73. Спектрлердің түрлері. Сутегі атомының спектрлік сериясы. Бор постулаттары


Магниттік резонанс. Ядролық магниттік резонанс. Мальюс заңы. Молекулалық спектрлер



бет7/11
Дата14.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#178801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
гос
Үлкен деректерді өңдеудің әртүрлі құралдарын қолдану, Үлкен деректерді өңдеудің әртүрлі құралдарын қолдану, Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері, Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформалар, Қашықтан оқытуға арналған веб-сервистік платформалар, 0-дік кесінді талдау 2021-2022 (копия), umkd tagam dai ndau tehnologiyas
78. Магниттік резонанс. Ядролық магниттік резонанс. Мальюс заңы. Молекулалық спектрлер.
Магниттік резонанс — зат бөлшектерінің (электрондардың, атом ядроларының) магниттік
моменттері бағдарларының өзгеруіне байланысты заттың белгілі бір жиіліктегі электрмагниттік толқындарды таңдап жұтуы. Магниттік моменті бар бөлшектің энергетикалық деңгейлері сыртқы магнит өрісінде магниттік қосалқы деңгейлерге жіктеледі; олардың әрқайсысына магнит өрісіне қатысты магнит моменттің белгілі бір бағдары сәйкес келеді (қ. Зееман эффектісі). Резонанстық жиіліктегі электр-магниттік
өріс қосалқы магнит деңгейлер арасында кванттық ауысу туғызады.
Егер элетр-магниттік энергияны жұту процесі ядролар арқылы жүзеге асса, онда Магниттік резонанс ядролық магниттік резонанс (ЯМР) деп аталады. Парамагнит атомындағы қосарланбаған электрондардың магнит моменті нәтижесінде пайда болатын Магниттік резонансты электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР) деп атайды. Магнит реттелген заттардағы электрондық Магниттік резонанс ферромагнит және антиферромагнит Магниттік резонанс деп аталады. Әдетте, қолданылатын магнит өрістерде (103 — 104 Гц) ЯМР-дың жиіліктері қысқа радиотолқындар диапазонына (106 –107 Гц), ал ЭПР жиіліктері аса жоғары жиілік диапазонына (109 — 1010 Гц) орналасады. Магниттік резонанстың спектрлері затта әсер ететін әр түрлі ішкі өрістерге сезімтал келеді. Сондықтан Магниттік резонанс қатты денелердің және сұйықтықтардың құрылымын, атом және молекулалық динамиканы, т.б. зерттеу үшін қолданылады
Малюс Заңы — анализатордан өткен сызықты поляризацияланған жарық қарқындылығының cos α-ге пропорционал азаятындығын өрнектейтін заң; мұндағы α — жарық поляризациясы жазықтығы мен прибор (анализатор) арасындағы бұрыш. Бұл заңды 1810 жылы француз физигі Э.Л. Малюс (1775 — 1812) ашқан. Егер І0 және І — анализаторға түсетін және одан шығатын жарық қарқындылықтарын сипаттаса, онда Малюс Заңы бойынша: І=І0cos2α түрінде орындалады. Өзгеше (сызықты емес) поляризацияланған жарықты екі сызықты поляризацияланған құраушылардың қосындысы түрінде қарастыруға болады. Олардың әрқайсысы үшін Малюс Заңы орындалады. Барлық поляризациялық приборлардан өтетін жарық қарқындылығы Малюс Заңы бойынша есептеледі, ал Малюс Заңы ескермейтін, α-ға тәуелді болатын шағылу кезіндегі шығындар басқа тәсілмен қосымша анықталады. Жарық қарқындылығын өлшеуге арналған оптик. құрал — поляризациялық фотометрдің құрылысы Малюс Заңына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет