Ежелгі Қытай мәдениеті. Қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіп, тамаша бейнеледі. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-цзының тұжырымдауынша, халық-даоны негізге алу қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Адамзат жерге, жер аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғылықты қажет етеді. Олай болса дао-адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Қытай мәдениетінің екінші қайнар бұлағы Конфуций ілімі. Ол «Жетілген адамның» идеалын жасады. Жетілген адамның бойында негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Мемлекетті басқаратын адам – халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі-үлкендерді сыйлау, оларға бағыну, «Сяо» ережелерін К дүниеге әкелді. Сяо ережелері ата-анаға қалытқысыз көмек көрсету, оларға «ЛИ» дәстүрімен жерлеуді және дәл сол тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігімен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Қытайдың жазу өнері өте әдемі болып келеді және бұл өнерді игеру басқа мәдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Иероглифтік жазудың ықпалын сәулет өнері, қолданбалы өнер туындыларынан айқын аңғаруға болады. Қытай мәдениетінде сұлу да, айбынды таулар, тау-тастар өнер адамдарының, оның ішінде, ақындар мен суретшілердің басты назарында болған. Көптеген тастар бақтары жасалынған.
Ежелгі Қытай тұрғындары өзіндік материалдық және рухани мәдениет құрды. Олар өмірді құдай жаратқанына, дүниеде барлығы қозғалыста болып, екі қарама-қарсы космостық күштер – Жарық пен Түнек қақтығысқанда өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде (б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық) қытайлықтарға табиғатқа табыну тән болды, олар тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел рухтарына табынды.
Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі түсініктер жазба көздерге негізделген. Б.з. дейінгі XVғасырда Қытайда 2000 аса иероглифтен тұратын иероглифтік жазудың дамыған жүйесі болды, б.з. ІІІ ғасырында олар 18 мыңға жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басына жататын «Әндер кітабы» мен «Өзгерістер кітабы» әдебиеттің ежелгі ескерткіші болып саналады.
Қытайлар ұзақ уақыт жібекке табиғи бояулармен жазды, біздің заманымызда тушь пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы өнер де дамыды: қола айналарды жасау, нефрит пен сүйекке ою жасау, керамика, б.з. IVғ. Қытайдан шет жерлерге де белгілі болған фарфор ойлап шығарылды, алуан лакты бұйымдар пайда болды.
Қытай сәулеті қызықты да ерекше. Ел біртұтас орталықтандырылған мемлекетке біріккен уақыт (б.з. дейінгі 221-207 ж.ж.) Ұлы қытай қабырғасының негізгі бөлігін салумен есте қалды, ол біздің заманымызға дейін жартылай сақталып қалды.
Сәулеттегі табыстарға математиканың дамуы себепкер болды. Б.з. дейінгі Vғасырда қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білді. Олар тарихта бірінші рет теріс сандар ұғымын енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда магнитті аспап, компостың алғашқы түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия дамыды. Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з. дейінгі Vғ. 800 шыраққа жұлдыздар гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді. Б.з. дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат тарихында бірінші рет күндегі дақтарды суреттеп берді, астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы айналатын жұлдыз глобусын жасады.