7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


-лекция Тамыржемістілер,бақша дақылдары,сүрлем дақылдар,егінді (екпе) шөптер, шабындық, жайылым



бет23/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекция-7

11-лекция Тамыржемістілер,бақша дақылдары,сүрлем дақылдар,егінді (екпе) шөптер, шабындық, жайылым
1.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар(қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс , мал азықтық сәбіз және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.
2.Морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясының ерекшеліктері.

1.Тамыржемістілер тобына жататын дақылдар және олардың ауыл шаруашылық малдарды азықтандырудағы маңызы.Мал азықтық дақылдардың ішінде құрамына қызылша, тарна, сәбіз, турнепс кіретін мал азықтықтамыржемістілердің маңызы зор. Тамыр жемістілер күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шырынды мал азығын береді. Бұл сауын малдарының сүт өнімділігі мен оның сапасын жақсартуға жақсы әсер ететін диетикалық мал азығы болып табылады. Тамыржемістер көмірсуларға, минералдықтұздар мен витаминдерге бай. Тамыр жемістілердің 100 кг қант қызылшасында-26 а.ө., мал азықтық қызылшасында- 12, тарнада -13, сәбізде -14және турнепсте 7-10 азықтық өлшем болады.
Мал азықтық тамыржемістілерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдары арқылы іске асырылуға тиіс. Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі.
2.Морфологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясының ерекшеліктері
Қант және мал азықтық қызылша. Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыржемістілерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары. Қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі оны мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы-оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендігінен бұл дақылдың өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.
Қызылша ала бұталар тұқымдасына жататын Веtа туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде таралған.
Қызылша-екі жылдық шөптесін өсімдік.Бірінші жылы себілген тұқымнан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен 7-10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8-10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі
Егін көгі шықаннан бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді "Қосқұлақ" кезеңі деп атайды.
Жақсы дамыған "Қосқұлақ" кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді.Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сағақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос-қостаң ал соңынан бір-бірден пайда болады. Өсіп-даму кезеңінде өсімдіктерде 50-70 тіпті 90-100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25-тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімді дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0-1,2 м-ге дейін жан-жағына тарайды
Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жеміс тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойнынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді кысқа болады да, топырақ бетінен шығыңқы орналасқан Қант қызылшасының сорттарында тамыр жеміс негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Жемісі-жаңғақша, пісерде бірнешеуі қабысып жеміс шоғырына айналады (2-6 жаңғақ-шадан тұрады). 1000 жеміс шоғырының массасы 20-50 г. Бір жеміс шоғырынан алты өсімдікке дейін өніп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет