Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету – метрологиялық қызметтердің өлшеу бірлігіне қол жеткізу және оны сақтауға бағытталған әрекеттері. Бұл әрекеттер заңнамалық актілер мен мемлекеттік өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар немесе басқа да номативтік құжаттарда тағайындалған ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және экономикасын өлшеулердің теріс нәтижелері салдарынан қорғау болып табылады.
Басқа мақсаттары:
- отандық және импортталған өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
- іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшеулердің дүрыстығын қамтамасыз ету;
- материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дүрыс есепке алынылуын қамтамасыз ету;
- сырқаттарды диагностикалау және емдеу, адам еңбегінің және тұрмыстық жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қарғау кезінде сенімді өлшеу нәтижелерін қамтамасыз ету болып табылады.
Метрологияның төмендегі негізгі функцияларын атап көрсетуге болады:
- өнімді салмағы, ұзындығы, көлемі, шығындалуы, қуаты, энергиясы бойынша есепке алу мақсатында өлшеу;
- өнімнің сапасын сынау және бақылау, сырқаттарды диагностикалау және емдеу, ғылыми зерттеулерді, қоршаған ортаның жай-күйін бақылау жүргізілген кезде физикалық шамаларды, параметрлерді, процестердің сипааттарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттрін өлшеу;
- технологиялық процестерді реттеу, транспорттың қозғалу қауіпсіздігін, байланыстың сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында өлшеу.
Достарыңызбен бөлісу: |