7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қалалық мәдениеттің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ортағасырлық қалалар мен олардың құрылыс жүйелерін таныстыра отырып, ІХ-ХІІІ ғасырларда қалалардың әлеуметтік-экономикалық маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Отанымыздың тарихын зерттеп-зерделеуге үлес қосуға, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Қашан Ұлы Жiбек жолы мәмiлегерлiк және сауда тамыры қызметiн атқара бастады?
а) б.з.б. II ғ. ортасы
ә) б.з.б. ІІІ мыңжылдық
б) II ғ.
в) Vғ.
2. Қазақстан бойынша Жiбек жолы қызметi қашан тоқталды?
а) XIV ғ.
ә) ХIII ғ.
б) IV ғ.
в) XVIII ғ.
3. Жiбек Қытайдан басқа қандай елдерде өндiрiле бастады?
а) Византия, Соғды
ә) Иран, Ирак
б) Византия, Индия
в) Сирия,Жапония
4. Сәйгүлiк жылқылар қайдан тасылды?
а ) Tүpiк қағанатынан
ә) Ираннан
б) Индиядан
в)Сириядан
5. Ұлы Жiбек жолы бағыттарының кейде өзгерiп отыруы нелiктен?
а ) ауа -райына байланысты
ә)' қарақшылық шабуылдарға байланысты
б) баж салығының күрт көбеюiне байланысты
в) тезiрек жететiн жол таңдады
6. Қытайда жiбектен кейiнгi қымбат тауар не болды?
а ) Қытай фарфор ыдыстары
ә) Қытай күмic құмыралары
б) Қытай асыл тастары
в) Қытай жылқылары
7. Ұлы Жiбек жолында орналасқан Қазақстанда ipi сауда және мәдени орталық болған қала?а) Испиджаб
ә) Тараз
б)Талғар
в) Отырар
8. Соғдылардың негiзгi кәсiбi қандай болды?
а ) eгiн салып, саудамен айналысқан
ә) дiн таратумен айналысқан
б) мал өcipумен айналысқан
в)қолөнермен айналысқан
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ортағасырлық қалалар санының өcyi.
2. Қала құрылысындағы өзгерiстер.
3. Тұрғын үйлер.
Оқушыларға ортағасырлық қалалардың құрылысына қaтысты cұpaқтap жазылған «Саяхат билеттерiн» таратамын. Әр билеттiң бiр жағы нөмiрленiп, екiншi жағына cұpaқ тap жазылады. 'Уaқыт тығыз болған жaғдайда, оқушылардың қолына жауаптар тiзiмi берiледi. оқушы оның iшiнен дұрыс жауапты тауып, қолындағы билетке жазады.
Мысалы: 1l-билет
Қалалар құрылысы туралы мәлiметтер беретiн қандай ғылым?(Археология ғылымы)
2-билет
Көшесiне қыш-құмыралар сынығы төселген сауда орталығы қай қаладан табылған?(Отырар қаласынан) тұрғызған. Дуалдың жиегiне кiрпiштен кемер жасалған.
3-билет
Шеберханалар неге тұрғын үйлерден аулақ салынды? (Шеберханаларға қыш ыдыстарды жинайтын,кептipeтін кең көлемдi жерлер қажет болды.)
4-билет
Тұрғын үйлер қалай орналасты?(Тұрғын үйлер көшелердiң eкi жағына салынды)
5-билет
Қалалардың қоpғaныc құрылысы қандай болды?(Қала сыртына биiк, әpi қалың етiп, айналдыра дуал тұрғызған. Дуалдың жиегiне кiрпiштен кемер жасалған. Ол жерде қарауыл күзетi тұрған).
6-билет
Қалаларда мал ұстайтын қора-қопсы болды ма? (Болды. олар тұрғын үйлердiң жанына салынды)
7 -билет
Қалаларда кici көп жиналатын орындарды ата.(Мешiт, сауда орындары, керуен сарайлары).
2 Нұсқа.
Оқушылар «Ортағасырлық қалаларға саяхат» деген тақырыпта шағын әңгiмe құpacтыруы қажет. Бұл Оқушылардың ой- қиялдарын дамытып, ұшқырлай түcepi сөзсiз.
Келесi өзiндiк жұмысты тұрғын үйдiң құрылысына байланысты беремін (үлгiсi дuдактuкалық матерuалда берiлген. ).
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Ортағасырлық Оңтүстiк Қазақстан қалаларын атаңдар.
Жетiсу аймағындағы қалаларды атаңдар.
Қалаларды неге үш топқа бөлемiз?
Қалалардағы қoғaмдық орындарды атаңдар.
Tұрғын үйдiң кұрылысын сипаттаңдар.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§17.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Сабақтың мақсаты:
IX-XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың даму ерекшіліктері мен әлеуметтік-экономикалық рөлі туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру,өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамчту. Өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыру;
-IX-XII ғасырларда қоғамның экономикалық дамуына ықпал еткен салалар туралы түсінік бере отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, дұрыс тәлім-тәрбие алуға баулу
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, қолөнер бұйымдары, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгедеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қалалар санының өсуіне қандай жағдайлар ықпал етті?
Қалалар туралы қандай жазба деректерді білесіңдер?
Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы қалаларды атаңдар
Археологилық қазба жұмыстары жүргізілген қалаларды атаңдар.
«Қоржын үй» деген не?
Ташнау деген не?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Қолөнердің дамуы.
Ұсталық кәсіп.
Зергерлік кәсіп.
Сауда және ақша айналымы.
Егіншілік
Жаңа сабақ пресс-конференция түрінде өтетінін хабарлаймын,сынып оқушыларын алты топқа бөледі. 1-топ-журналистер,2-топ-қолөнерлершілер, 3-топ-ұсталар, 4-топ- зергерлер, 5- топ- саудагерлер, 6-топ-егіншілер.
Журналистер мәтінді мұқият оқып шығып,сұрақтар дайындауы қажет. Ал қалған бас топ өздеріне қатысты мәліметтерді оқып, жауап беруге дайын болуы тиіс. Журналистердің қоятын сұрақтары мындай болады:
-Орта ғасырдан бізге қонаққа қош келіпсіздер.Орта ғасырлық қолөнердің қандай ерекшіліктерібар?
-Қолөнердің ққандай түрлері болды?
Көзешілер деген кімдер?
Қыш құмарашылардың жұмысы туралы айтып берсеңіз?
Ұсталар қандай бұйымдар жасады?
Ол бұйымдарды жасау үшін материалдарды қайдан алды?
Зергерлер қандай заттар жасады?
Олар заттарды жасау үшін қандай материалдарды пайдаланды?
Сүйек ұқсатушылар қандай заттар жасады?
Орта ғасырла тұтынушылар кімдер болды?
Өндірушілер деп кімдерді атады?
Сауданың қандай түрлері болды?
Ақша неден жасалды?
Ақша жасайтын сарайлар қандай қалаларда болды?
Қаладан даланы өлкелерге қандай тауарлар шығарылды?
Далалы өлкелерден қалаға негізінен қандай тауарлар әкелінді?
Екіншілік Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыды?
Қала санының өсуіне егін шарушылығының қандай ықпалы болды?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Қыш құмыралар жасайтын шеберханалар қай қаладан табылды?
Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
Айырбас сауда деген не?
Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?
Егін шаруашылығымен байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?
Қандай егін дақылдары өсірілді?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§17. Тапсырмаларды аяқтау
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §18. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақстандағы Х-Х11 ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелері мен
сәндәк қолтаңбалы өнердің дамуы туралы жан-жақты түсінік беру.
Сәулет өнері мен құрылысының дамуына ықпал еткен факторларды ашуға және оларды VI-IX ғасырлардағы сәулет құрылыстарымен салыстырып, қорытындылауға дағдыландыру;
Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге,өнерге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер, сәндік қолданбалы өнер буклеттері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1-топ
-
1.Қолөнердің қандай түрлері дамыды?
2.Қыш құмыра жасайтын шаберханалар қай қаладан табылды?
3.Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
4.Ұсталар қандай бұйымдар жасады?
5.Зергерлік кәсіп пен сүйек ұсатуға сипаттама беріңдер.
|
2-топ
-
1.Тұтынушы,өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер
2.Айырбас сауда деген не?
3.Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?
5.Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді?
|
3 топ
-
1.Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсіуне байланысты болоды?
2.Егін шаруашылығына байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?
3.Егін шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетіңдер.
4.Қандай егін дақылдары өсірілді?
|
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сәндік қолтаңбалы өнер.
2. Сәулет,құрылыс жүйелері.
3. Кесенелер ,моншалар.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Сәндік қолтаңбалы өнер дегеніміз не?
Қазақстанда ірі ғимараттық құрылыстары қай кезде бой көтере бастады?Оған қандай жағдайлар ықпал етті?
Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыстарының VI-IX ғасырлармен салыстырғанда қандай артықшылықтары болды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§18-параграфты оқу:Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §19. Дін және мәдениет. Исламның дамуы
Сабақтың мақсаты:
Ортағасырлық Қазақстандық әр түрлі діни анаым-сенімдер туралы,Ислам дінінің таралуы,оның мәдениетінің дамуына тигізген әсері туралы түсінікті қалыптастыру;
Әр түрлі діни бағыттардың ерекшіліктерін түсіндіре отырып, оқушыларды өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету:
Шәкірттердің рухани дүниесін дамыту,адамгершілікке, имандылыққ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба, дискілер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қазіргі сәндік қолтаңбалар туралы не білесің?
Айша бибі,Арыстан баб,Бабаджа-қатын кесенелерінің салыну тарихы туралы не білесің?
Көне мәдени, ескерткіштердің тарихымен танысу оларды қастерлеу не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Ислам дініне дейінгі діни наныс-сенімдер.
Ислам дінінің таралуы.
Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ойтүрткі боларлық сұрақтар қоямын. Сұрақтар балалардың 5-6 сыныпта тарих курсынан алған білімдеріне сәйкес құралады.
Алғашқы дін наным-сенімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткен?
Алғашқы діни наным сенімдрдің түрлерін атаңдар.
3.Қазақ халқында Көк Тәңірі, Көк бөрі ұғымдары нені білдіреді?
4. Ежелден келе жатқан әлемдік діндерді атаңдар.
Ең алдымен ислам діні туралы төмендегі кестемен таныстырған жөн.
Ислам діні қай жерде және қашан пайда болды?
|
Ислам дінінің негізін салушы және діннің басты қағидасы
|
Ислам дінінің негізгі бес парызы
|
Ислам дініндегі елдер
|
VII ғасырдың ортасында араб елінде пайда болған.
|
Діннің басты қағидасы- бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға бас ию.Негізін салған Алланың жалғыз елшісі Мұхаммед пайғамбар.
|
1.Бес мезгіл намаз оқу2.Ораза ұстау
3.Садақа беру
4.Иман.
5. Қажылыққа бару.
|
Сирия,Палестина
,Египет,Біріккен Араб Әмірліктері,Сауд Арабиясы,Ливан, марокко,Эфиопия т.б.
|
Сабақты аяқтай келе, оқушылардың пікірлерін білу үшін мынадай сұрақтар қоямын:
1. Діннің пайда болуын қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстанда қандай діни бағыттардың жұмысын білесің?
3. Аталған діни бағыттардың мақсаты сендерге таныс па?
4. Отбасында қандай дінді ұстанасыңдар?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Шамандық,тотемизм, зоастризм дегеніміз не?
Ислам дінінің Қазақстанда таралуы туралы қандай деректерде айтылады?
Ислам діні қалайша әлемдік деңгейге көтерілді?
Елімізге әлемдік діни конфессиялар өкілдерінің жиі бас қосуы неліктен?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 19 параграфыты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §20. Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқушылардың тарихи-ғвлвми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Лекция
Әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме
Көрнекілігі:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың негізгі ұғымдары:
Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмұд Қашғаридің кіәтаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгенки шығармасы,Қожа Ахмет Йасауидің «Данлық» кітабы,Сүлеймен Бақырғали шығармалары
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау.Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады.Қазақ халқында исламға дейін қандай наным сенімдердің элементтері сақталған? Ислам діні туралы не білесіңдер? Ғылымның, жаңа технологиялардың дамыған заманында адамдардың дінге сенуін қалай түсіндіресіңбер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері.
Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері.
Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі».
Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі білік».
Ахмет Иүгнеки- «Ақиқат сыйы».
Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы».
Сүлеймен Бақырғани шығармалары
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.
1.Ғылым дегеніміз не?
2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?
3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс қазығы»,
«Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламаларының еңбектеріне аударып, төмендегі кесте бойынша түсндіремін
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Әбу Наср әл-Фараби қай жерлерде білім алған?
2.Әбу Райхан әл-Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
«Құт негізі-білік» кітабы несімен ерекшеленді?
Қожа ахмет Йасауидің әулиелігі неде?
«Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:20 параграфты оқу.Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §21. Монғолдардың қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру;
Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету;басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.
Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға, үйрету;
Оқушыларды Отанын қорғауға батылдыққа, ерлікке ұлтжандылыққа тәриелеу
Сабақтың түрі:аралас, бейнематериал көрсету
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі:суреттер, карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әбу Наср әл-Фараби қай жерлерде білім алған?
2.Әбу Райхан әл-Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
«Құт негізі-білік» кітабы несімен ерекшеленді?
Қожа ахмет Йасауидің әулиелігі неде?
«Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Монғол империясының құрылуы.
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3. Монғолдардың қазақстанды жаулап алуы.
4. Жаулап алудың зардаптары.
5. Ұлыстардың құрылыстары.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1. Монғол империясы қашан құрылды?
2. Шыңғысқан туралы қандай аңыздарды білесің?
3. Нояндар деген кімдер?
4. «Яса» заңына сипаттаңдар.
5. Монғол шапқыншылығынан Отырардан басқа қандай қалалар зардап шекті?
6. Қазақ жерлері қандай ұлыстарға енді?
«Монғол», «Шыңғысхан» фильмдерін көрсету, кері әсер парағын беру.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§ 21. «Шыңғысхан» атты тақырыпта эссе жазып келу
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §22. Алтын Орда
Сабақтың мақсаты:
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяи экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып,Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен слаыстыра отырып, оушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулау.
Оқушыларды өз Отанының тарихына кұрметпен қарауға,қорғауға ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралса
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:суреттер, карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Тест сұрақтары:
1.XII ғасырдың соңында монғол далаларында билік құрған кімдер?
А) қыпшақ ханы
ә) хорезмах
б) қытай боғдыханы
в) Темүжін
2.Монғол-татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстан да билік кімнің қолында болды?
а) хорезшах
ә)қыпшақ ханы
б)қытай боғдыханы
в)Арслан хан
3.Шыңғысханның билік құрған жылдарын табыңдар?
а)1200-1227 жж.
ә) 1213-1237 жж.
б) 1155-1206жж.
в) 1206-1227ж.ж.
4.Шыңғысхан әскери Жетісуға қашан барып кірді?
а) 1206ж.
ә) 1208ж.
б) 1219ж.
в) 1213 ж.
1219 жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?
а) Қытайға
ә) сібірге
б) Дешті қыпшаққа
в) Мауараннахға
6.Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?
а) бейбіт жолмен
ә) зорлық әдісімен
б) дұрыс жауап жоқ
в)барлық жауабы дұрыс
7.Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
а) зорлық әдісімен
ә) өз еркімен қосылды
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
8.Отырар апаты қашан болды?
а) 1219-1220жж.
ә)1218ж.
б) 1216-1217жж.
в) 1219ж.
9. Монғолдардың орталық азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?
а) 1224 ж.
ә)1216ж.
б) 1219ж.
в) 1237ж.
10.Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары кірген жоқ?
а) Үгедей олысы
ә)Шағадай ұлысы
б)Төле ұлысы
в) Жошы ұлысы
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Алтын Орданыі құрылуы.
2.Батый хан.
3.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы,
4.Алтын Орданың ішкі және сыртқы жағдайы
5.Алтын Орданың әлсіреуі.
Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілерәі оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін.
Жазба деректерде:
«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған.Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:
«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т.б.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректреден білеміз?
«Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 22- параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауа беру. Қосымша әдебиеттерді оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |