Сүрмені сульфидті кентастарды күйдіргеннен қалған өнімдерді немесе тотыққан кентастарды тотықсыздандыру арқылы алады.
Сүрменің бас пайдаланушысы полиграфия өндірісі (Sb қосылған қорытпа қатайған кезде ұлғайып, ұяқалыптың бөлшектерінің көшірмесін нақтылы қалыптастырады). Сүрменің қорғасын, қалайы, мыспен құймалары өнеркәсіпте, таза сүрме және антимониттері жартылай өткізгіш ретінде қолданылады. Сондай-ақ бұл элемент мойынтіректі қорытпаларда (баббиттерде) пайдаланылады.