7 сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2021-2022 оқу жылы



бет4/9
Дата03.02.2022
өлшемі146,05 Kb.
#130634
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 сынып КТП
ы.алтынсарин сыныптан тыс, 6 сынып, 6-сынып Әдебиет 2021, 5 сыныпКТЖ дұрысҚазақ әдебиеті қазақ мектебі, 1234, 2 сынып әдебиеттік оқу қмж[1], Пациент жағд бағалау тест, Бернулли теңдеуі, § 15. Күш импульсі. Импульс моментінің сақталу заңы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі, 4 так
Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Жазылым сөйлеу әрекеті өнімді түрі болып есептеледі. Ал креативті жазылым бұл аудиторияның ерекше бір көңіл-күйде, шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін. Креативті жазылымның негізгі мақсаты жазылым әрекеті кезінде оқушының осы жазылым әрекетінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл – күйде болуы болып табылады. Өнімді креативті жазылым тіл үйретудің алғашқы деңгейінде-ақ қолданыла бергені дұрыс. Алғашқы кезеңде визуалды тіректің болғаны абзал, мысалы: суреттер, фотолар,тұрмыс заттары, аудио тіректер: аудиомәтіндер, әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: өлеңдер, әңгімелер, цитаталар,мақал-мәтелдер.

Жаттығулар жүйесі:

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, көз алдыңызға не келеді, соның бәрін жаза беріңіз;

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің музыкасына туған еліңізді суреттейтін мәтінжазыңыз;

3) суретке қарап 11 буынды өлең шығарыңыз;

4) топтарға бөлініп, шытырман оқиғаға толы қызықты әңгімелер жазыңыз;

5) керемет бір қызықты жерінде үзілген әңгімені аяқтап, түпнұсқамен салыстыруыңыз;

6) бір рөлге кіріп, рөл иесін сипаттаңыз;

7) ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз.

Креативті оқылым. Оқуды игертудің алғашқы кезеңдерінде білім алушылардың меңгерген шектеулі сөздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемалар туралы мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден ауырға қарай» ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол мәтіндер күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Оқылым үдерісін бастапқы кезеңінің негізгі міндеті – дауыстап және іштей оқу механизмдерін қалыптастыру. Білім алушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын белсенді сөздерді тез қабылдап, дұрыс айта білуге міндетті.. Мәтінді оқу – мәтінді аударуемес.

- мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сөзді түсіну шарт емес;

- мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) өте маңызды орын алады;

- мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы өзіңіз ойлағаннан да көбірек білуіңіз әбден мүмкін.

Жарнама мәтіні, газет мақаласы, күнделік мәтіні, ертегі әлде өлең жолдарыма?

Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге көмектеседі.

3) Креативті тыңдалым. Тыңдалым бойынша жүргізілетін жұмыстардың алдын ала мәтіндерді тыңдатудан бастаған жөн. Тапсырма түрі де қарапайым: Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз. Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтіннің дұрыс тыңдалуына да байланысты.Оның көлемі үйренушінің қабылдауына әсер етеді.2-3 минуттық материалды І деңгейде үйренуші есінде толық сақтай алмауы мүмкін.Тыңдалым дағдысын қалыптастыру тілдің табиғи қолданысына, табиғи темпіне негізделуі қажет, ауызекі сөйлеу тілі стиліндегі мәтіндерді ұсыну; бақылау жұмыстарында әртүрлі тестерді ұсыну. Тыңдалым әрекетіне арналған тіл үйренушілердің креативті ойлауын дамытатын жаттығулар түрлері:

Дыбыстарды естіп, ажыратуға арналғанжаттығулар:

[ә] дыбысы бар сөздерді естігенде қолдарыңыздыкөтеріңіздер;

дыбысты естіп, әріп түрінде жазыңыз;

Сөздерді түсінуге арналғанжаттығулар:

мәтінде аталған жануарлардың суреттерінсалыңыз;

тыңдалған мәтіндегі кейіпкерлердің мамандығын анықтаңыз; кейіпкерлердің әуестігін атаңыз т.б.

Логикалық ойлай білу қабілетін арттыратынжаттығулар:

бірнеше сөзді тыңдап, осы сөздің бәрін бірақ сөзбентүсіндіріңіз;

диалогті тыңдап, түпнұсқалық қалпынакелтіріңіз;

тыңдалым мәтінінде қате айтылған сөйлемдерді дұрыс ретімен айтыңыз; мәтінде естіген оқиғаны рөлге бөлініп ойнапберіңіз.



Жазылым әрекетін дамытужаттығулары:

1) мәтінді тыңдап, түсіп қалған сөздерді жазыңыз; бірқатар сөздерді тыңдап, тек қана мағынасы бір-біріне жақын сөздердіжазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет