Лекция 9. Метрологияның мазмұны және негізгі түсініктері
Метрология - өлшеулер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. Грек сөзі «метрология» екі сөзден құралады: «метрон» - өлшем және «логос» - ілім.
Метрология теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология деп аталатын дербес және бір-бірін толықтыратын үш бөлімнен құралады.
Теориялық метрология негізгі болып табылады.
Теориялық метрология осы ғылымның іргелік негіздерін, өлшем бірліктері жүйелерін, физикалық тұрақтыларды, жаңа өлшеу әдістерін зерттеп дайындаумен шұғылданады.
Заңнамалық метрология мемлекетте қолданылуы рұқсат етілген өлшем бірліктеріне, өлшеу әдістеріне, өлшеу құралдарына, өлшеу жүргізетін зетрханаларға қойылатын мемлекеттік талаптарды тағайындайды.
Қолданбалы метрология теориялық метрология нәтижелері мен заңнамалық метрология жағдайларын әртүрлі салалардың практикалық қызметінде қолдану мәселелерімен шұғылданады.
Практикалық қызметте өлшеулер жүргізілмейтін ешқандай сала кездеспейді. Кез келген талдау, болжау, жоспарлау, бақылау, реттеуді жүргізу үшін шикізат, дайын өнімнің көлемі мен сапасы туралы шын ақпарат, технологиялық операцияның, бүкіл өндірістік циклдың жүруі туралы ақпарат қажет болып табылады. Бұл ақпаратты әртүрлі физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді өлшеу арқылы алады.
Қажетті дәлдікпен алынған шынайы өлшеу ақпараты қабылданған шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Шынайы болып табылмайтын ақпарат өнім сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеу бойынша теріс қорытынды шығаруға, сауда операцияларында салмақты қате өлшеуге апарып соғуы мүмкін.
Бірыңғай тәсілдеме қолдану өзара түсінушіліктің, ақпарат алмасудың, өлшеу әдістері мен құралдарын стандарттаудың, тауар айналымының халықаралық жүйесінде өлшеу нәтижелерін өзара мойындаудың кепілі болып табылады.
Өлшеу бірлігі – нәтижелері заңмен бекітілген өлшеу бірліктерімен берілетін және өлшеу қателігі белгілі ықтималдықпен бекітілген шек ішінде болумен сипатталатын өлшеулердің жай-күйі. Бұл анықтама өлшеу нәтижелерін өлшенетін шаманың ұдайы қайталанатын бірліктеріне келтіру, өлшеулердің дәлдігін көрсету және олардың дәлдігіне кепілдік беру қажет екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |