оқу мотивациясын қалыптастыруы, оқушылардыңөзін-өзі дамыту қабілеті мен дайындығы, бастауыш мектепті бітірген түлектің ана тіліне деген құрметі, Отанына деген сүйіспеншілігі, әлеуметтік құзыреттіліктері, азаматтық ұстанымы, ұлттық рәміздер мен заңдарды құрметтеуі, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі, шығармашылығы, жеке тқлғаның көзқарасын білдіруі және т.б.Бұлар тұлғалық сапаларды қалыптастырумен сипатталады.Әдебиеттік оқу пәнінде әрбір оқушының білім траекториясы мен жеке басының дамуына сәйкес жақын даму аймағын кеңейту қажет болады.
Тұлғалық нәтиже тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оның қалыптасуы мен дамуын, қызығушылығын, мотивтерін, қабілеттерін, тұлғалық өзін-һзі айқында комноненттерін қамтиды.Әдебиеттік оқу пәніндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларды оқуға үйрету, білім беру үдерісіндегі әрбір оқушының жеке қабілетін ашу, оқуға деген қызығушылығын тудыру.Қызықты материалдарды молынан ұсынған сайын бала оларды тереңірек білуге талпынады.Оқулық мазмұны оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып,түсінбегенін түсінуге үйретіп, оларлың тұлғалық дамуын ескеріп, ақыр соңында оқырмандыққа баулиды.
Тұлғалық нәтижеге жетуде, тұлғалық бағдарланған оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың ( өзінің әрекетін, болған оқиғаның, моральдық норма мен тәртіптегі адами сапаларды түсінуі) әлеуметтік және тұлғааралық қатынасқа деген бағдарының болуын қамтамасыз ететін талаптар қояды.
Тұлғалық нәтижеге жету үшін мұғалім оқу іс-әрекетінде мынадай екі әрекет түрін қолдануы қажет:
Білім алуда ойша әрекет ету, яғни оқушылардың оқу сі-әрекетінің мақсаты оның мотивінің арасында, басқаша айтқанда, оқудың нәтижесі мен оқуда тудыратын әрекетті және не үшін оның жүзеге асқандығын білуі.Оқушы «Оқу мен үшін неге керек?» деген сұрақ қойып, оған жауапты өзі табуы қажет.
Адамгершілік әрекеттерді меңгерген білім мазмұгыг бағалау, өзінің жеке және әлеуметтік құндылығын қамтамасыз ететін моральдық нормаларды таңдау әрекеті.
Әдебиеттік оқу пәні оқулығының мазмұнында тұлғалық нәтижеге жеткізетін шығармалар – қазақстандық азаматты өз Отанын, халқын мақтан етуге, и ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты меңгертуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, туған еліне деген сүйіспеншілікке, басқалардың көңіл күйін түсінуге, эстетикалыұ, адамгершілік, жанашырдық сезімге тәрбиелеуге лайықты шығармалар ұсынылып отыр.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер қоғамдық, мемлекеттік,отбасылық талаптар, жауап беретін тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеуден, көпмәдени, көптілік, көпұлттылыү жағдайында мәдени диалогқа түсінууінен дәне оларға құрметпен қараудан, нәтижеге бағытталған білімнің оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің әмбебаптығынан, ақпараттық-коммунткациялық технологияларды әзденімпаздықпен пайдалануынан, ғылыми ақпараттарды саралауы, жинақтауы, өңдеуі, білім мазмұнының шешуші белгілері болып табылатын шығармашылық пәндік олимпиадалар мен жобаларға қатысуынан, жеке білім траекториясының әртүрлілігін көрсететін оқушы портфолиосын дайындаудан көрінеді.Жүйелі- әрекеттік нәтиже бойынша әдебиеттік оқу пәні оқу әрекетінде оқушылардың мына төмендегілерді іске асыруын көздейді:
Ақпараттық қоғамда тұлғалық сапаларды дамыту мен тәрбиелеу, толеранттылықты, сөйлеу мәдениетін, көпмәдени мен көптілді меңгерту;
Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде күтілетін нәтижеге жету жолдарын, педагогикалық технологияларды жетік білуді, оқушылардың оқу-танымдық дамуын қамтамасыз ету;
Әдебиеттік оқу пәнінің білім мазмұнын меңгертуде нәтижегег бағытталған білім берудегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
Білім мазмұнының шешуші рөлі оны ұйымдастыру болғандықтан, оқыту үдерісін өзарар ынтымақтастыққа құрып, оқушылардың тұлғалық, әленуметтік және танымдық дамуына қол жеткізу;
Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін ескере отырып, іс-+әрекет түрлерін тақырыптың мақсатына сәйкес саралау.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер 2-сыныпта мәтін мазмұныны түсіну басты да күрделі міндет екенін, мәтін сөйлеудің ең үлкен бірлігі болып табылаптынын жеткілікті мөлшерде меңгертуді көздейді.Мәтіннің мазмұны арқылы ашылатын оның идеясын әдебиеттік оқу пәніне ұсынылған шығармаларды оқыту барысында оларды оқушылар өздігінен түсінуіне мүмкіндік жасалады.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша жүйелі-әрекеттік нәтиже арқылы оқушыларды оқырмандық сауаттылыққа баулу ісі жүзеге асырылады.Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеті олардың өзін-өзі жетілдіруін, ұжымдық, топтық жұмыстарда оқу әрекетіне ынтымақтастықпен қатысуын қамтамасыз етеді.
Пәндік нәтижелер – білім салалары бойынша оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығының базалық (міндетті)деңгейде болуы, жаңа білімді меңгерудегі тәжірибелерді игеруі, оны өзгерту арқылы өз тәжірибесінде қолдануы қазіргі ғылымның әлемдік бейнесін сипаттайтын ғылыми білімнің негізгі элементтерінің жүйесін пайдалана алу әрекеттерінен, функционалды сауаттылығынан көрініс табады.Білім мазмұнын меңгерудің бес балдық бағалау жүйесі негізінде оқушылардың жүйелі-әрекеттік және пәндік нәтижелерін бағалау ісі жүзеге асырылады.
Пәндік нәтижелерге жету үшін оқулықта халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің шығармалары, балалар әдебиетінің түрлі жанрларын және әртүрлі тақырыптық түрлерін қамтитын білім мазмұны берілген.Оқушылардың оқулыққа ұсынылған шығармаларды қабылдауы мен көркем шығармаларды оқуы, әңгімелей білуі талдаудың қарапайым түрлерін меңгеруді қамтамасыз ететіндей болып, мұғалім көркем сөзбен танысудың тиімді жолдарын, әдістер мен технологияларын пайдалана отырып, сабақты тиімді түрде ұйымдастыруы қажет.
Әдебиеттік оқу пәні оқулығында әлемдік және ұлттық мәден құбылыс ретіндегі ұлттық салт-дәстүрді сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің құралы оқушының жеке басының дамуы үшін аса қажетті деп есептелетін әртүрлі жанрдағы шығармаларды саналы түрде меңгеруге, оларға баға беруге арналған материалдар ұсынылып отыр.
Оқырмандық сауаттылық әлеуметтік өмірде тұлғаның өз білімі мен мүмкіндігін белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ісімен айналысуы, ол туралы ойлануы, жазбаша мәтінді пайдалануы және түсінуі болып табылады.Оқушылар ақпаратты өздері алу үшін оны іздеуге, пайдалана білуге үйретеді.Оқушылардың оқырмандық сауаттылығы, яғни, оқудағы нәтижелілігі мен табыстылығы мұғалімнің мәтінмен жұмыс істеу шеберлігіне байланысты болмақ.Мұғалім сыныптың, жеке оқушының дайындық деңгейіне байланысты бұл жүйеге түзетулер енгізуге құқылы.Әдебиеттік оқу пәні оқушылардың шығармашылық кеңістігінің аясы болуды, яғни өздерінің әңгімелерін, ертегілерін құрастыруға, шығармаға өз көзқарасын білдіруге үйретуді іске асырады.Оқырмандық сауаттылыққа баулуда мына міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
Мәтінді оқудың қарым-қатынастық мақсатын түсіну;
Мәтіннің негізгі ойын айқындау;
Мәтін бойынша жоспар құрып, тезис жасап, оны толық немесе қысқаша айтып беру үшін ауызша немесе жазбаша ақпаратты жазып алу;
Ақпараттың ішінен негізгі және қосымша, керекті немесе керексіз дегендерін бөліп алу;
Мәтіннен түсінгенін баяндау, оған баға беру.
2-сынып оқушысы саналы түрде дауыстап және іштей оқудың мақсатын түсінуі – басты мәселе.Оқушы дауыстап оқығанда белгілі бір мақсатқа байланысты – басқалардың тыңдауына немесе мәтіннің мазмұнын тұсініп, оны өзі айтып беру үшін оқиды.Мұндай оқудың түрлері оқу іс-әрекетінде оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруға негіз болады.Оны іске асыру тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс оқуға арналған материалдар арқылы да жүргізіледі.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ 2-сыныпта өтетін басқа пәндермен пәнаралық байланыста ұйымдастырылып,табиғи түрде жүзеге асырылады.Бұл,әрине, оқушылардың интеллектуалды тәжірибелік іс-әрекетімен байланысты болады.Іс-әрекетінің нәтижесі өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік туғызады.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша пәнаралық байланыс мынадай бағыттарда іске асырылады:
Оқушы көркем шығармалар арқылы өз Отанының және Әлем елдерінің салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен таныса отырып,и олардың мәдениетін меңгереді.Технология пәнімен байланысы осы шығарма мазмұнына сәйкес техника түрлеріне, құрылыс мамандарына, олардың еңбектеріне деген қызығушылығын туғызды, оларға құрметпен қарауға үйренеді.Еңбектің түрлеріне қатысты шығармаларды оқып, оларды өмірде көрген тәжірибелермен салыстырып, өз пікірін дәлелді түрде білдіреді.
Оқушы өз ойын жүйкелі жеткізуде, тілдік қатысымдылықты сақтау, байланыстырып сөйлеу және тіл дамыту жұмыстарында, шығарма, мазмұндама жазуда қазақ тілі пәнімен байланысы жүзеге асырылады.
Әдебиеттік оқу пәні шығарманың мазмұнына сәйкес қоршаған ортамен тансу пәнімен байланысады, табиғат құбылыстары мен ерекшелітерін тануда жыл мезгілдеріне байланысты табиғатқа саяхат жасау, ауа райын бақылау жұмыс тары іске асады, ал оқиғаны салыстыруда автордың көзқарасы мен идеясын тіршілік өмірмен байланыстыру мәселелері сипатталады.
Пәндік материалды қайта өңдеу іс-әрекетінде, ішкі жоспарды іске асыруда, мақсатқа бағытталу мен белгілі бір шешім қабылдауда, іс-әрекеттің орындалуын бақылау, бағалау, түзету енгізуде әдебиеттік оқу пәні математикамен байланысады.
Мәтін мазмұнына сәйкес түсінгені бойынша шығармашылықпен сурет салу, яғни, басты кейіпкерді немесе образды, не болмаса тұтас сюжеттің суретін салу арқылы ойын бейнелеп жеткізуде бейнелеу өнерімен байланысады.
Көркем шығарманың идеясын ашу мақсатында музыка қолданылады.Мұғалім шеберлігі мен оқушының шығармашылығы бірлесіп, тақырып мақсатына сай дұрыс таңдалған музыканы пайдалануға болады.Бұл, әрине, әдебиеттік оқу пәнін музыкамен байланыстырады.
Әдебиеттік оқу пәні информатикамен байланысады.Ақпаратты іздеуғ, алынған ақпаратты сақтау, компьютерді пайдалана білу- әрбір мұғалімнің міндеті.Сонымен бірге барлық пәндерден дайындалып, жарық көрген электрондық оқу құралын тиімді пайдалану оқушылардың әдебиеттік оқу пәнін оқуға деген қызығушылықтарын арттырары сөзсіз.