Вильгельм Фридрих ОСТВАЛЬД (1853-1932) Ол мәдениетті “... Адамның хайуаннан айырмашылығында...” деп түсінді
Неміс заңгері, тарихшы, фиолсоф Самуэль фон ПУФЕНДОРФ (1632-1694): «Мәдениет – бұл жеке адамның рухани толысуы, дамуы»
Немістің мәдениет тарихшысы Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803): «Мәдениет, бұл – әрбір халықтың өмір сүру салты. Адамзаттың рухани жетілуі»
Француз жазушысы, ойшылы, композиторы Жан Жак Руссо (1712-1778): «Мәдениет – адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептеді.
Неміс ақыны және ойшылы Иоганн Вольфганг фон Гёте (1749-1832) мәдениетті Білім байлығы, эстетикалық және интеллектуалдық даму деп қарастырды.
Рухани мәдениет
|
Материалдық мәдениет
|
Рухани ілім
Мораль
Мифология
Дін
Философия
Ғылым
Құқық
Білім
Өнер
|
Кітаптар
Табыну құралдары және өнер
Архитектура
Құрал-жабдықтар
Машиналар
Механизмдер
Әшекей бұйымдар және т.б.
|
Әлеуметтік мәдениет
|
Жеке тұлға мәдениеті
|
Этикалық мәдениет
Діни мәдениет
Ғылыми-философиялық мәдениет
Саяси мәдениет
Құқықтық мәдениет
Экономикалық мәдениет
|
Экологиялық мәдениет
Эстетикалық мәдениет
Еңбек мәдениеті
Дене шынықтыру мәдениеті
Тамақтану мәдениеті
Тұрмыстық мәдениет
|
Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты.
Мәдениеттану ғылымы
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады.
Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі – ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым – реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. «Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада – білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады». Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет – жеке адам мен бүкіл қоғамды, адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар «бір-бірінен туындап» жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар өзінен бұрынғы әріптестерінің шығармашылық дәстүрін жетілдіріп, не соған сүйеніп отырады. Тайлордың басты жаңалықтарының бірі – мәдениет атауларының бастамасы, тіпті негізі болып табылатын «діннің шығуының анимистік теориясын» өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны «кішкентай дін» деп атаған) «тағы (дикарь) философтың» жанның қабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. Біздің көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болган түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және тағы басқалары түсініксіз табиғат құбылыстары «кішкентай діннің» қалыптасуына әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |