5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет22/75
Дата06.02.2022
өлшемі335,97 Kb.
#54202
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Әдебиеттер:
1.. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы
8 Дәріс: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері
Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі. Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі.
Мақсаты: Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесімен танысу
Ғали Бегалиевтіңтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Иманбек Ұйықбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Жоспар:

  1. Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі

  2. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары

  3. И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі

  4. 2. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі

Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі – Ғали Бегалиев.


Ғали Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген. 1907 жылы Қазандағы Мухамедия медресесінде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай облысында мұғалімдік қызметте болады. 1910-1912 жылдары Орынборда орысша курсты бітіріп, Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1918 жылы Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептерінде мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәрістер оқиды.1922-1924 жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда мұғалімдік қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал қаласындағы «Қызыл Ту» газетінде, Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газеттерінде істейді. Осы жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер – тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады.
Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде қазақ тілін оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет.
Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалиев қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту мәселесіне, алфавиттік жүйе мен байланысты өз пікірін білдіріп отырған. Әдіскер ғалымның «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасының мәселелері» мен «Бастауыш мектепте бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы» деген еңбектері 1950 жылы жарық көреді. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде қазақ тілі сабағын оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, құнды ойлар айтады. Бастауыш мектептерде қазақ тілі бойынша өтілетін әр сабақтың әдістемесін жасап, әрбір тақырыпты қалай оқыту, әдіс тәсілді қалай дұрыс қолданудың өзі дұрыс деп таныған жолдары мен тәсілдерін ұсынады. Сабақтың өту процесін терең меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалімнің алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан шығудың жолдарын да көрсетіп береді.
Әдістемелік еңбектерінде бастауыш сыныпта өтілетін негізгі тақырыптарды қарапайым да тетең талдай отырып, мұғалім ұстануға тиісті негізгі тәсілдерді белгілеп береді. Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдістемесін жасайды. Әрбір жеке тақырыптың әдістемесін жазудағы мақсатын ғылымның өзі былайша түсіндіреді: «Бұлайша жазуымыздың себебі мектеп мұғалімдері тілден өткізетін сабақтарға оқулық бойынша әзірленгенде, сол сабақты оқыту методикасына да қоса әзірленсін дегендік. Тіл мұғалімі әрі грамматиаклық тақырыпты, әрі оны оқытудың методикасын бір уақытта әзірлесе, оқыту жұмысы сапалы болып шықпақ» (Бегалиев Ғ. «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы, Алматы 1940, 57 –бет.»)
Ғ. Бегалиев есімі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің дамуына, әсіресе бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың сапалы өтуіне өз үлесін қосқан әдіскер ғалым ретінде танылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет