Асқазанның ісік алды аурулары
Асқазанның рагы пайда болуы үшін, оның қалыпты шырышты қабатындағы клеткалар жылдам өсіп-өну қасиетіне (пролиферациялық) өзгерісіне түсуі керек. Осы өзгерістің нәтижесінде шырышты қабатының қабыршықтарының әр жерінде дисплазиялық өзгеріс пайда болып, кейіннен ол ракқа алып келеді. Асқазан шырышты қабатындағы пролиферация неғұрлым ұлғайып, жылдамдаған сайын, рак ауруына қауіп-қатер ұлғая түседі. Дисплазияның бірінші, екінші дәрежедегілері, оларды қоздыратын себептер жойылса, өз бетімен кері кетіп қалуы мүмкін. Ал, дисплазияның ІІІ өсу дәрежесінде атипиялық процесс күшейіп, міндетті түрде рактың нөлдік өсу дәрежесіне (рак in situ) әкеледі.
Ішек метаплазиясы деп, асқазан шырышты қабатының дисплазиялық өзгеру кезінде, оның қалыпты безді түрінен, ішектегі шырышты қабатқа сәйкес өзгеруін (метаплазия) айтамыз. Бұл жағдай жас адамдардың 8-10,0%-ында, ал 60-тан асқан қарттардың 40-45,0%-ында кездеседі. Бұл асқазан шырышты қабатының өзгерісі, тікелей өт қышқылының ұзаққа созылған тітіркендіргіш ықпалынан туады.
Асқазандағы шырышты қабаттың ішектік метаплазиясы нақты ісік алды өзгерісіне жатады.
Асқазанның интестинальды (ішектік) рагының патогенезі
Асқазан шырышты қабатының өзгеруі, оның сөліндегі қышқылын кемітіп, РН-тың жоғарлауына себеп болады, яғни бұл жағдай асқазандағы бактериялардың көбейуіне әкеледі. Осылай өзгерген ағзада, тағаммен бірге түскен канцерогендік заттар мен нитрозаминдер өздерінің зиянды әрекеттерін күшейтеді. Ал, асқазан сөлі кемісе, онда оның шырышты қабатын зиянды әрекеттерден қорғау қиындалады да, алдымен ісік алды аурулар пайда болып, интестинальды ракқа қолайлы жағдай туады,
Дисплазияның анықталуына байланысты, канцерогенезді түсіндіруге жеңілдік туды. Сонымен клеткалардағы пролиферациялық өніп-өсу мен әртүрлі дисплазиялық кезеңді өзгерістер, бірталай асқазан ауруларында: гастрит, ойық жара, түймешік, Менетрие ауруында кездеседі. Ал енді созылмалы сембелі (тұз қыщқылы төмендеген) гастриттер, пернициозды қан азайуы және асқазанға операция жасаған адамдардағы өзгерістер, ісік алды аурулары болып саналады.
Ісік алды аурулар:
созылмалы семулі гастрит,
түмешіктер, түймешік ( полипоз, полип),
асқазан ойық жарасы,
Менетрие ауруы,
пернициозды анемия,
асқазан резекциясынан кейін болатын созылмалы гастрит.
Достарыңызбен бөлісу: |