7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет6/7
Дата31.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#55221
1   2   3   4   5   6   7

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §36. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру, өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

      1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?

      2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

      3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

      4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?

      5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?

Жаңа сабақтың жоспары:

        1. Хандықты басқару ісі

        2. Хандықтың ішкі жағдайы

        3. Сыртқы саяси жағдайы

        4. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы

Оқушыларға: -Мемлекет болып қалыптасу үшін қандай шарттар қажет?-деп сұрақ қоямын. Жауабы:

  • Басқару ісі

  • Халқы

  • Шекарасы

  • Тілі, діні

  • Заңы

  • Әскери ісі

  • Ішкі-сыртқы саясаты т.б.

Сабақты бекіту:

  • Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды?

  • Қазақ хандары Сыр бойындағы қалаларға неге құштар болды?

  • Қазақ хандыры мен Шайбани ханның шайқастары қай жерлерде өтті?

  • Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызын атап көрсетіңдер.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §37. Қасым хан

Сабақтың мақсаты:


  • Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Қасым ханның заңдарымен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін қрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

көрнекілік:карта, сурет.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды?

  • Қазақ хандары Сыр бойындағы қалаларға неге құштар болды?

  • Қазақ хандыры мен Шайбани ханның шайқастары қай жерлерде өтті?

  • Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызын атап көрсетіңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Қасым хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің дамуы.

      2. Қасым ханның заңдары

      3. Қасым ханның ішкі саясаты

      4. Қасым ханның сыртқы саясаты

      5. Қасым хандығының жер аумағының кеңеюі және халық санының ұлғаюы.

Қасым тұсындағы аса маңызды тарихи оқиғалар кестесін толтырыңдар

Тарихи оқиғалар

Хронологиялық ауқымы

Қысқаша сипаты

Қазақ тарихындағы маңызы













Сабақты бекіту:

  • Қасым ханның тұсында қазан хандығы нығайды деп айтуға негіз бар ма?

  • «Қасым ханның қасқа жолын» енгізудің қандай маңызы болды?

  • Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қатынас орнатуының қандай тиімді жақтары болды?

  • Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қанша халық бар?

  • Қасым тұсында хандықтың астанасы қай қала болды?

  • Жер көлемінің үлкендігі, халық санының көптігі мемлекеттің дамуына ықпал ете ме?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 37-параграфты оқу. Сұрақтарға жауап беру.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §38.Хақназар хан

Сабақтың мақсаты:


  • Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы, Хақназар ханның басқа елдермен қарым-қатынасы туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы жетістіктеріне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қасым ханның тұсында қазан хандығы нығайды деп айтуға негіз бар ма?

  • «Қасым ханның қасқа жолын» енгізудің қандай маңызы болды?

  • Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қатынас орнатуының қандай тиімді жақтары болды?

  • Қазақ хандығында халық санының бір миллионға жетуіне қандай жағдайлар себеп болды?

  • Қазақ хандығында халық санының бір миллионға жетуіне қандай жаңдайлар себеп болды?

  • Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қанша халық бар?

  • Қасым тұсында хандықтың астанасы қай қала болды?

  • Жер көлемінің үлкендігі, халық санының көптігі мемлекеттің дамуына ықпал ете ме?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Қахназар ханның ел басқарудағы жағымды қасиеттері

      2. Қазақ хандығының моғолстанмен қарым-қатынасы

      3. Ноғай ордасының кейбір бөліктерінің қазақ хандығының құрамына кіруі

      4. Қазақ-өзбек хандықтарының қарым-қатынастары.

      5. Орыс өкіметімен қарым-қатынастың басталуы.

Сабақты бекіту:

  • Хақназар ханның тұсында хандықтың жаңдайы қандай болды?

  • Хақназар ханды неліктен «қазақ-қырғыз ханы» деп атайды?

  • Жоңғарлар деп кімдерді атады?

  • «Ант беріскен шарттың» мазмұны қалай аталды?

  • Хақназар хан орыс патшасымен қандай қатынаста болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 38-параграфты оқу.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §39. Тәуекел хан (1582-1598)

Сабақтың мақсаты:


  • Тәуекел хан кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру, өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елінің, туған жерінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті,баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Хақназар ханның тұсында хандықтың жаңдайы қандай болды?

  • Хақназар ханды неліктен «қазақ-қырғыз ханы» деп атайды?

  • Жоңғарлар деп кімдерді атады?

  • «Ант беріскен шарттың» мазмұны қалай аталды?

  • Хақназар хан орыс патшасымен қандай қатынаста болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Тәуекелдің хан болу қарсаңындағы қазақ хандығын ың жағдайы.

      2. Тәуекел ханның сыртқы саясаты

      3. Қазақ-өзбек қатынастары

      4. Тәуекел ханның Орыс мемлекетімен байланыс орнатуы.

  • Тарихшы

  • Математик

  • Суретші

  • Әдебиетші

  • Географтар етіп бөліп осы тақырыпты өз мамандықтары бойынша талдау, саралау, зерттеу тапсырылады. 1-2 оқушы қорытындылап, сараптайды.

Сабақты бекіту:

  • Тәуекел хан өзбек ханының қайсысына қарсы соғысты?

  • Тәуекел ханның «ант беріскен шартты» бұзу себебі неде?

  • Қай ел қазақтарға «оқ ататын» қару беруге уәде етті?

  • Тәуекел ханның Ресейге қойған талаптары неге орынладмады?

  • Тәуекел хан қай жерде қайтыс болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 39-параграфты оқу. «Тәуекел» атты тақырыпта эссе жазу




7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Есім хан (1598-1628)

Сабақтың мақсаты:


  • Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы , Есім ханның заңдары туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайын, Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы алауыздықтың салдарын түсіндіре отырып, оқушыларды ауызбіршілікке, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Тәуекел хан өзбек ханының қайсысына қарсы соғысты?

  • Тәуекел ханның «ант беріскен шартты» бұзу себебі неде?

  • Қай ел қазақтарға «оқ ататын» қару беруге уәде етті?

  • Тәуекел ханның Ресейге қойған талаптары неге орындалмады?

  • Тәуекел хан қай жерде қайтыс болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Есым ханның сыртқы және ішкі саясаты

      2. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қарама-қайшылықтар

      3. Тұрсын ханның бүлігі

      4. Есім ханның ескі жолы

  • Әдеби деректерге қарағанда Тұрсын ханды Есімнің өзі жазалаған. Ол Марғасқа жыраудың мына өлең жолдарынан көрінеді:

«Ей, қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын!

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың!

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!



Сабақты бекіту:

  • Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?

  • Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

  • Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

  • Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

  • «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

  • Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 40-параграфты оқу. «Есім салған ескі жол» атты тақырыпта реферат дайындау.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:


  • Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, билердің суреті

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІғ. шаруашылығы.

  • Маусымды көшіп-қонудың қандай пайдасы бар?

  • Қазақтар егін шаруашылығымен қандай аймақтарда басым айналысқан?

  • Қазақ халқында қолөнердің қандай түрлері болды?

  • Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?

  • Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

  • Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

  • Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

  • «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

  • Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

  • Жаңа сабақтың жоспары:

  • Салқам Жәңгір.Орбұлақ шайқасы.

Тәукенің хан билігіне отыруы.

Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

«Жеті Жарғы» заңы

Ұлы билер

1635,1643,1652 жылдардағы қазақ-жоңғар шайқастары

1628—1652жж. Хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырды

1652жылыҚосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген Жәңгірдің сарбаздары

Жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды.

Шайқасты ұйымдастырып, оған басшылық жасаған шапырашты Қарасай, арғын Ағынтай, найман Көксерек, алшын Жиембет, қаңлы Сарпың т.б. батырлар.
Тәуке көреген саясаткер,ақылды дипломат,құдіреті күшті хан болды.

Тәуке хан хандық билікті нығайтты

Тың өзгерістер енгізді

Тәуке хан

«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды

Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды






«билер кеңесі» Түркістан қаласының жанында Битөбеде, Сайрам қаласының маңында

Мартөбеде, Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілетін.

Тәуке хан «би-батырлар» кеңесіне де сүйенген.Кеңеске барлық рулардың билері мен әскербасылары және батырлар шақырылған.

1681-1685жж. жаңғарлар Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасап.Сайрам қаласын

қиратты.


Қазақ хандығымен одақ құру үшін 1573жылы С.Малъцев пен Т.Чебуков бастаған орыс елшілігі

келген еді.1598ж.Сібір ханы Көшім жеңіліске ұшырады.

1598жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту

туралы келісім жасады.




Жеті жарғының бөлімдері

Мәні мен мазмұны

      1. жер дауы

      2. үй іші мен бала тәрбиелеу

      3. ұрлық-қарлық, барымта

      4. бір халық пен басқа ру арасындағы дау

      5. ұлтын жаудан қорғау

      6. құн дауы

      7. жер дауы




Ұлы билер.

Төле Әлібекұлы(1663-1756)

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764жж)

Әйтеке Бәйдібекқлы(1682-1766жж) шын аты Айтық.атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы.
Сабақты бекіту:1.Жәңгір ханды неліктен «салқам» деп атаған?

2.Тәуке хан «билер кеңесін» не үшін құрлы?

3.Қазақтың билерінің қоғамдағы рөлі қандай болды?

Үйге тапсырма:42-43 параграфтарды оқу,кестені толтыру.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының мемлекеттік –әкімшілік құрылымы

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақ қоғамындағы басқарудың ұлттық жүйесі, ханның құқықтары және міндеттерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Көрнекілік:карта, сызба.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Есім хандығының алғашқы кездегі саяси жағдайы қандай болды?

2.Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

3.Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

4.Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

5. «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

Жаңа сабақтың жоспары:


      1. Басқарудың ұлттық жүйесі

      2. Қазақ ханы

      3. Ханның құқықтары мен міндеттері

      4. Халықтың әлеуметтік құрамы

Қазақ ханы

Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар, төре тұқымы сайланды

Ел биледі

  • ХАН

Әскерді басқарды

Міндеттері

Ел ішінің ішкі-сыртқы өмірін реттейтін заңдар мен бұйрықтар шығарды, көші-қон қонысты белгіледі, әскердің жоғарғы басшысы болды

Қазақ хандығының басқару жүйесі жеті тармақтан тұрды.

1.Ауыл-туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады.

Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атаған.

2.Ата-аймақ.... бір атадан тараған ,жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды.

Ақсақал басқарды.

3.Рулық басқару. Ру 10 немесе 15 аймақтан құралатын болған.

Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады.

4.Ұлыстық билік Ұлыс бірнеше рудан құралды.

Ұлыстың бас билігі –ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды.

5. Жүздік билік.. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Сондықтан жүздің басшысы ,

Қызметі би атағының ең биік деңгейі.

Жүздің биін ордаби деп атаған.

6.Хандық билік. Хандық үш жүзден құралды. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды.

7.Құрылтай. Бүкіл қазақтың бас қосқан кеңесі.

Ханның құқықтары мен міндеттері:

1.Хан өзінің жерінде билік жүргізуге құқылы.Ол елін,жерін сыртқы жаудан қорғауға міндетті.

2.соғыс жариялау, не бітім жасауға құқылы.

3.өзге мемлекеттермен келіссөздер жүргізді.......

4.қылмыскерді жазалау құқығы болды...

5.елдің ішкі-сыртқы өмірін реттейтін заңдар мен бұйрықтар шығаруға құқы болды.

Сабақты бекіту:



  • Қазақ қоғамында ұлттық басқару жүйесінің қандай тармақтары бар?

  • Қазақ ханы қалай сайланды?

  • Қарапайым халықты қандай атаулармен атады?

  • Қазақ қоғамында құл мен күңдер болды ма?

  • Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрамы қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §42.



7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы, қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, туған жерінің тарихын,мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақ қоғамында ұлттық басқару жүйесінің қандай тармақтары бар?

  • Қазақ ханы қалай сайланды?

  • «Ханталапай»дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қарапайым халықты қандай атаулармен атады?

  • Қазақ қоғамында құл мен күңдер болды ма?

  • Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрамы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

      2. Маусымдық көшіп қону

      3. Қазақ халқының егін шаруашылығы

      4. Қазақ халқының қолөнері

      5. Қазақ қалалары және олардың тоқырау себептері

Маусымдық көшіп-қонудың түрлері

Орналасуы

Маусымдық көштерде атқарылатын жұмыс түрлері

1.Қысқы көш

2.Көктемгі көш

3.Жазғы көш

4.күзгі көш




Іле,Шу,Талас,Сырдари






3.Сырдария,Шу,Арыс,Талас,Іле өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы гүлденді.

Қаратау,Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында,Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды.

Қазақ егіншілері бидай, арпа,тары,сұлы екті.

Оңтүстікте күріш,жүгері өсірді.

4.Қазақ халқында үй ішілік,ұсталық,зергерлік,өрімшілік,көншілік(тері илеу),тігіншілік,етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамыған.

Өнерге байланысты мақал-мәтелдер: «өнер көпке де жеткізеді,көкке де жеткізеді.

«өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық», «өнерлі өрге жүзер»

«шебердің қолы көпке ортақ», «өнерліге өлім жоқ»

«ұстамен жақын болсаң ісің бітеді», «ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер»

5.Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойынды орналасқан:

Тараз,Сайрам,Шымкент,Ташкент,Отырар,Тіркістан, Сауран, Сығанақ т.б.

Сабақты бекіту:



  • Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінеміз?

  • Маусымды көшіпқонудың қандай пайдасы бар?

  • Қазақ қыстауларындағы баспаналар қалай салынды?

  • Қазақтар егін шаруашылығымен қай жерлерде айналысты?

  • Қазақ қолөнерінің түрлерін атаңдар?

  • ХҮІІІ ғ. қалалардың әлсірей бастауына не себеп болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §45оқу «Қазақ шаруашылығы» атты тақырыпта эссе жазу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет