Лекция 12. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеу түрлері және жіктелуі
Физикалық шама. – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті.
Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады.
Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама.
Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу.
Өлшеуді жүзеге асыру үшін физикалық шаманың, өлшеу әдісінің, өлшеу құралының, оператордың, өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың болуы қажет.
Өлшеу мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануғы ыңғайлы түрде алу болып табылады.
Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, шынайы және іс жүзіндегі мәндерімен сипатталады.
Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі.
Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін олл үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт).
Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан.
Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады.
Физикалық шаманы оның шынайы мәнімен сипаттайды. Шынайы мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді.
Іс жүзіндегі мән деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және шынайы мәнге соншалықты жақын - оны шынайы мәннің орнына қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |