7 сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2021-2022 оқу жылы


Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту



бет3/9
Дата03.02.2022
өлшемі146,05 Kb.
#130634
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7 сынып КТП
ы.алтынсарин сыныптан тыс, 6 сынып, 6-сынып Әдебиет 2021, 5 сыныпКТЖ дұрысҚазақ әдебиеті қазақ мектебі, 1234, 2 сынып әдебиеттік оқу қмж[1], Пациент жағд бағалау тест, Бернулли теңдеуі, § 15. Күш импульсі. Импульс моментінің сақталу заңы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі, 4 так
Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту

Қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқытуда жаңа әдістемелік логика ұсталынады. Жаңартылған коммуникативтік бағыт тек коммуникативтік әдістерді атап қана қоймайды, әрбір коммуникативтік әдісті іштей кіші бөлшектерге бөліп, олар кіші дағдылар – оқу мақсаты түрінде әрбір сыныпқа төменнен жоғары қарай дамып, күрделене түсетін спираль түрінде жүйелі құрастырылды. Өйткені коммуникативтік бағытты ұстану үшін, мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара, жеке, жұпта, топпен, ұжыммен еркін түрде сұхбаттасуына лайықталып құрылған білім берудің жүйелі үдерісі қалыптасуы керек. Бағдарламада көрсетілген оқу мақсаттарының нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының өзара педагогикалық ықпалдасуы жаңа дәрежеге көтерілуі тиіс. Ол дәрежеге өзара сыйластық, іскери ынтымақтастық және сұхбаттасып отыру арқылы қол жеткізуге болады. «Субъекті - субъектілік» дидактикалық қарым-қатынасқа негізделген оқыту жүйесінде әрбір оқушы жеке тұлға деп танылады және олардың әрқайсысы қазақ тілін оқып-үйренуі барысында өзінің ішкі құндылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болуы міндетті болады. Мұғалім оқушылардың қазақша еркін сөйлеп, жазып, үйренуі үшін, түрлі интерактивтік әдістерді қолданып, бірге күліп, бірге коммуникативтік жағдаяттың шешімін іздеп, олармен эмоциялық жақын болуы керек. Ынтымақтастық, достық, сыйластық, түсіністік орнату – басты қағида болады. Психологиялық-педагогикалық ғылыми тұғырлары осы мақсатқа лайықталып НЗМ тарапынан әзірленген Оқулық пен Мұғалім нұсқаулығы бағдарламаның мақсаты мен мазмұнын толыққанды аша алады. Өйткені мұндай арнайы сабақтар жүйесі мен жаттығулар жүйесі бағдарламаның тікелей сәулеленген көрінісін танытады.

Осыған дейінгі бағдарлама кеңестік авторитарлық «субъектілік - объектілік» қатынас жүйесінен еш алыстамаған. Ал ондай оқушыны бағынышты объекті ететін білім беру үдерісінде шынайы коммуникативтікдағды қалыптастыру мүмкін болмайды.

Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері. Оқыту әдістерінсіз алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс алға қойған мақсат пен нәтижені біріктіретін, оқу үдерісінің жүрегі болып табылады. Оқыту үдерісі кезінде есту, айту, оқу және жазу секілді сөйлеу қызметінің білімі, дағдылары мен машықтарын дамытуға бағытталған коммуникативтік әдіс қолданылады

1. Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең белсенді әдістемелерінің ішінде жетекші орын алады. Ағылшын тілі үшін әдістің өзге атаулары – «оксфордтық» немесе «кэмбридждік» – қолданылады. Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Оқушыны басқа тілде сөйлесуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері оқушыға оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы

эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады. Коммуникативті әдісте оқушы мен мұғалім арасындағы психологиялық тосқауыл жойылады. Білім алушылар өздері мен мұғалім арасындағы қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, көңілді болса, оқушыларға өзге тілде сөйлей бастау оңайға түседі. Оқытудағы көптеген ойын элементтері сабақты жандандырады, оқушылардың эмоционалды көңіл-күйін сақтап отырады, олардың уәжін күшейтеді. «Жұптық», «үштік», «топтық» жұмыстар, тілдік ойындар, рөлдік ойындар, оқушыларға қызық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының барлығы мұғалімге оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге, сабақтарды шығармашылық және қызықты етуге және де сол мезетте мұғалім оқушыға сездіртпей, оқыту үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

–коммуникативті болып табылады, себебі олардың қатынастың 3 белгісі бар: ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері байланыс.

–түрлі әлеуметтік контекстер мен рөлдерді, қатынастарды түсінуге мүмкіндік береді.

– Жұптық және топтық жұмыстар – жиі қолда нылатын әрекет. Психологтердің анықтауынша, кез келген адам естігенінің – 10%, көргенінің

50%, істегенінің – 90%-н жадында сақтап қалады екен , сондықтан қатысымдық бағыттағы ойындар мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі ретінде рөл атқаруына ынталандырады. Коммуникативтілікке бағыттылған ұстаным – тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту болыпсаналады.

Шетел (АҚШ, Германия, Франция) әдістемесінде тіл оқытуда креативті ойлауды дамытудың келесі әдістері кеңінен тараған: креативті жазылым; креативті оқылым; креативті тыңдалым; креативті сөйлесім;

Креативті ойлауды дамытудағы оқыту әдістері белгілі дидактикалық жүйе түрінде көрінеді, бұған сәйкес оқу мақсаты – жүйе құрушы фактор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет