5В072600– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы


Лекция 10-11. Метрологияның негізгі қағидалары



бет19/80
Дата10.02.2022
өлшемі463 Kb.
#131329
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Байланысты:
гылыми техникалык кужаттар

Лекция 10-11. Метрологияның негізгі қағидалары

2.1. Физикалық қасиеттер мен физикалық шамалар


2.1.1. Шамалардың жіктелуі


Қоршаған табиғаттың барлық объектілері өзіндік қасиеттерімен сипатталады. Қасиет – философиялық объекттің (құбылыс, процестің) оның басқа объектілерден айрықшалығын немесе оларға ұқсастығын білдіретін категория. Объекттің қасиеті оның басқа объектілермен қатынаста болу кезінде көрінеді. Қасиет сапалық категория болып табылады. Процестер мен физикалық денелердің қасиеттеріне сандық сипат беру үшін шама ұғымы енгізіледі. Шама – бір нәрсенің оның басқа қасиеттерінің ішінен бөліп алып әртүрлі әдістермен оның ішінде сан арқылы бағалауға келетін қасиеті. Шама өз бетімен пайда болмайды, объекттің осы шамамен көрсетілетін қасиетін сипаттайды.

Шамалар


Шамаларды екі түрге: реальный және идеальный шамаларға бөлуге болады (сурет).

Реальный


Идеальный



Физикалық


Физикалық емес


Математикалық





Өлшенетін


Өлшеуге келмейтін





Сурет. Шамалардың жіктелуі

Идеал шамалар негізінен математикамен байланысты және нақты реал ұғымдардың жалпыламасы (моделі) болып табылады. Олар әртүрлі әдістермен есептелінеді.


Реал шамалар өз кезегінде физикалық және физикалық емес шамаларға бөлінеді. Жалпы жағдайда физикалық шама деп жаратылыстану (физика және химия) және техника ғылымдарында зерделенетін материалдық объектілерге (процестерге, құбылыстарға) тән шамаларды айтуға болады. Физикалық емес шамаларға қоғамтану (физикалық емес) ғылымдырға – философия, социология, экономика және т.б.) тән шамалар жатады.
Стандарт бойынша физикалық шама – сапалық жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын физикалық объект қасиеттерінің бірі. Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болу мүмкіндігін айтамыз. Сонымен физикалық шамалар – физикалық объектілер немесе процестердің өлшеу арқылы алынған қасиеттері. Осы қасиеттері бойынша физикалық объектілерді зерделеп тануға болады.
Физикалық шамаларды өлшенетін және бағаланатын шамаларға бөлуге болады. Өлшенетін шамалар сандық мәндермен (бекітілген өлшем бірліктерінің бірнеше санымен) көрсетілуі мүмкін. Өлшем бірліктерін енгізу және қолдану мүмкіншілігінің болуы өлшенетін физикалқ шамалардың айрықша көрсеткіші болып табылады. Әртүрлі себептерден өлшем бірлігін енгізуге болмайтын физикалық шамаларды тек бағалауға болады. Бұл жағдайда шамаға бекітілген тәртіп бойынша белгілі сан мөлшерін бекіту операциясын бағалау деп айтады. Шаманы бағалау шкалаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Шаманың шкаласы - нақты өлшеу нәтижесі негізінде келісім бойынша қабылданған оның мәндерінің реттелген тізбегі.
Физикалық емес шамалар тек қана бағаланылуы мүмкін. Өйткені олар үшін өлшем бірлігін енгізу ешқандай жағдайда мүмкін емес. Физикалық емес шамаларды бағалау метрологияның мақсаттарына жатпайды.














Физикалық шамаларды былай жіктеуге болады (сурет).

Физикалық шамалар


Энергетикалық (белсенді, активті)


Заттық (пассивті)


Процестерді сипаттаушы













Негізгі


Туынды


Қосымша












Өлшемі бар


Өлшемі жоқ











Сурет. Физикалық шамалардың жіктелуі


Құбылыс түрлері бойынша физикалық шамалар мына топтарға бөлінеді:


- заттық, яғни заттар, материалдар және олардан жасалған бұйымдардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалар. Бұл топқа масса, тығыздық, электрлік кедергі, сиымдық, индуктивтік және т.б. жатады. Кейде аталған физиклық шамаларды пассивты шамалар деп атайды. Оларды өлшеу үшін көмекші энергия көзі қолданылуы керек. Аталған энергия көздерінің көмегімен ақпаратынық өлшеу сигналы қасыптастырылады. Бұл жерде пассивті физикалық шамалар активті шамаларға айландырылады, ал соңғысы өлшенеді.
- энергетикалық, яғни энергияны өзгерту, беру және пайдалану процестерінің энергетикалық сипаттамаларын көрсетуші шамалар. Оларға ток, кернеу, құат, энергия жатады. Бұл шамалар активты деп аталады. Олар ақпаратық өлшеу сигналдарын көмекші энергия көздерін қолданусыз өзгерте алады
- процестерді сипаттаушы физикалық шамалар процестердің уақыт барысында өтуін сипаттайды. Бұл топқа әртүрлі спектрлік сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады.
Әртүрлі физикалық процестер топтарына жатуы бойынша физикалық шамалар: кеңістіктік- уақыттық, механикалық, жылу, электрлік және магниттік, акустикалық, жарық, физико-химиялық, ионизирлеуші сәулелер, атомдық және ядролық физика шамаларына бөлінеді.
Басқа шамалардан шартты тәуелсіздігі бойынша физикалық шамалар негізгі (шартты түрде тәуелсіз), туынды (шартты түрде тәуелді) және қосымша деп бөлінеді. Қазіргі кезде SI жұйесінде жеті негізгі деп танылған физикалық шамалар қолданылады: ұзындық, уақыт, масса, температура, электр тогының күші, жарық күші және зат мөлшері. Қосымша физикалық шамаларға жазықтық және денелік бұрыштар жатады.
Өлшемдігі болуы бойынша физикалық шамалар өлшемді, яғни өлшемі бар, және өлшемсіз деп бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет