5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша


Қазақстан және әлемдік-аймақтық қауіпсіздік проблемалары



Pdf көрінісі
бет236/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

Қазақстан және әлемдік-аймақтық қауіпсіздік проблемалары 
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық 
және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі. 4 
«Т» девизінің мәні («Trust, Traditions, Transparency, Tolerance»). Өзара 
сенімділікті, ғаламдық қауіптер мен халықаралық лаңкестіктің көбеюі 
жағдайында 
діндердің 
диалогын 
нығайту 
жөніндегі 
бастамалар. 
Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегі.
Халықаралық қауіпсіздік проблемаларының Қазақстанның сыртқы 
саясатындағы алатын орны. Қазақстанның Орталық Азия аймағында және бүкіл 
әлемде халықаралық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бастамалары. Қазақстанның 
жаппай қырып-жою қару-жарағын таратпаудың халықаралық тәртібін нығайту 
жөніндегі қызметі. Қазақстан және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚТШ)
(ОДКБ).
Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігері 
мен бастамалары. Қазақстан және Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары 
жөніндегі кеңес (АӨСШК). Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы 
(ШЫҰ). Еуразиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы Шанхай 
ынтымақтастық ұйымының орны мен рөлі және маңызы. Ұйым мүдделерінің 
саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларға қатысы.
Қазақстан және Солтүстік Атлантика одағы ұйымы (НАТО). ҚР Солтүстік 
Атлантика ұйымымен әскери-саяси саладағы ынтымақтастығы. Қазақстан және 
«Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы. Республиканың әскери 
қауіпсіздігін нығайтуда Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық одақпен 
ынтымақтастығының маңызы.
Жаңа сыртқы қауіп-қатерлер мен зұлматтарға қарсы әрекеттер. Қазақстанда 
есірткіні заңсыз таратумен, лаңкестікпен және экстремизммен күрес. 
Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған үлес ретінде 
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру жөніндегі 
бастамасы. ҚР сыртқы саясатында дінаралық татулықты сақтау, әлемдік және 
дәстүрлі діндердің ынтымағын қалыптастырудың алатын орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет