7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §23. Ақ Орда
Сабақтың мақсаты:
Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, этикалық құрамын талдай отырып,саяи жағдайы мен шаруашылығы туралы жан жақты түсінік қалыптастыру;
Оқушылардың танымдылық қабілетін дамыта отырып, тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Отанның арихына құрметпен қарап адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректреден білеміз?
«Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Ақ Орданың құрылуы,жер аумағы.
Этникалық құрамы.
Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.
Шаруашылығы.
Ақ Орданың ішкі және саяси жағдайын баяндағанда, алдымен Орданың билеушілерімен таныстырамын. Ақ Орда хандарының мемлекеттің дамуына қосқан үлестері мен Орданы сақтап қалу үшін жүргізілген соғыстары туралы төмендегі кестені пайдаланып, түсіндіремін
Ақ Орда ханддары
|
Хандардың мемлекеттің тарихындағы қызметтері.
|
|
|
Ақ Орданың халқы диқаншылықпен және жартылай көшплеі мал шаруашылығымен айналысқан. Оқушыларға төмендегі сұрақтары негізге алып, аталған шаруашылық түрлеріне сипаттама беру тапсырылады.
1.Диқан деген кім?
2.Диқаншылық қай жерлерде жақсы дамыды?
3.Олардың негізгі өсіретін дінді дақылдары мен бау-бақша өнімдерін атаңдар
4.Диқаншылар қандай еңбек құрал-саймандарын пайдаланды?
5.Көшплеі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы деген не?
6.Малдың қандай түрлері көп өсірілді?
7.Жайлауға, қыстауға қандай жерлер таңдап алынды?
8. Көшпенділер отырықшы халықпен қандай байланыстар жасады?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?
2.Ақ Ордаға қарсы Темір әулетінің соғыстары қашан аяқталды.
3.Ақ Орда тарихында ерекше рөл атқарған хандарды атаңдар?
4.Ақ Орда тарихы қандай кезеңдерге бөлінді?
5.Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:23-параграфты оқу.Сұрақтарға жауап беру.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §24. Моғолстан
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Моғолстан мемлекетінің құрылуымен,этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;
Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды дасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды тарихи оқиғалардан сабақ алуға, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
.Ақ Орда мен Қазақ хандығын не байланыстырады?
Не себепті Ақ Орда хандары өздерінің астанасы оңтүстік өңірде орнатуға ұмтылады?
Алтын Ордамемлекеті мен Ақ Орда мемлекеті арасында қандай айырмашылықтар болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Моғолстанның құрылуы,жер аумағы
2.Халқының этникалық құрамы.
3. Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы
4.Моғолстанның ыдырауы.
Моғолстанның этникалық құрамының қалыптасуы
Жетісу аймағындағы б.д.д III-II ғ. Бастап ,үйсін,қаңлы тайпалары мекендеген.
|
V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған.
|
XIII ғасырда моғолдың арлат,чорас,калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.
|
|
|
|
Қорытынды: Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар болды-дулат,қаңлы,үйсін,арғын,баарн,барлас,бүлғашы т.б. Моғолстанның ішкі-сыртқы саяси жағдайын былай баяндаймын.
Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады.Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп,бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаоасы болды. Ол мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Тоғлық Темір 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда Ілияс Қожа хан Әмір Темір арасында шешіші «Батпақ шайқасы» болады., екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Моғолстан атауы қайдан шықты?
2.Әмір Поладшы деген кім?
3.М.Х.Дулатидің деректері бойынша «Маңлай-Сүбе» жері қай жерде орналасқан?
4.Моғолстанның орталығы қай қала болды?
5.Ташкент маңында өткен «Батпақ шайқасын» сипаттаңдар.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 24-параграфты оқу Сұрақтарға жауап беру.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:
Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен оның зардаптары туралы толық түсініктіқалыптасыру;
Әмір Темірдің Алтын Орда,Ақ Орда, Моғолстан хандықтарымен болған ұрыстарының нәтижелері мен оның зардаптары туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға,өз көзқарастарын білдіруге, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақпен өткен сабақтың өте тығыз байланысты екенін ескере келіп,үйге берілген тапсырманы талдаудан бастаймын.Талдау барысында мына төмендегі сұрақтарды негізге аламын
1.Моғол атауы қайдан шыққан?
2.Мемлекеттің негізін қандай тайпалар құрады?
3.Моғол мемлекетінің қоғамдық құрылысы және саяси жағдайы туралы не білесіңдер?
4.Әмір Темірдің шапқыншылығы Моғол мемлекетінің дамуына қандай ықпал етті?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті иеленуі.
2. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
3. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорығы.
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.
Әмір Темірдің басқа мемлекеттерге жорықтарының бағыттарын анықтау үшін әрбір оқушы оқулықтағы 9-картамен жұмыс жасайды. Картадағы шартты белгілерді түсіндіреді. Мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, кісі аттары мен жер су аттарын, оқиға болған жылдарыды оқушылардың қабылдауына жеңілдету үшін төмендегідей тапсырмалар беріледі. Мұнда тікелей оқулықпен жұмыс жасалады. Жауаптары дәптерге жазылады.
Әмір Темір Тоқтамыс:
1.Екеуін қандай оқиғалар байланысьырады?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3.Қандай жер аттары естеріңде қалды?
Әмір Темір –Ұрұс хан және оның ұлы Темір - Мәлік
1.Бұларды қандай оқиғалар байланыстырды?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3. Қандай жер аттары естеріңде қалды?
Әмір Темір-Қамар ад-дин:
1.Екеуін қандай оқиғалар байланыстырды?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3. Қандай жер аттары естеріңде қалды?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Әмір Темір неге хан атағын иелене алмады?
2.Мауараннахр мемлекеті қай жерде орналасты?
3.Тоқтамыс неге ҰРұс ханға өшікті?
4.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?
5.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 25-параграфты оқу. Картадан Әмір Темір жорықтарының бағыттарын көрсету. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XIII -XV ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен, мәдениетімен таныстыру;
XIII -XV ғасырлардағы Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі негізгі оқиғаларды көрсете отырып, оқушылардың өзіндік ойлау, пікір қорыту және тарихи танымдық қабілеттерін дамыту;
Аталған мемлекеттердің ішінде қазақ тайпаларының басым болып,өз мемлекеттерін қалыптастыруға алғанына мақтан ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Әмір Темір неге хан атағын иелене алмады?
2.Мауараннахр мемлекеті қай жерде орналасты?
3.Тоқтамыс неге ҰРұс ханға өшікті?
4.Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?
5.Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. .Ноғай Ордасы.Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.
2. Сарайшық қаласы.
3.Қоғамдық құрылысы.
4.Ноғай Ордасының саяси тарихы
5.Ноғай Ордасының ыдырауы
6.XIII-XV ғасырлардағы Солтұстік Қазақстан және Батыс Сібір
7.Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты.
Өздік жұмыс: Жаңа тақырыпты оңай меңгерту үшiн сыныпты eкi топқа бөлiп тапсырма беремiн:
1-шi топқа тапсырма - Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысын, саяси тарихын Ақ Ордамен салыстыру.
2-шi топқа тапсырма – Батыс Сiбiрдi басқарған Шайбани әулетi билеушiлерiнiң iшкi және сыртқы саясатымен таныстыру.
1-топтың тапсырмасы бойынша төмендегi схеманы толтыру қажет:
Ноғай Ордасы ~ жер аумағы
~ этникалық құрамы
~ қоғамдық құрылысы
~ саяси жағдайы
АқОрда ~ жер аумағы
~ этникалық құрамы
~ қоғамдық құрылысы
~ саяси жағдайы
Бұл өзiндiк жұмыс оқушылардың өткен тақырыптарды қайталап, еске тyсipyiнe мүмкiндiк берiп, бiлiмiн жетiлдiре түседi.
2-топтың тапсырмаеы бйынша төмендегi кecтeнi толтыру қажет:
Сібір хандығының жер аумағы орталығы
|
Хандары
|
Хандық тарихындағы
ірі оқтғалар
|
|
|
|
Топ болып жұмыс жасау тиiмдi, себебi оқушылар өздерiне берiлген тапсырманы талдай отырып, сабақты толық игеруiне мүмкiндiк жасайды. Eкi топ бiрiн-бiрi толықтырып отырады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
«Ноғай» атауы кайдан шыққан және онын; «Maңғыт елi» деп аталу себебi нелiктен?
Ноғай Ордасының негiзiн қалаған Едiгенің басты жауы кiмболды?
Ноғай Ордасының ыдырауының басты себебi неде?
Сiбiр хандырының құрамында қандай қазақ тайпаларыболды?
Тайбұғалықтар деген кiмдер?
Сiбiр хандырын қандай хандар биледi?
Сiбiр xaндығын қазақ халкының қалыптасуына ықпaл еттi ме?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§26
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §27Әбілқайыр хандығы
Сабақтың мақсаты:
Әбiлқайыр хандығы немесе «көшпелi өзбек хандығы» деп аталу себептерiне, оның мемлекет болып құрылуына негiз болған жағдайларға сипаттама берiп, оқушыларды оның жарты ғасырлық тарихымен таныстыру;
Орта ғасырлардағы Қазақстан жер аумағындағы мемлекеттердiң өзiне тән ерекшелiктерiн бiлуге, оқушыларды өзiндiк ойлауға, пiкiр қорытуға үйрету;
Хандыдтың нығаюына және әлсiреуiне тiкелей себеп болған қазақ тайпlaларының күштi ықпaлын көрсете отырып, оқушылардыұ лтжандылыққа, отансүйгiштiкке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Картамен жұмыс жасай отырып, мына төмендегi сұрақтарға жауап алынуы шарт.
1. Ноғай Ордасының құрылуына қандай саяси жағда лар әсер eттi
2. Орданың жер аумағын картадан көрсетiңдер?
3. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге туралы қандай тарихи деректерді білесің?
4. 0рданың өмiрiнде маңызды орын алған Сарайшық қаласын сипаттаңдар.
5. Мемлекеттiц ыдырауына не себеп болды?
6. Батыс Сiбiрде Tүрiк тайпаларының мекендeгeнiн қандай деректер делелдейдi?
7. Ибад хан қандай саясат жүргiздi?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әбiлқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.
2. Халқының этникалық құрамы.
3. Әбiлқайыр хандығының нығаюы.
4. Хандықтың әлсiреуi.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Әбiлқайыр хандығы қай ұлыстың. құpaмындa болды?
Toқсaн eкKi баулы өзбек» шежiресiнде қазақ тайпалары туралы не айтылды?
Жәнiбек пен Керей сұлтандардың. Әбiлқайырдан бөлiніп кетyiнe қандай жағдайлар себеп болды?
Хандыктың әлеiреуiне қандай оқиға әсер eттi?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§27.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр хандығының, Ноғай Ордасының әлеуметтiк және мемлекеттiк-әкiмшiлiк құрылысы туралы түciнiктi қалыптастыру.
Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту;
Қазақстанның территориясындағы ортағасырлык. мемлекеттердiң тарихындағы ортақ ұқсастықтарды көрсете отырып, оқушылардың сабақ үстiнде тақырыпты толық. меңгерiп, тәлiм-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әбiлқайыр хандығын неге «Көшпелi өзбек ұлысы»деп атайды?
Әбiлқайыр хандығының жер аумағын сипатта.
Хандықтың этникалық құрамы туралы айтыңдар.
Қосымша әдебиеттерде Әбiлқайыр мен қазақ сұлтандары Жәнiбек пен Керейдiң арасындағы жағдай қалай баяндалады?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әлеуметтiк құрылысы.
Ұлы хан,хан кеңесінің құрамы-хан ұрпақтарынан,ұлысбек-н,әмірлер,бек,билерден тұрған.Ханның кеңесшісі-уәзірлер.Құрылтайда-өкіметтің ішкі-сыртқы саяси жағдайы .қаралған
2. Жерге меншiктiк қатынастар.
Мемлекеттік жерлер тікелей ханд-ң қарамағындағы жерлер
Інжу Шыңғыс тұқымд-ң жасау жерлері
Вакфтық жердер дін иелерінің жерлері
Шаруалардың мүліктік ж-і
отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер
Сойырғал,иқта ханға адал қызмет істегендерге берілетін жерлер
3. Салық түрлерi және мiндеткерлiктер.
Тағар-әскерлерді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
Қалан-жер көлеміне байланысты салық
Құшыр-жан басына және мал басына салынатын салық
Зекет-мал салығы
Харадж,баж-отырықшы егінші аймақтардан
Құшыр-мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық
Соғым,сыбаға,сауын-шаруалар міндеткерлік жұмыстар атқарған.
5. Қоғамдық және әкiмшiлiк құрылысы
Ұлысбек-мұрагерлерді таққа отырғызу,әскер басқару,көрші мемлекеттермен дипломат-қ қ
Атабек-хан баласының тәрбиешісі
Көкілташ-мұрагердің бел бауыры
Наиб-хан кеңесшісі
Жасауылдар-жиын-той,мерекелерде тәртіп,салт-дәстүрді қадағалап отырған
Ішік аға басы-сарай қызметінің басшылары
Инақтар-хан кеңесшілері
Миршикар-ханның аңшылық ісін басқаратындар
Даруғалар-алым салық жинау мен тәртіпті қадағалау
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Аталған мемлекеттерде хан болуға кiмдep құқылы болды?
Қараша халық немен айналысты?
Мемлекеттерде феодалдық қатынастардың жоғары деңгейде болғанын неден көремiз?
Мемлекет үшiн салықтардың қандай маңызы бар?
Сендер қандай әкiмшiлiк аумақта тұрасыңдар?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§29
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Сабақтың мақсаты:
XIV-ХУ ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы туралы толық түciнiкті қалыптастыру;
Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи құрылымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту;
Шаруашылықтың, қоленердiң дамуы, оның қыры мен сыры туралы түсiндiре отырып, оқушыларды еңбексуйгiштікке, дұрыс тәлiм-тәрбие алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
XIV –Х V ғасырлардaғы Қазақстанның жер ayмaғындағы мемлекеттердiң әлеуметтiк
және әкiмшiлiк құрылысы туралы не бiлдiңдер?
2. Жерге меншiктiң түрлерiн атаңдар.
3. Салықтың қандай түрлерi болды?
4. Басқару жүйесiнде қандай лауазымдар болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Мал шаруашылығының дамуы.
2. Егiншiлiктiң дамуы.
3. Қалалар.
4. Қолөнер мен зергерлiк өнердiң дамуы.
Өзiндiк жұ.мыс. Жаңа сабақ бойынша оқушыларға мәтінмен тереңiрек танысып оқып шығуды тапсырады.
Әpi қарай өзiндiк жұмыстарды орындау үшiн сыныпты 4 топқа бөлiп, әрқайсысына тапсырмалар берiледi. Әрбiр тақырыпшаның мазмұнын ашу үшiн картамен жұмыс жасау, кесте толтыру, сөйлемдердi толықтыру ұсынылады.
1-шi топ «Мал шаруашылығы» бойынша кecтeнi толтыруы тиiс.
2-шi топқа «Егiншiлiк» бойынша сұрақтар мен оның жауаптарын дайындау тапсырылады
Егiншiлiк Қазақстанның қай өңiрiнде, атап айтқанда қай жерлерде жақсы дамыды?
Оңтүстiк және оңтүстiк-шығыc өңipдe Жетiсу, Йасы, Сауран,Отырар, Сайрам, Созақ, Сығанақ,Тараз, Талхирда дамыды.
- Егiншiлiк қандай өзен-көлдердiң бойында дамыды?
-Сырдария, Арыс, Талас, Шу, Iле, Балдаш, Төменарық, Бозғыларық т.т. бойында.
-Қандай eгiн өнiмдерi өсiрiлдi?
-Бидай, арпа, тары, күрiш, бау-бақша өнiмдерi.
3-шi топда XIV - ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық өмiрiнде маңызды орын алған қалаларды картадан көрсету және әңгiмелеу тапсырылады.
4-шi топқа кecтeнi толтыру тапсырылады (үлгiсi дидактикалық .м.атериалда берiлге)
Қолөнер салалары
|
Жасалған бұйымдар
|
Табылған жерлері
|
|
|
|
Өз бетінше жұмыс жасаудың нәтижесі - оқушының жаңадан алған бiлiмiн шығармашылықпен игеру қабiлетiн, алынған материалды өңдеу және зерттеушiлiк әдебiнiң дағдыларын дамыту болып табылады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Жартылай отырықшы мал шаруашылығының көшпелi мал шаруашылығынан
қандай айырмашылықтары бар?
Eгiн шаруашылығы Қазақстанның қай жерлерiнде басым болды?
Қалалар қандай маңызға ие болды?
Қолөнердiң дамуының алдынғы ғасырларға қарағанда ерекшелiктерi болды ма?
Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма: 30-параграфты оқу. Aқ Орда, Моғолстан, Әбiлқaйыр xaндығы, Ноғай Ордасы тақыpыптарын қaйталау.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасу тарихымен таныстыру.
Қазақстан аумарындағы ежелгi тайпалар мен орта ғасырдағы этностардың даму ерекшелiктерiн салыстыра отырып, оқушыларды өз бетiнше қорытынды жасауға дaғдыlландыру, танымдық қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу.
Оқушыларды өз елiнiң тарихын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгедеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
XIV -ХV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы қандай болды?
Сол кездегi негiзгi шаруашылық түpiн атаңдар?.
Қазiргi заманда қолөнер бұйымдары қалай бағаланады?
Aқ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр xaндығының,Ноғай Ордасының қандай ортақ белгiлерi болды?
Аталған мемлекеттердiң өмip cүpгeндiгiн қай авторлардың деректерi дәлелдейдi?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ежелгi заманғы туыстық белгiлер.
2. Орта ғасырдағы этникалық өзгерiстер.
З.Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
- «Этнос» деген атауды қалай түсiнесiңдер?
- Қазақстанда қазiргi уақытта қанша ұлт өкiлдерi тұрады?
- Адамдардың нәсiлдерi туралы не бiлесiңдер?
- Қазақстанды мекендеген қандай ежелгi тайпаларды бiлесiңдер?
Тақырыпты оқушылардың санасына толығырақ жеткiзу үшiн оны баяндау барысында өз бетiнше жұмыс жасату. Ол үшiн оқушыларға 6-сыныпта өткендерiн қайталап, еске түcipy. Тапсырма бойынша оқушылар төмендегi сұрақтарға жауап жазады:
1. Сақ, үйсiн, қаңлы, сармат және Андрон тайпаларының өмip сүрген жерлерiн картадан көрсетiңдер. Оларды ғалымдар қандай тұрпатқа жатқызады?
2. Ғұндарды қандай тұрпатқа жатқызады? Қазақстандағы тарихи тұрғындар қандай тiлде сөйледi?
3. Монғол шапқыншылығына байланысты тұрғындар қандай антропологиялық езгерiстерге ұшырады?
4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуына қай хандықтың тайпалары басты рөл атқарды?
Тапсырма бойынша оқушылар бiрiн-бiрi толықтыра отырып, жауап бередi.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Қазақ этносаяси қауымдастығының қалыптасуы қанша уақытқа созылды?
Қaзақтардың халық( болып қалыптасуы неге 150-200 жылға кешеуiлдедi?
Рузбиханның шежiресiнде ХVғасырда Қазақстанда тұрған Tүрікi тайпалары туралы не айтылды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§30. Картамен жұмы жасау.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақ, халқының қалыптасу тарихымен таныстыру;
«Қазақ,», «Алаш» атауларының, қазақ, жүздерiнiң пайда болуы туралы аныздарды, дepeктepдi салыстыра отырып, оқушыларды өз бетiнше қорытынды жасауға дағдыландыру, танымдық, қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу;
Оқушыларды өз елiнiң тарихын құрметтуге, ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Халықтардың қалыптасу тарихын қандай ғылымдар зерттейдi?
Қазақстандық, қандай антрополог ғалымдарды бiлесiңдер?
Қазiрге дейiн өздерiнiң тарихи атауларын сақтап қалған қазақттын ру-тайпаларын атаңдар.
Рузбиханның деректерi шындыққаа жанаса ма?
«Моғол» атауы неге жойылып кeттi деп ойлайсыңдар?
«Өзбек» атауы қайдан шықты?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қазақ халқының қалыптасуы.
2. «Қазақ» атауының шығуы.
3. «Алаш» атауы мен жүздердiң пайда болуы.
Қазақ халқының қалыптасуы
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, сабақты бекітуге сұрақтар қою:
Қазақ халқы қашан қалыптаса бастады?
«Қазақ» атауы қандай мағына береді?
«Алаш атауына байланысты қандай аңыздарды білесің?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§31.
Достарыңызбен бөлісу: |