Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7.
3.2.3 №6-тақырыбы: Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
Мақсаты: Бастауыш мектепте қазақ тілінің бір саласы ретінде фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны, принциптері мен заңдылықтары. Фонетиканың мазмұны мен құрылымы. Оқушы тілінде байқалатын фонетикалық ортақ қателер және оларды болдырмаудың жолдары. Фонетикаға арналған жаттығулардың түрлері және оларды орындатудағы мақсат. Бастауыш мектепте фонетиканы оқытуда көрнекі және техникалық құралдарды орынды пайдалану. Әдістемелік нұсқау: 1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.
2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,
3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.
Бақылау сұрақтары: 1. Бастауыш мектепте фонетиканың әдістемесі 2. Бастауыш мектепте оқушылардың фонетика саласынан алатын білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру. 3. Бастауыш мектепте фонетиканы меңгертудің тиімді жолдары. 4. Бастауыш мектепте фонетиканы оқытудың теориясы мен технологиясына негізделген қандай әдістемелік еңбектерді білесіз? 5. Бастауыш мектепте фонетиканың оқытылу жайын зерттеген ғалымдар негізінен қандай мәселелерге тоқталды? 6. Соңғы жылдарда жарық көрген мектеп оқулықтарында фонетикаға қатысты тақырыптар сақталды ма? Оларда қандай өзгеріс, толықтырулар бар?