5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет4/12
Дата30.01.2017
өлшемі0,92 Mb.
#8397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәрістің жоспары:

  1. Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай

  2. қолданылатын әдіс-тәсілдер.

  3. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері.

2.Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер:
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.

Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.

Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.

Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.

Сондай пәндердің бірі алты жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.

Дәрісті қорытындылау:

Сауат ашу әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін қалай пайдалануға болады (психологиядан алған білімдеріңмен ұштастырып айтып беріңдер)?

  2. Бірінші сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауын қалай тәрбиелеу керек.

  3. Сабақты түсінікті болуын қамтамасыз ететін негізгі талаптар қандай.

  4. Оқыта отырып тәрбиелеу, дамыту дегенге қалай түсінесіңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002





    1. ІІ модуль.

Оқу және тіл дамыту методикасы.

2.2.1 №4-дәріс тақырыбы: Оқудың маңызы мен мақсаты және түрлері (2сағат)

Дәрістің жоспары:

  1. Оқудың маңызы мен мақсаты және түрлері туралы түсінік.

  2. Оқу принциптері.

  3. Оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны: ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі – оқушы тілін дамыту. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан оқу-тәрбие процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ұғындырып, қалыптастыруымыз қажет. Ал мұндай іргелі мәселенің қабырғасы бастауыштан қаланатыны өздеріңізге белгілі. Олай болса бастауыш сыныптың әрбір мұғалімі тіл әдіснамасының қыры мен сырын жетік меңгеруі тиіс.

Ал, тіл әдістемесі ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.

Мұндағы білім беру жолдары мен құралдарына:

  1. Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал.

  2. Оқу жұмысын ұйымдастыру.

  3. Оны үйрету әдістері жатады.

Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін, сөздің лексикалық мағынасын мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Ал мектепке келгеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, ана тілінің сан алуан, грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізеді.

Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сонда ғана заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.

Мұғалім методикалық принциптерді дұрыс іріктей алғанда ғана бұл байланысты жүзеге асыра алады. Ал методикалық принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді.

  1. Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру.

  2. Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету.

  3. Балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.

  4. Ұштастыра оқыту.

  5. Қайталау.

  6. Өз бетімен жұмыс істеуге баулу.

Бұл принциптерді бастауыш сыныптарда іске асыру үшін ең алдымен бағдарламалар тиянақты жасалынып, дидактикалық материалдар іріктеліп, оқыту әдістері белгіленеді. Яғни оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. Олай болса сөзімізді сауат ашу кезеңінде жүргізілетін жұмыс түрлерінен бастайық. Бала мектепке алғаш келгенде мұғалім ең алдымен балалардың білім дәрежесімен танысады, арнайы әр баланың даму картасы толтырылады. Яғни олардың қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады. Дәл осы кезеңде мынадай жұмыстарға баса назар аудару қажет.

    • Балалардың сөздік қорын қалыптастыру

    • Балаларға қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойын айтып беруге дағдыландыру.

    • Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару.

    • Тіл мүкістері бар кейбір дыбыстарды айта алмау жақтарын жою мақсатында жекелеген оқушылармен жұмыстар ұйымдастыру.

    • Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру.

Міне осындай жұмыстармен қатар әліппе кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріледі сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық жүргізіліп, ол жазуға дайындықпен ұштастырылады. Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ сынып оқушыларына тән. Оқудың бұл екі түрі бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Оқушылардың дауыстап оқу арқылы алған дағдылары іштей оқуға тасымалдана береді. (ІІ-ІІІ сыныптан бастап дауыстап оқыған материалдар іштегі оқуға беріледі. ІІІ сыныпта жаңа материалдар алдын-ала дайындық жұмыстарынан кейін іштей оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: текске сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. ІІІ-IV сыныптарда іштей оқылған текстерге сұрақтар қойып жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын оқушылардың қаншалықты түсінгендігін айтқызу арқылы, мәтіндегі кейбір ойларды, суреттеулерді тапқызу арқылы т.б. тексеріледі. Оқудың бұл екі түрінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу, түсініп оқу талаптары орындалуы тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені мәтінді түсінбей мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса түсінбейді.

Дұрыс оқудың негізі алғашқы оқу, жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаға әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырған жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Бала буындап оқуға қателессе, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.

Енді осы оқу дағдысына қойылатын талаптарға жеке тоқтала кетейік. Түсініп оқу дегеніміз – оқушының оқыған мәтіннің мазмұнын анық терең ұғыну болып табылады. Оқиғаны толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.

Түсініп оқуда оқушылардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылуы тиіс. Түсініп оқудың алғашқы кезеңін балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын сюжетті мәтіннен бастаған жөн.

Ал шапшаң оқу дегеніміз мәтіндегі сөздерді оқығанда түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқығанда оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын аңғара алмай қалады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі. Осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды көпті болып келеді. Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, дұрыс түсініп белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалады деуге болады.

Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі.

  • Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау

  • Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу

Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. Яғни шығарманы оқуға дайындық кезінде, шығарманы оқу барысында, оқып болғаннан кейін. Осы жерде ескерте кететін жәйт өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.

Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың келесі түрі- шығарманы оқу. Онда көпшілік шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса мұғалім оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Шығарманы бірінші рет оқығанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны дұрыс. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуы керек. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын жақсы меңгерген оқушыға оқытуға болады. Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез-келген жерден үзбей, әр бөлімнің белгілі бір аяқталған ойды білдіргені жөн. Шығарманы бір рет оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет.

Келесі жұмыстың түрі – шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады.

  1. Әңгімені бөлімге бөлу.

  2. Бөлімдерге ат қою, оны тәртіппен жазу.

Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлуі үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Шығарманың мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады. 1.Толық. 2. Ішінара.

Көлемі шағын мәтіндерді жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндату қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен мәтіндер бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға тоқталатын болсақ, бұл жұмыстар біріншіден оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса, екіншіден балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.

Сонымен шығарманың мазмұны, яғни мәтінмен жұмыс бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл-ойы мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет