7-сынып Мазмұны 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4



бет13/16
Дата14.12.2021
өлшемі276,09 Kb.
#100669
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
sor.bzhb-aza-tl-7-synyp.....

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

  • Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді

  • Диалогке қатысады

Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді диалогке қатысу арқылы білдіріңіз.
Шақпақатадан шыққан батыр

Біз майданда болдық. Белуардан қан кештік. Тылда жүріп көз жасымызды көл еттік. Күн-түн демей еңбек етіп, жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында ақ ниетпен азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Сөйтіп оны абыроймен ақтадық. Бұл жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ел дегенде еңіреген ерлеріміздің қан майданда құрбан болғаны аз емес. Қол-аяғын беріп, мүгедек болып қайтқан ерлеріміз бар. Ұлы Отан туған елім, туған жерім. Ұлы Отан жалынына шарпылмаған біздің елде бір де бір отбасы жоқ. Соғыс қайғысы, соғыс мұңы әрқайсымыздың басымыздан өтті. Жауынгердің сағынышы, ата-ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсымыздың көз алдымызда. Мен өзім қырық жылғы қырғында аман қалған жандардың бірімін. Сол сұрапыл қырғын соғыста еліміздің талай саңлақ батырларының, ақылды ерлерінің қаза тапқанын мен өз көзіммен қан майданда көргем. Менен артық, менен батыр, менен ақылды жігіттер өліп кеткенін көзіммен көрдім. Олардың иманы жолдас болсын. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жан аямастан соғысты, тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті. Имандары жолдас болсын!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет