7 сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2021-2022 оқу жылы



бет2/9
Дата03.02.2022
өлшемі146,05 Kb.
#130634
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 сынып КТП
ы.алтынсарин сыныптан тыс, 6 сынып, 6-сынып Әдебиет 2021, 5 сыныпКТЖ дұрысҚазақ әдебиеті қазақ мектебі, 1234, 2 сынып әдебиеттік оқу қмж[1], Пациент жағд бағалау тест, Бернулли теңдеуі, § 15. Күш импульсі. Импульс моментінің сақталу заңы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі, 4 так
«Қазақ тілі мен әдебиеті»

Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. 5,6,7,8- сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.

3. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.

4. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:

1) тыңдалым;

2) айтылым;

3) оқылым;

4) жазылым;

5) тілдік бағдар.

5. «Тыңдалым»бөлімікелесі бөлімшелерден тұрады:

1) болжау;

2) назарын шоғырландырып тыңдау;

3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

4) көркем шығармаларды тыңдау;

5) негізгі ойды анықтау;

6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.

6. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;

2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;

3) көркем шығармаларды оқу;

4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;

6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.

7. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;

2) эссе жазу;

3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;

4) мәліметтерді жинақтау;

5) орфография және пунктуация.

8. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) сөздік қорының алуандығы;

2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;

3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;

4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;

5) сенімді және еркін жауап беру;

6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.

9. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) сөз таптары;

2) сөйлем.

(https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары «Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучени)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет