6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020



бет19/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Үнді – Будда мәдениеті. Ведалар
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мәдениетінде қалыптасып өркендеген Үнді – Будда мәдениеті. Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000ж шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі-Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Р.Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған. Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды.
Поэзиямен, прозамен, драмамен, музыкамен айналысушы өнер адамдары өздерінің бойындағы қасиеттерді табиғат әлеміндегі құбылыстармен салыстырады және адамның табиғатпен әлеммен өзара үндестігін ашып көрсетуге тырысады.
Көне үнді мәдениетінің асыл мұраларының бірі – «Махабхаратта» поэмасы болды. Бұл әдеби туындының басты тақырыбы-құдайға, оның құрметіне табыну, оны мадақтау. Үнді көркемдік мәдениетінде махаббат мәселесі мен әйелдер табиғатына ерекше орын берген. Үндістанда театр мен драмалық әдебиет кең түрде дамыды. Театр өзінің тамырын Ведаларға гимндер мен диалогтардан алды. Үнді химиктерінің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері терапия және хирургия жайында тамаша еңбектер жазды.
Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV–IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.
Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).
Б.з. дейінгі VIғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет