6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020


Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады



бет16/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

  • мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

  • Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

  • Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

  • Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

  • Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

  • Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Мәдениет ұғымына түсініктеме

  2. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуы

  3. Рухани және материалдық мәдениет

  4. Мәдениеттің қызметтері

  5. Әлеуметтік және жеке тұлға мәдениеті

  6. Өркениет ұғымы

Батыс және Шығыс мәдениеті


2

№ 2
дәріс

Мәдениет – адам тәрбиесінің маңызды құралдарының бірі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Мәдени антропология
2. Мәдениет философиясы
3.Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мәдени антропология өзінің мазмұны мен қызметіне байланысты теориялық сипатқа ие. Ол сонымен бірге құбылыстар мен олардың генезисін түсіндіре отырып, мәдениетке эмпирикалық сипаттама беруді, салыстырмалы талдау жүргізуді, мәдениетаралық коммуникация мәселелері мен мәдениеттегі ортақ және өзіндік негіздерді зерттеуді де қамтиды. «Антропология» терминін алғаш қолданысқа енгізген Аристотель болған. Ойшыл терминді тек адамның рухани табиғатын зерттеуге қатысты қолданған еді. Аталмыш терминнің адамның физикалық құрылысына қатысты қолдануы алғаш 1501 жылы Лейпцигте жарық көрген Магнус Хундттың «Адам құндылығының, қасиеттерінің және табиғатының антропологиясы және адам денесінің мүшелері мен элементтері» атты кітабында кездеседі. Сондықтан, батыс-еуропалық әдебиеттерде терминнің екі түрлі мағынасы қалыптасқан, яғни, бір жағынан ол адам денесі туралы ғылым болса, екінші жағынан адам жаны туралы ғылым.
Мәдениет философиясы – мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына философиялық талдау жасайды. «Мәдениет философиясы» терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды.
Адамның рухани дамуы мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені, руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана жоғары дамыған мәдениет жасай алады.Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл – аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Мәдени антропология тарихы, зерттеу сұрақтары мен зерттеу бағыттары
2. Мәдени антропологиядағы заманауи мәселелер
3. Мәдениет философиясы
4. Мәдениет – құндылықтар әлемі
5. Адам тіршілігінің құндылықтары
6. Руханияттың қоғам дамуымен айланысы
7. Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы



2

№ 3
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет