5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет24/75
Дата06.02.2022
өлшемі335,97 Kb.
#54202
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75
Ұйықбаев Иманбай Қабышұлы 1922 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданында туған. 1948 жылы КазПИ – ді бітіріп, 1952 жылы аспирантураны тәмамдайды. 1952-1954 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің көріністері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Автордың «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар.
Әдіскер ғалымның еңбектерінде әр сөздің ұғымы мен мағынасын оқушыларға түсіндірудің қыры мен сыры ашылады. Мектеп грамматикаларында сөздердің мағыналары олардың лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық жүйедегі қай сөз табына жататынына байланысты анықталады. И.Ұйқыбаевтың еңбектерінде де негізгі мәселелер осы құрылымдық бағытта жазылды.Сондықтан да автор былай деп ой түйіндейді: «Сөз таптарының морфологиялық белгісі - әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты» (Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері,Алматы, 1957).
Автор мектеп мұғалімдерінің бағдарламаны қалай жасауға болатынын, оны пйдаланудың жолдарын саралап көрсетеді, 3,4,5 сыныптарда сөз табына қатысты мәселені балаға жеткізудің жолдарын анықтайды. Есім және етістік сөз таптарын мектепте қалай өтуге болатынын жіктеп талдайды. Әрбір сабақтың өзіндік ерекшелігіне, теориялық білімді меңгертуде жаттығудың маңызды орын бар екеніне жақсы тоқталады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында түсіндірмелі диктанттар мен бақылау диктанттарын жиі алып отыру қажеттігін ескертеді.
Әдіскер – ғалым бастауыш мектептерде грамматикалық талдау жұмыстарын жүргізуге де ерекше көңіл бөледі. Мұның өзі балалардың сауттылығын күшейтуге көмектеседі деп ой түйіндейді.
Грамматикалық талдау грамматика мен емлені меңгеруге көмекші құрал болатындықтан, оны өтілген тақырыпқа сәйкес үнемі жүргізіп отыру қажет. Грамматикалық талдау үшін алынған сөйлемдер жеңіл, түсінікті болуы керек деп жазады.
Лексика саласын оқыту да оқушылардың тілін дамытуға мол мүмкіндік барын айта келіп, автор синоним, антоним, омоним, термин сөзде, көнерген сөздерді т.б. оқытуда иек артуға болатын негізгі тәсілдер мен жолдарды көрсетіп береді.
И.Ұйықбаев диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік, шығармашылық, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған.
И.Ұйықбаев құрастырған « Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектің де әдістеме ғылымы үшін берері мол. Құрастырушы бұл шағын кітапшада Қ.Басымов, С.Жиенбаев, Ш:Х.Сарыбаевтардың өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды деректер бере отырып, олардың шығарған, жазған зерттеу жұмыстарының тізбесін берген. Автордың көрсетілген үш ғалым жөнінде айтқан пікірлері аса құнды.
Мұның өзінің кейінгі ғылыми ізденіспен жүрген ізденушілерге тигізер пайдасы орасан.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында И.Ұйықбаев есімінің де өзіндік орны бар. Автордың қаламынан шыққан қазақ тілін оқыту жүйесіне байланысты еңбектердің маңызы күні бүгін де жойылған жоқ.
И.Ұйықбаевтың негізгі ғылыми - әдістемелік еңбектері:
Категория глагольного вида в современном казахском языке. АКД,Алматы, 1954.
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері.Алматы, 1958.
Қазақ тілі методикасының очерктері.Алматы, 1962.
Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы,1969.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының проблемасы.Алматы, 1976.
Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 1961.
Қазақ тілі.8 сыныпқа арналған оқулық.1997.
Қазақ тілі, 9-сыныпқа арналған оқулық.1997.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет