7 сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2021-2022 оқу жылы



бет5/9
Дата03.02.2022
өлшемі146,05 Kb.
#130634
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 сынып КТП
ы.алтынсарин сыныптан тыс, 6 сынып, 6-сынып Әдебиет 2021, 5 сыныпКТЖ дұрысҚазақ әдебиеті қазақ мектебі, 1234, 2 сынып әдебиеттік оқу қмж[1], Пациент жағд бағалау тест, Бернулли теңдеуі, § 15. Күш импульсі. Импульс моментінің сақталу заңы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі, 4 так
Монологті сөйлеуді машықтандыратынжаттығулар:

мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауапберіңіз;

мәтінде кездескен сөздердің көмегімен өз досыңыздысипаттаңыз.

Креативті сөйлесім. Тіл – сөйлеу құралдарының бүтін жүйесі. Сондықтан сөйлеу құралдарымен сөйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан- жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлеу әрекетін дамыту – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Тіл үйренушінің сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған кезде жүзеге асырылады. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту барысында креативті ойлау технологиясын енді сөйлеу әрекетінің маңызды бір түрі-сөйлесімді дамытқанда қолдану жолдары нақты жаттығулар арқылы сипатталмақ. Тілдік және әдебиет тақырыптары қазіргі заманның ғана емес, ғылым мен технологияның дамуын ескере отырып, соған сай дамитын алдағы келе жатқан заман оқушыларына қажетті тақырыптардан да іріктелінген.

2018-2019 оқу жылынан бастап 6 және 7-сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.



Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

6-сыныпта«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.

7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.

Барлық мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша НЗМ сайтына, «Назарбаев Зитякерлік мектептері» ДББҰ-мен байланысқа тікелей шығуына болады. Ондағы жетекші мамандар мен ғалымдар кез келген уақытта сайт арқылы кеңестер беріп отырады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті»

пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша

жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

7-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:

1) тыңдалым:

мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну, повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдау,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру;

өңірде шығатын газет-журналдарды білу;

энциклопедия ұғымын түсіну, өлкетанудың бағыттарын анықтау;

2) айтылым:

мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану, мәтін мазмұнын дамыту, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту, шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру, кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау;

туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдау;

өлкетанудың бағыттары бойынша электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысу;

3) оқылым:

кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау, мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу;

туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді оқу;

Энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білу;

4) жазылым:

мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;

5) тілдік бағдар:

сөз таптары: мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, топтау сан есімдерін, одағай түрлерін орынды қолдану, етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, мақсат және себеп-салдар үстеулерді орынды қолдану, септеулік шылаулардың қызметін білу;сөйлем: жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.


7-сынып


Қазақ тілі мен әдебиеті

Ф.Ш.Оразбаева,Ж.Т.Дәулетбекова,А.Қ.Рауандина,Р.С.Рахметова,Б.Қ.Мукеева

«Көкжиек-Горизонт» 2017 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет