7 тақырып Бизнес жоспарлау



бет7/8
Дата27.10.2022
өлшемі32,97 Kb.
#155244
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 тақырып Бизнес жоспарлау

7. Маркетинггік жоспар. Маркетинг бизнесті табысқа жетелейтін маңызды жолдардың бірі. Көптеген кәсіпорындар тартымды өнім өндіргенімен, маркетингтің жоқтығына немесе маркетингтік бағдарламаның дұрыс жасалмауынан сәтсіздікке ұшырайды. Осы бөлімде өз жоспарының негізгі элементтері: тауарлар, нарықтар, әр түрлі өндірістің дамуы жөнінде түсіндіріледі. Мұнда маркетингтің мақсаты, міндеті, фирманың қандай маркетингтік стратегияны қабылдағаны туралы, тауарлардың жеке фирмалық дүкендер немесе көтерме сауда ұйымдары арқылы сатылатындығы, тауарларға қойылатын баға қалай анықталатыны және пайдалылық қандай деңгейде болатыны, сату көлемінің тұрақты өсуін, өткізу көлемін ұлғайту немесе жаңа тұтынушыларды ынталандырудың формалары есебінен, фирма және оның тауарлары туралы жақсы мәліметтерге қалай жетуге болатындығы жайлы ақпараттарды қарастырудан тұрады. Сондықтан бұл бөлім мынадай бөлімшелерден құрылады:
- маркетинг стратегиялары мен мақсаттары;
- баға белгілеу;
- тауарларды тарату схемасы;
- сатуды ынталандыру әдістері;
- сатудан кейін клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- жарнама;
- фирмалар және тауарлар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы.
«Баға – сапа – рентабельділік» параметрлері бойынша өзара байланыс сақталуы тиіс. Баға белгілеу кезінде бағалардың жалпы құрылымын әзірлеу, оның өзгеруі, баға стратегиясының жалпы пайдаға әсері ескеріледі.
8. Қаржылық жоспар. Бизнес-жоспардағы ең маңызды бөлім қаржылық жоспар болып есептелінеді. Қаржылық жоспар кәсіпорын немесе фирма қызметінің нәтижесін таныстыратын ең соңғы қорытынды бөлімі. Қаржылық жоспардың мақсаты ұсынылып отырған жобаның тиімділігін анықтау. Ол 3-5 жылға жасалады және оның негізгі көрсеткіштеріне сату көлемі, капитал айналымы, пайда, өзіндік құн және т.б. жатады. Бұл бөлімнің жоспарын құрған кезде мұқият түрде ішкі қаржылық операцияларды беру және оны жаңартып отыру талап етіледі. Қаржылық аспект ерекше білімді, атап айтқанда, бірінші кезекте бухгалтерлік есеп пен талдауды қажет етеді. Егер кәсіпорында қаржылық қызмет туралы білімі бар маман болмаса, қаржылық менеджерге басқа фирмалардан мамандар шақырылады.
Қаржылық жоспар табыстар мен шығындар жоспарынан, ақшалай түсімдер мен төлемдер жоспарынан, бірінші жылға баланстық жоспардан тұрады. Оны дайындау кезінде нақты ақшаның (қолма-қол) ағынына, кәсіпорынның тұрақтылығына, қаражаттар көздері мен оларды пайдалану жағдайына талдау жасалады. Көптеген кәсіпорындар үшін негізгі табыс көзі өнімді өткізу болып табылады, сондықтан қаржылық жоспар сату көлемін болжаудан басталады. Ал болжам жасау маркетингтік жоспарға сүйенеді. Табыстар мен шығындар жоспары бірінші жылдың айлары бойынша жанама шығындардың барлық баптарын бағалауды қамтиды. Жалақыға жұмсалатын шығындар қызметкерлер санына және олардың мамандығына байланысты. Еңбекақыны төлеу шығындары алдын-ала қарастырылып, жоспарға енгізілуі тиіс. Бизнестің өсуі мен дамуы қосымша шығындарды талап етеді, сондықтан барлық табыстар мен шығындар ескерілуі керек.
Қаржылық жоспардың маңызды элементі коммерциялық кәсіпорынның (фирманың) жұмысын шығынсыз талдау болып табылады. Ол екі тәсілмен жүзеге асырылады: формула пайдалану және кесте құру. Кәсіпкер кәсіпорынды құру немесе бизнес-жоспарды жүзеге асыру кезінде қашан алғашқы пайданы алатындығын білу қажет. Ол үшін зиянсыздық нүктесіне болжам жасалады, яғни кәсіпорын табыстары мен шығындарының теңесуі үшін қанша өнім бірлігін сату керектігін анықтау. Мұндай ақпарат жаңа кәсіпорынның өмір сүруінің алғашқы кезеңінде оны қолдау үшін қанша ақша қаражаты керектігін бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет