6- сабақ. Асқазан рагы Кіріспе



бет8/37
Дата21.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#198223
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
askazan

Созылмалы семулі гастрит ауруында асқазаннан көбінесе Helicobacter Pylori (Hp) бактериясы кездесіп, оның шырышты қабатының метаплазиясы пайда болады. Асқазан сөлінде тұз қышқылы кеміп, соның салдарынан пепсинде азаяды. Осылардың бәрі асқазанда неше түрлі микробтардың (ишерика, ішек таяқшасы) және нитрозаминдер қоспасының пайда болуына мүмкіншілік туғызады. Ұлтабардан кері келген өт, асқазанның сөлін ерітіп, оның шырышты қабыршықтарының қорғану қасиеттерін төмендетіп, рактың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды.
Созылмалы сембілі гастритте, сау адамдарға қарағанда, рактың пайда болуы 4-6 есе жиі болады. Осылардың ішіндегі ең қауіптісі асқазан шырышты қабатының ішектік метаплазиясы.
Міне, осыған байланысты созылмалы семулі гастрит ауруы бар адамдар тұрақты диспансерлік бақылауда болып, міндетті түрде жылына 2 рет эндоскопиялық зерттеулер жасалынуы тиіс.
Түймешік (полип) және түймешіктер (полипоз) - деп асқазан шырышты қабатындағы өсінділерді айтады (№6- сурет).



№6- сурет. Асқазан түймешігі
Олар шырышты қабатпен таяқша аяқтарымен байланыста болады. Микроскопиялық көрінісіне сәйкес түймешіктер жеке дара, немесе топтасып бірнеше түрлі болып, орналасуы мүмкін. Осылардың ішіндегі безді түймешіктер ісік алды ауруларына жатады. Түймешіктің орналасқан жерінде, немесе оның айналасында дислпазияның неше түрлі өсу дәрежесі байқалады. Дисплазияның П- өсу сатысы түймешіктердің 40,0%-да, ал Ш- өсу дәрежесі олардың 5%-да кездеседі. Түймешіктердің жиі орналасатын жері асқазанның антральды бөлімі. Науқастардың тең жартысында, олар топтасып әр түрлі болып, бірнеше түймешіктен құралады. 40-60 жас аралығында бүл өзгеріс жиі анықталады да, еркектер, әйелдерге қарағанда, екі есе жиі зақымданады.
Науқас адам ешқандай өтінішін айтпайды тек алғаш ауырсыну сезімі, жүрек айну, кекіру сияқты мардымсыз белгілері болады. Бұл белгілер көбінде гастритпен қабаттасып білінгенмен, олардың түймешікке еш бір қатысы болмайды. Түймешігі бар аурудың шағымдары тек тамақтан кейін білінеді.
Түймешік рентгенде дөңгелек көлеңке болып көрінеді, оның шекарасы ап-айқын және көлемі 0,5-тен 2,0 см-ге шейін білініп тұрады..
Эндоскопия жасағанда түймешік анық, олар доп сияқты дөңгелек болып көрініп, өсінділер асқазан қуысында, оның шырышты қабатында орналасады. Осылардың түсі сәл қызғылттау келеді, кейде беттерінде ақшыл тәріздес қабық болады, кейде ойық жара білінеді. Түймешіктің сыртқы пішініне қарап, олардың қауіпті, не қауіпсіз екенін ажыратуға болады. Егер түймешік қырыққабат сияқты боп көрінсе, онда оны «бүрлі түймешік» дейді. Безді түймешіктің 40,0% ракқа айналады.
Түймешіктің емі, оның көлеміне, санына, орналасқан жеріне байланысты болады. 1,5-2,0 см-ге дейін өскен түймешік эндоскопиялық жолмен сылынып тасталынады. Ал одан да үлкен болып, түбі жуандау келсе, немесе көп болса, онда асқазанға резекция жасалынады.
Олар емделмесе де, дәрігерлік бақылау қажет болады. Мұндай жағдай, әсіресе, операциядан бас тартқан адамдарға өте қажет. Әр алты айда бір рет көрініп, эндоскопиядан өту – диспансерлік бақылаудың негізгі шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет