6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет15/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану

Мәдениеттанудың бөлімдері:

  • Мәдениет теориясы (мәдениет философиясы)

  • Мәдениет тарихы (әлемдік көркем мәдениет)

  • Қолданбалы және эмпирикалық мәдениеттану (антропология және мәдениет социологиясы).

Мәдениеттің қызметтері:

  • Адамды қалыптастыру қызметі

  • Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі

  • Танымдық қызметі

  • Реттеу қызметі

  • Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі

Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Өркениет (лат. Сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген.
Өркениет дегенде, алдымен «мәдениет» ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді. «Цивилизация» терминін ғылыми айналымға енгізген Адам ФЕРГЮСОН болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет