6- сабақ. Асқазан рагы Кіріспе


Асқазан ойық жарасы (№7-сурет)



бет9/37
Дата21.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#198223
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
askazan

Асқазан ойық жарасы (№7-сурет)нақты ісік алды ауру, себебі ойық жара жатқан жерде морфологиялық өзгерістер (дисплазия) міндетті түрде кездеседі. Осы күнге шейін асқазан ойық жарасының патогенезі айқындалған емес. Көптеген зерттеу қорытындылары оның Helicobacter Pyloriмен тығыз баланысты екендігі дәлелденген. 5-15% жағдайда асқазан ойық жарасы ракқа айналады. Ойық жараның ракқа көшуі оның шет жағынан басталады. Сондықтан эндоскопия жасағанда, биопсия тек бір жерден емес, керісінше, жараның шетінен 5-6 жерден алынуы қажет. Кейде, жара емделінсе, ол жазыла бастайды; дегенмен оның шетінен әр уақытта рак ауруына көшу үрдісі жүріп жатуы ықтимал, сондықтан эндоскопияны тіпті жара жазылып кеткеннің өзінде де бір айдан соң қайта жасау қажет. Ал ойық жара толық тыртықталып бітсе де, әр жылда 2 рет эндоскопиялық қадағалау керек.
Менетрье ауруы - өте сирек кездеседі, бұл кезде асқазанның шырышты қабаты қалыңдап, өзектері білеуленіп, ұлғаяды да, кейде түймешік шығып, олардың үсті көптеген шырышты сөлмен қапталады және онда тұз қышқылы төмендеп кетеді, осының салдарынан белок жетіспеушілігі туындайды.

№7-сурет. Асқазан мен ұлтабардығ ойық жаралары

Клиникалық көрінісі – іштің жоғары бөлігі ауырып, адам аза бастайды, жүрек лоқсу жиі көрінеді. Ауру созылмалы түрде жүреді – кейде өзінен өзі жазылып, кейде қайтадан ауыра бастайды да, соңынан жұқарған сембілі гастритке әкеледі.


Диагноз рентгенологиялық және эндоскопиялық көріністермен анықталады. Орташа есеппен 10% ауруларда рак байқалады.
Емі – белогы көп емдәм, антихолинергиялық дәрі-дәрмекпен кортикостероидтарды және Н2-рецепторына қарсы дәрілерді қолдану керек. Олар емдік нәтиже бермесе, онда операция қажет болады. Аурулар диспансерлік бақылауда тұрады.
Пернициозды анемия - ағзада В12 жеткіліксіз болғанда айқындалады. Ал бұл витамин ішкі фактордың тапшылығынан пайда болады, соның әсерінен асқазанның шырышты қабаты жұқарып, гастромукопротеин ағзада аз өндіріліп, сіңбей қалады. Бұл белок В12 реттейді, оны құрастырады, қалыптастырады. Созылмалы сембіген гастрит пайда болады да, асқазан шырышты қабатының қабыршығы ішекті метаплазияға ауысады. Рак бұл ауруда 3-5 есе жиі кездеседі Ісік көбінесе асқазанның түбінде және денесінде ұлғаяды. Диспансерлік бақылауды терапевттермен гематологтар жүргізеді. Оларды жылына бір рет рентгенологиялық және эндоскопиялық тексерулерді жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет